Сол кезді сағынамын…

222– Журналистикадағы өміріңіздің қай кезеңі өзіңізге көбірек ұнайды? Неге?
– Мен журналистикада жолы болған бақытты адаммын. Негізгі мамандығым театртанушы. Журналистикаға кештеу келдім – 29 жасымда. «Қазақ әдебиеті» газетінде істедім, нағыз журналистиканың қыр-сырын осы кезде үйрендім. Өзіңіз білесіз, «Қазақ әдебиеті» газеті – 80 жылдық тарихы бар, «нағыздардың нағызы» істеген, абыздардың ізі қалған киелі мекен. Тіпті, Жазушылар одағына кіруге кәдімгідей именетінмін, әр күні оң аяғыммен аттап, «бісмілләмді» айтып, сол ақ ордада рухы қалған ұлы ақын-жазушылардың есімдерін іштей күбірлеп, әруақтарына бас ие табалдырықты аттайтыным есімде.
Бас редактор Жүсіпбек Қорғасбек бастаған ұжым да ерекше еді. Әмірхан Меңдеке, Тұрсынжан Шапай, Қуанбек Боқаев, Аманхан Әлім, Ғалым Боқаш, Әмірхан Балқыбек, Думан Рамазан, Қасым Аманжолұлы сынды қазақтың тұлғалы азаматтарымен әріптес болғанымды мақтан етемін. Бір жылға жетер-жетпес істесем де, «Қазақ әдебиеті» мен үшін үлкен мектеп болды. Мақала жазуды, редакциялауды маған сол газет үйретті. Түкпірде корректорлар бөлмесі болушы еді, ол жерде Гүлжан апай, Рыскүл апай, Ақмарал апайлар газет беттерін қайта-қайта оқып, қатесін «тазалап» отырушы еді. Ол апайларымнан корректорлықтың не екенін үйрендім. Сол түкпірдегі бөлмеде түс мезгілінде жинала қалып, шүйіркелесіп отырып шай ішетінбіз. Бір сағаттық түскі үзіліс кезінде небір «сен тұр, мен атайындар» жиналып, талай әңгіме айтылушы еді, Аманхан аға өлең оқитын, саяси жаңалықтарға Ғалым Боқаш «қарық» қылатын. Жазғанда сойып салатын Әмірхан Меңдекенің, мақтамен бауыздайтын Тұрсынжан Шапайдың былайғы өмірде юморы өзгеше еді. Марқұм Әмірхан Балқыбектің әдебиетке, өлеңге деген, білімге деген құштарлығы таңғалдыратын. Әзіл-қалжыңдары жарасқан, бір-біріне деген сый-құрметі айрықша орта болды. Бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті, бауырмал едік. Күн сайын қазақ әдебиетінің небір мықтылары бірі келіп, бірі кетіп жататын. Сол кезең мен үшін ыстық, сол кезді жиі еске алып, сағынамын. Өйткені ол орта – таза, іштарлық пен көреалмаушылықтан ада, бір-біріне тілеулес орта болды. Сол орта маған адамшылық пен махаббаттың не екенін көрсетті…
– «Ақжүніс» кезіңізді сағынасыз ба?
– Сағынамын деп те, сағынбаймын деп те айта алмаймын. Ол да бір өткен кезең деп қана еске аламын. «Ақжүніс» – мен эфирден көрінуді, жұлдыз болуды мақсат еткеннен, танымалдылықты көксегеннен пайда болған дүние емес. Құдай тағала өзі қиюын солай қиыстырып әкелді де, мені эфирден бір-ақ шығарды. Демек, «Ақжүніс» қазақ қоғамына, қазақ әйеліне дәл сол кезеңде өте керек дүние болды және сол дүниені мен жасауға міндетті едім. Әрине, «сегіз қызым бір төбе, Кенжекейім бір төбе» демекші, «Ақжүністің» мен үшін орны бөлек. Себебі, «Ақжүніс» – нағыз халықтық сипат алған бағдарлама болды. «Ақжүніс» маған көп нәрсе үйретті, көп нәрсе берді… Ол кезең туралы, сол кезде жасаған бағдарламаларымыз туралы, кейіпкерлеріміз туралы таңды таңға ұзатып әңгімелеуге болады. Мен бір-ақ нәрсе айтайын: «Ақжүніске» шыққан көптеген қонақ, көптеген әнші сол бағдарламаның арқасында танымал болды, олардың ары қарай жоғары өрлеуіне менің «Ақжүнісім» алғашқы баспалдақ болды. «Ақжүністің» тақырыбына лайықтап жаңа ән жаздық» деп келген қаншама әншінің әлеуметтік тақырыпта жаңаша ізденуіне түрткі болды. Тіпті, жай ғана аудиторияда, массовкада отырып, ерекше пікірімен көзге түскен жап-жас студенттердің арасында да жолы ашылып, ары қарай тележүргізуші болып кеткендері баршылық. «Талант іздейміз» деп жаһанға жар салмай-ақ, келген таланттардың аяғынан тартпай, жылт еткен бірдеңесі болса, шығаруға тырыстым. «Ақжүністен» дипломдық жұмыс жазған студенттер болды. Арнау өлеңдер де, тіпті, Оразақын Асқар ағамыз «Жұмбақ қыз» деген поэма да жазды. Олардың бірде-бірі арнайы тапсырыспен жазылған жоқ, өз жүректерінен туған шынайы шығармалар еді. Шығармашылық ұжымдағы, техникалық ұжымдағы әріптестерімнің де кейбірі «Ақжүністің» арқасында көтерілді. Қысқасы, «Ақжүніс» тек маған ғана емес, талай қазаққа «ақжолтай» хабар болды. Сол үшін де кейде кеудемді мақтаныш сезімі кернейді – жұртқа сәл де болса пайдам тигеніне көңілім марқайып, іштей қуанып қаламын…
Сәуле ӘБЕДИНОВА

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. how to buy viagra in london
    viagra without doctor
    order viagra online overnight delivery

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 − 1 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>