Қазақтың ұлттық бренді

888Әрбір елдің менталитеті, дәстүрлі тағамдары, сусындары, өндіретін тауарлары сияқты өзіндік ерекшеліктері, бір сөзбен айтқанда – ұлттық брендтері бар.  Мысалы, солтүстіктегі алып көршімізді ақ аюлар, матрешкалар, құлақшын бөрік елі десек, оңтүстік-шығысымыздағы тағы бір көршімізді аспанасты немесе айдаһарлар елі деп атаймыз. Беларустар картобымен танылса, Австралия – кенгурумен, Франция Эйфель мұнарасы және жұпар исі мұрныңды жаратын әтір, иіссуларымен әйгілі. Ал біздің Қазақстан ше?!

999Қазірше ауыз толтырып айтарлықтай ештеңеміз болмағанымен, алдына әлемдік көштің алдыңғы отыздығынан орын алудай асқақ та батыл мұрат қойған Қазақстанда да бұл бағытта көптеген нақты істер жүзеге асырылып жатыр. 2011 жылдан басталған Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы соның нақты дәлелі. Бағдарлама отандық өндірісті дамыту мен жаңғырту арқылы оны өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы қатарына шығара отырып, тек ел ішінде ғана емес, шетелдерге де белгілі тауарлар өндіруге бағытталған. Өйткені біздің еліміз жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту бойынша орасан әлеуетке ие және оны барынша қолдау – отандық экономиканы дамыту тұрғысынан да, азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын артып бара жатқан жаһандық даму тұрғысынан да өте-мөте маңызды. 666Бүгінгі күні біз екі жүз аталымға жуық өнім түрлерін экспортқа шығарып отырмыз. Ал ҮИИД бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанды тек мұнай мен астыққа бай ел емес, сонымен бірге, ағылшын стейктері үшін – бал-ғын ет, италиялық спагетти үшін – сапалы ұн, француздың сән үйлері үшін – жұмсақ мата немесе Сауд Арабиясындағы мұнай құбырлары үшін құбыр илемдерін жеткізіп бере алатын жан-жақты дамыған өнеркәсіпті ел ретінде таныту. Қазірдің өзінде кәрі құрлықтың көшбасшысы саналатын Германиядағы азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен біздің ет кеспелерін, Испанияда – қазақстандық көксеркені, Швейцарияның мамандандырылған спортмаркеттерінен – велосипедті, Үндістан мен Еуроодақ елдерінде – көпшіліктің сүйікті тәттісіне айналған шоколадты, Нью-Йорктің шағын дүкендерінде отандық спорт костюмдерін көруге болады. Мұны жаңа брендтермен шетелдік нарықтарды бағындырудың алғашқы қадамдары деп бағалауымыз керек.
333Отандық ұлттық бренд бүкіл әлемде танымал болуы тиіс. Ол ақиқатқа айналуы үшін жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетумен бірге, өндіріс сапасының бәсекеге қабілеттілігі жөнінде де жұмыстар жүргізілуі қажет. Ол да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Жуырда жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша өткен «Ұлттық бренд – 2014» республикалық форумының қатысушылары бұл тақырыпты белсенді түрде талқылады. Шара кезінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстанда өндірілетін барлық өнімдер үшін бірегей белгі (логотип) әзірлеу бойынша байқау басталғанын жария етті. ИЖТМ вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың пайымдауынша, бұл қазақстандық брендтің танымалдылығын арттырады.
555«Бәйтерек» холдингі ұйымдастырған тренинг кезінде «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев қазіргі кезде Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік тауар белгілерін алға жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, агенттік жиі-жиі жарнама-тұсаукесер шараларын өткізіп, Қазақстанда және шетелдерде сатып алушылармен кездесулер ұйымдастырады. Оның үстіне, отандық өндірушілер үшін сыртқы нарықтарға шығаралатын өнімге байланысты шығынның 50 пайызын мемлекет есебінен өтеу мүмкіндігі бар. «2013 жылдың қорытындысы бойынша 51 қазақстандық компаия 181,09 миллион теңгенің қаржылай көмегін алды» дейді сарапшы. Бұл – индустрияландыру бағдарламасының нақты нәтижесін көрсететін айқын мәлімет. Отандық кәсіпкерлерге ҮИИДМБ беретін жеңілдіктер біздің астық жеткізушілерімізге итальяндық ұн өнімдерін өндірушілерді, Германия, Чехия мен ТМД елдерінен мата өндірушілерді табуға мүмкіндік береді.
altyn_adamДесек те, «Дорогой» журналының бас редакторы әрі «Уникальный Казахстан» интернет-жобасының жетекшісі Светлана Литвинова: «Ұлттық бренд жасау үшін белгілі бір жетістіктерге жеткен тарихы бар компания керек, ол бізде жоқ. Ана немесе мына бір елді көп жағдайда қандайда бір бірегей тамақ өнімінің атауымен байланыстырып жатады. Қазақстан авторлық белгімен орындалған қымыз немесе жылқы етінен жасалатын тамақ өнімдері сияқты өзінің ұлттық жеңсік астары немесе түпнұсқалық тамақ түрлерімен даралануына әбден болады. Өйткені бұл өнімдердің пайдалылығы мен экологиялық тазалығы баршаға белгілі. Сондай-ақ аң стилі және «Алтын адам» дәуірімен байланысты әшекей заттар мен бұйымдар сияқты тарихымызды танытатын өнімдер де ұлттық бренд болуы әбден мүмкін» дейді әріптесіміз. Айтпақшы, зергерлік бағытта бірнеше қазақстандық шеберхана әлдеқашан өздерін әйгілеп, халықаралық сарапшылардың, соның ішінде «ЮНЕСКО» 00001837қорының жоғары бағасын алғанын атап айтқан жөн.
ҮИИДМБ қорытындылары, егер келешекте бұл бағдарламаны сауатты, тиімді және нәтижелі жүргізетін болсақ, отандық тауарлар тек өз еліміздің ұлан-ғайыр аумағында ғана емес, сонымен бірге, шетелдердің дүкен сөрелері мен өндіріс орындарында лайықты орын алатындығын анық көрсетіп тұр. Ең бастысы, бірінші кезекте өзіміздің отандық өнімге деген сенімсіздігімізді жойып, оларды белсенді пайдалана бастауымыз керек. Бұл – отандық өңдеу өнеркәсібінің халықаралық нарыққа шығуына үлкен көмек болып, жақын жылдарда «қазақстандық бренд» тіркесінің күнделікті қолданылуын қамтамасыз етер еді.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

«Айқын»

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 − = 1

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>