Ахметжан Есімов: Алматы – тілдің тұғыры

Аким (2)Ахметжан ЕСІМОВ,
Алматы қаласының әкімі

Жыл сайын мәуелі күзде, Қала күнімен де орайлас келетін «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесінің орны жылдағыдан биыл бөлектеу. Осы күні біз тіліміз бен діліміздің, жалпы рухани дамуымыздың бағыт-бағдарына назар салып, жетістіктеріміз бен келешек мақсаттарымызды анықтап алатын салт қалыптастырдық.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда Алматы қаласының орны ерекше. Алғашқы Тіл туралы заңның қабылданған, оны жүзеге асыру үшін қажет болған алғашқы шаралардың қолға алынған жері – Тәуелсіздіктің тал бесігі болған осы Алматы.
Тіл туралы заңның қабылданғанына жиырма бес жыл толып отыр. Бүгінде тарих қойнауына кеткен сонау қиын-қыстау кезеңде мұндай заңның қабылдануы біздің халқымыз үшін зор жетістік болатын. Елбасының табандылығы арқасында қабылданған Тіл туралы алғашқы заң – еліміз үшін үлкен тарихи маңызы бар құжат болды.
ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, соңғы 30 жылда жер бетіндегі 6,5 мыңнан астам тілдің 200-ге жуығы жойылды. Кеше ғана өзіміз құрамынан шыққан Кеңестер Одағында 1926 жылы 194 тіл болса, 1980 жылдары 101-і ғана қалыпты. 50 жылда жартысы келмеске кеткен. Сондықтан да бұл заңның сол кезде қабылдануының зор мәні болды. Ал оның қандай күшпен, қаншалықты күреспен қабылданғанын әсіресе, аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі. Осы заңның арқасында тарихта тұңғыш рет қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланып, мемлекет қамқорлығына алынды. Соңғы деректерге сәйкес, жаңа айтқанымыздай 6,5 мың тілдің ішінде қазақ тілі қолданушылар саны бойынша 87 орынды иеленеді екен.
Тәуелсіздігімізді жариялағалы бері Елбасының басшылығымен елімізде біртұтас мемлекеттік тіл саясаты қалыптасты. Осынша жыл ішінде тіл мәселесі Нұрсұлтан Әбішұлының назарынан бір сәт те тыс қалған емес. Ол үнемі тіл туралы, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы келелі ойларын көпшіліктің ортасына салумен келеді. Тамыз айының соңында қасиетті Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Тіл туралы заңды қолданып, өзімізбен-өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек» деді. Бұдан артық қалай айтуға болады.
Қазіргі әлемдегі саяси ахуал, дүрбелеңге толы дүние – біздің тіл туралы заңды мезгілінде және дұрыс қабылдағанымызды көрсетіп отыр.Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік органдардың басты міндеті – тіл саясатын жүргізуге қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау. Еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына байланысты тіл саласын қаржыландыру көлемі де жыл сайын ұлғайып келеді. Ол өз кезегінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін және тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін нығайта түсуде.
Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, мемлекеттік тілді меңгерген қала тұрғындары-ның үлесі 62 пайызға жеткен. 2006 жылғы зерттеулер бойынша бұл көрсеткіш 33 пайызды құраған болатын. Қазір алматылық өзге ұлт өкілдерінің 22 пайызы қазақ тілін еркін біледі. Ал тұрмыстық қазақ тілін білетіндер саны өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артып, мемлекеттік тілді мүлдем түсінбейтіндердің саны 4,5 пайызға азайған.
Соңғы жылдары Алматы қаласында салынған білім ошақтарының дені сұранысқа сәйкес негізінен қазақша мектептер. Бұл – қазақ тілінде білім алғысы келетіндердің көбейгенін көрсетеді.Тәуелсіз Қазақстанда өсіп келе жатқан, замана үрдісін, еңбек нарығының сұранысын бағамдай білетін жас буын мемлекеттік тілді үйреніп-меңгеруге аса ынталы. Қала тұрғындарының 90 пайызы «Мемлекеттік тілді білу – жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді» деп санайды.
Қала бойынша бүгінде 201 мемлекеттік мектеп бар. 1989 жылы Алматыда 7 ғана қазақ мектебі болса, қазір олардың саны 62-ге жетті. Оған қоса 68 аралас мектеп бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаламызда қазақша оқитын балалар саны бар-жоғы 8 мың ғана болатын. Бүгінгі күні олардың саны 12 есеге артып отыр. Қазір Алматы мектептерінде 90 мыңнан аса оқушы қазақша оқиды. Сонымен қатар сол кезеңде жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқыту тек педагогикалық мамандықтарға ғана тән болатын. Қазір барлық мамандықтар бойынша қазақша топтар ашылған. 1989 жылы қазақ тілінде оқитын студенттер 4 пайызды құраса, қазір 51 пайызға жеткен.
Тіл мәселесін балабақшадан бастау қажет деген сөзіміз нақты іс арқылы нәтижесін бере бастады. Бүгінгі таңда қаламыздағы балабақшаларда орыс тілінде тәрбиеленіп жатқан балалардың саны – 15 мың болса, қазақша тәрбие алатын балалардың саны 30 мыңның үстінде. Бүлдіршіндердің 70 пайызы қазақ балабақшасына барып жүр. Қуанарлығы, 7054 өзге ұлт өкілдері балаларын қазақша тәрбиелеуге беріп отыр.
