«Абайды тану – бір ұлтты тану»

111«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
Н.Ә.Назарбаев.

«Абай әлемі» бағдарламасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы артында өлмейтұғын сөз қалдырған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 169 жылдығына орай «Абайды тану – бір ұлтты тану» атты әдеби шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың Абай шығармаларына деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, сөз қадірін білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Шара ақынның өмірге келуі туралы «Абай Құнанбайұлы» атты деректі бейнематериалмен басталды. 222Жүргізуші «Абайдың есімі қазақтың кең даласына түгел жайылды. Абай шығармалары бүгінде көптеген тілдерге аударылып, дүниежүзіне тарады, әлем халықтарының лайықты бағасын алды. Абай поэзиясы күндері Лондон, Париж, АҚШ, Қытай, Түрік мемлекеттерінде атап өтілді» – дей келе, алғы сөзді философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Алтай Тайжановқа берді. Ол өз сөзінде ең бірінші абайтанушы Әлихан Бөкейханов екенін атап өтті. «Одан кейін алаш зиялыларының бәрі жазды. М.Жұмабаев «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға» атты арнауын жазған. М.Әуезов Абайды зерттеп, үлкен еңбек қалдырып кетті. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы тек тарихи роман, көркем шығарма ғана емес, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, дүниетанымын, әсемдік әлемін, адамгершілік өлшемін осы романнан табуға болады…» деді академик.
№1 Абай атындағы қалалық кітапхана меңгерушісі Сандуғаш Амангелдина кітапхананың тарихына тоқталып, Абай ақынның есімімен аталатын кітапхананың халық арасындағы мәртебесінің жоғары деңгейде екенін жеткізді.
Шара барысында кітапхана оқырмандары ақын өлеңдерін, философиялық толғауларын, қара сөздерін мәнерлеп оқып, Абай әндерін орындады.
333Сонымен қатар, кітапханашы Р.Қарағұлованың Дағыстан еліне барған кезінде орындаған Абайдың «Көзімнің қарасы» әні арқылы Қазақ елін танытқан бейнематериалы көрсетіліп, содан кейін осы әнді қалалық №1 музыкалық мектебінің оқушысы А.Жақсыбай скрипкада тамаша орындап, көрермен ықыласына бөленді.
Бұл шарада автоматтандыру бөлімі дайындаған «Абай – адамзатқа ортақ тұлға» тақырыбында фото-шежіре көрсетіліп, абонемент бөлімінің кітап-ханашысы А.Мұқашева библиографиялық шолу жүргізді.
Әдеби кешті кітапхана директоры Н.Жұмағұл «Дана ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған. Бүгінгі таңда Абайдың арман – мұраты орындалып, халқымыз азат, еліміз бейбіт өмір сүруде. Біздің болашақ ұрпағымыз, сол Абай армандағандай білімді, еңбекқор, адамгершіліктері мол, өнерлі болсын деп тілейміз!» деп қорытындылап, шараға белсене атсалысқан оқырмандар мен қонақтарға алғысын білдірді.
Абай сөзі мен өсиеті, оның қағидалары мен тұжырымдары – кешегі, бүгінгі және ертеңгі қазақ баласы үшін жасампаз мектеп, «жүрегі – айна, көңілі – ояу» адамзат баласы үшін қасиетті қазына. Сондықтан да Абай жаққан сәулені алаулата берейік, ағайын!

Рысжан ҚАРАҒҰЛОВА

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Kelchoolo :

    Meilleur Site Achat Cialis viagra cialis Berodual Without Prescription

  2. Frederick :

    play casino game
    online casino real money
    best online casino games real money

  3. do i need a prescription to order viagra
    generic viagra coupons
    viagra sale high street

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + 9 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>