Аkjunis.kz сайтына қош келдіңіздер!

Ардақты ағайын!
Қадірлі қауым!
Akjunis.kz сайтына қош келдіңіздер!

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында арманның ақ желкенін керіп, ақпарат айдынына жаңадан «Ақжүніс-Астана» журналы қосылып еді. Содан бері журналымыздың сайтын ашуды жоспарлағанымызбен, бел шешіп кірісе қоймаған болатынбыз. Бірнеше материалдарды салып, жылы жауып қойғанымыз жасырын емес. Оған себеп – әлдеқандай заман болар екен деген қорқыныш. Сөйтсек, «көз қорқақ, қол батыр» деген рас екен. Құдайға шүкір, халықтың журналға деген қызығушылығы күннен-күнге артуда. Іздеушілер, сұраушылар, жаздырушылар көбейген сайын, журналдың болашағына деген сенім де беки түсті. Сайтымызды ашатын кез де келді. Сайтқа осыған дейін журналда жарияланған материалдар салынатындықтан, журнал жарыққа шыққан наурыз айындағы нөмірден бастадық. Барлық жазбалар түгел топталып бір жерде тұрсын деген ой. Яғни, әзірше сайтымыздан «Ақжүніс-Астана» журналының алғашқы екі санында – наурыз, сәуір айларында жарық көрген мақалаларды оқи аласыздар. Көп ұзамай-ақ кейінгі жазбаларды назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Akjunis.kz сайтына кіріңіздер, пікір қалдырыңыздар. Блогер ретінде тіркеліп, өз жазбаларыңызды жариялауларыңызға болады. Ол үшін редакциямызға қоңырау шалыңыздар: 8 (727) 234-73-94, 8 701 570 0400.
Біз сіздермен тығыз шығармашылық байланыс орнатуға дайынбыз.

Akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

259 комментариев