Осы ретте ортаға мынадай бір ой тастағым келеді. Елбасымыз «үш тұғырлы тіл» жобасын
ұсынып, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар жас ұрпақтың алдына үш тілді қатар меңгеру талабын қойды. Ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бәрін тілді үйретуі жағынан бірдей қалыпқа, бір стандартқа келтіруміз қажет. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар кез келген балабақшада үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеретіндей жағдайға жеткізуге тиіспіз. Уақыт бізден осыны талап етіп отыр.
Қазақ тілін сапалы меңгертуге қатысты жұмыстарға басым көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні тілді үйретуге арналған әдістемелік құралдарға деген тапшылық жойылды. Балабақша тәрбиешілерінің ұсынысын және қоғамдағы сұранысты ескере отырып, 3D форматында графикалық тәсілмен жасалған қазақ тіліндегі 10 минуттық мультфильмдердің 205 сериясы жарық көрді. Бұл өнімдер қаладағы барлық балабақшаларға тегін таратылып, республикалық телеарналардан жүйелі көрсетіліп келеді.
Баршаға таныс «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» анимациялық фильмдері жасалып, қала балабақшаларында көрсетілуде. Биылғы жылы бүлдіршіндерді «Ер Төстік» ертегісі мен «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» секілді лиро-эпостық жырлардың анимациялық нұсқасымен қуантамыз. Ұлттық нақыштағы мультфильмдер – жас ұрпақ тәрбиесіне аса қажетті құралдардың бірі. Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы баланың туған тіл, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттырады.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені жарыққа шықты. Бұл – республикамызда тұңғыш рет қолданысқа енгізілген, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңа бағыттағы инновациялық тіл үйрету құралы. Бұл жоба биылғы жылы ересектерге тілді оқыту курсына арналған оқу-әдістемелік кешенін әзірлеумен жалғасын тапты.
Заң қабылданған 1989 жылы мемлекеттік органдарда қазақ тілінде құжат ресімдеу сирек құбылыс болатын. 2006 жылы бұл көрсеткіш 36 пайызға жетті. Қазір Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 78 пайыздан асты. Күнделікті қызмет бабында мемлекеттік тілмен жиі ұшырасатын қала тұрғындары қазір мұны қалыпты жағдай деп қабылдайды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан мұндай нәтижелі істерге мысал көп. Тіл саясатына баға бергенде, ең алдымен, осындай оңды істерді ауызға алу керек. Айналып келгенде осының бәрі – біздің егемен еліміздің мемлекеттік тіл саясатының жемісі. Жекелеген азаматтар біздің ең қастерлі де қасиетті рухани құндылығымыз – тілді саяси құралға айналдырғысы келеді. Саясатқа айналған жерде тілдің ұлттар мен ұлыстардың арасына сына болып қағыларын жете сезіне бермейді. Ондай пиғылға жол бермеуіміз керек.
Конституцияға, Тіл туралы заң талаптарына сәйкес қаламыздағы түрлі этнос өкілдерінің де ана тілдерін оқып-үйренуіне барынша жағдай жасалған. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тілмен бірге кәріс, шешен, неміс, поляк, түркімен сынды тілдерді оқытатын жексенбілік мектептер жүйелі жұмыс істеп келеді.
Бізге, ең алдымен, елдің берекесі, ынтымағы мен бірлігі қажет. Тіл саясаты – текетірестің емес, татулықтың құралы болуы тиіс. Сондықтан да біз өзге ұлт өкілдерінің де мүддесін естен шығармауымыз керек.
Әрине, бұл салада әлі де күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелер жоқ емес. Жылдар бойы қалыптасқан тілдік ахуалды аз уақыттың ішінде түбегейлі өзгерту мүмкін де емес. «Батпандап кірген дерт, мысқалдап шығады» деген сөз бар. Бұл орайда елдегі нақты жағдайды, әлемдегі ахуалды барынша ескеруміз шарт.
Тіл саясаты жыл сайын жаңа қарқынмен қанат жайып келеді. Оны жүйелі түрде жетілдіре отырып, тиімділігін арттыра түсу қажет. Елбасының: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі де сондықтан. Міне, бәріміздің бас қосып ойланатын, тізе қосып әрекет ететін тұсымыз осы.
Бүгінгі күні Алматыда жүзеге асып, республикамызға кең таралып жатқан өнегелі істер аз емес. Еліміздің ең ірі ғылыми, біліми, мәдени орталығы болып саналатын Алматының зиялы қауымы үшін бұл – ел алдындағы абыройлы жа-уапкершілік.

«Ақжүніс — Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 пікір

  1. Cialis Au Meilleur Prix cialis buy online Ciao Finasteride Propecia

  2. Kelchoolo :

    Propecia Panic Attacks Anxiety And Depression cialis Finasteride Arginina Propecia

  3. Lowellsig :

    cheap generic viagra overnight delivery
    sildenafil citrate 100mg
    buy viagra hua hin
    [url=http://sildenafilbdf.com/]best price on viagra 100mg[/url]
    cheap viagra at tesco

  4. order viagra india online
    generic viagra
    cheap viagra london

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 − 7 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>