Жетімнің жұмбақ өлімі (Хикаят)

IMG_0521Бектай мен Самал бақытты отбасы еді. Екі қыз бен екі ұлдың ата-анасы. Солардың былдырлаған тəтті қылықтары оларды бақытқа жетеледі. Төрт перзенттің бірі тілі шықпай, мылқау болды. Сол қиындыққа да мойымай, сол ауырлықты да көтеріп ауыл ішінде қарапайым күн кешті. Төрт баладан басқа қолдарында Бектайдың кəрі анасы болатын. Кəрі анасы да жастайынан соғыстың зардабын шегіп, тауқыметін тартқан жан еді. Төрт баламен біреуден ілгері, біреуден кейір ғұмыр кешіп жатты. Самал жас кезінен аурушаң болатын.  Сол ауру Самалды меңдеп алды. Күн өткен сайын ауру асқынып, Самал төсек тартып жатып қалды. Самалға буыны қата қоймаған қос егіз ұлы мен қызы қамқоршы болды.
Сондай бір аурумен арпалысқан күздің ызғарлы күні меңдеп, асқынған ауру ақыры Самалды жеңіп тынды. Самал бір-ақ күнде о дүниелік болып кетті. Жарының өмірден өткені Бектайға ауыр соққы болды. Бектайдың да денсаулығы мәз емес еді. Үнсіз іштей күрсініп, ішқұса болып Самалдың соңынан Бектай да мəңгілік өмірге аттанды. Төрт бірдей балапанын кəрі анасына табыстап жарық дүниемен қош айтысып кете барды. Аңырап ұлы мен келінін қара жерге қимай зар еңіреп кəрі шеше қалды.
«Шиеттей төрт баланы кімге қалдырдыңдар, неге сендерді алғанша мына қара жер мені алмады, сендерді алған қара жер сендермен тойына ма?! Мен асарымды асап, жасарымды жасадым. Неге асықтыңдар?!.» деп зарлаған кəрі кемпірдің зары дүйім елдің сай-сүйегін сырқыратты. Бектай мен Самал мəңгілік мекенге аттанып кете барды.
Күн артынан күн, ай артынан ай жылжып өте берді. Бектай мен Самалдың орны ойсырап бос қалды.20120331121232
Төрт бала мен кəрі əжеде үн жоқ, іштей күрсіну мен өксікпен өмір өтіп жатты. Қыс тақап, суық күндер басталғанда Бектайдың шаңырағына əпкесі Əсем екі баласымен келіп, анасының қолында тұрды. Əсем күйеуден шыққан, екі баласы бар нағыз сұмпайының өзі болатын. Əсем сол үйге иелік етті. Үй-ішін тазартып, төрт баланы бауырына басып, басынан сипап, жаны ашығандай кейіп танытты. Ал шындығында оның көзі Бектайдан қалған қора толы малда болатын. Оның көкейін тескен сол байлық болды. Бектай мен Самалдың қырық күндік асы бірге беріліп, адам аяғы саябырсып, тыншыған соң Əсем сол үйге өз билігін орната бастады. Бəрін билеп-төстеді. Қыстың аязында мылқау қызға ауыр шелекпен су тасытып, мал суғартты. Қалған үш баланың еншісіне үй айналасының қарын тазалап, сыпыруды бұйырды. Олар кешке дейін нəр татпай, далада жүрді. Əсемде жанашырлық деген сезім болмады. Ал өзінің қос ұлы қалада оқып, сайран салып жүрді. Кəрі əже немерелеріне жаны ашығанымен, оны тыңдар Əсем болмады. Дəл солай күндер жылжып өте берді. Бектайдың үш баласы мектепке бару дегенді ұмытты. Барса барды, бармаса апталап мектеп бетін көрмейтін халге жетті. Олар ата-анасы барда мектептің белсенді оқушылары болатын. Азулы əпкенің қаһарынан қорқып мектепті де, баяғы бақытты күндерді де ұмыта бастады. Балалар қора тазалап, қар күреп кешке дейін далада жүрді. Кеше екі тілім нан мен бір кесе ыстық сүт ішіп төсекке құлай кететін. Үлкен қыз бауырларына жаны ашып, көмектескені үшін талай рет соққының астында қалды. Байғұс қыз көк ала қойдай болып, жанары жасқа толып бауырларына жалтақтап қараумен өмір сүре берді. Сұмпайы Əсемге «əй!» дейтін əже, «қой!» дейтін қожа болмады. Болған күнде де Əсем оларға құлақ аспайтын, нағыз қаныпезер болатын.
DETAIL_PICTURE__63949788Қыс өтіп, көктем келді щуағын шашып. Бірақ келген көктем жетімдерге жылы шырай таныта қоймады. Көктемгі жұмыс оларды бұрынғыдан да қатты қажытты. Көктемгі егіс, жер жырту, күзде түскен жапырақтарды сыпыру, тазалау Бектайдың төрт баласының мойнында болатын. Əсемнің екі ұлы ақсаусақ, қаладан келіп шешесі дайындап қойған ақшаны алады да, қайта кетеді. Өкіметтен жетімдерге бөлінген бар қаражат пен кəрі шешенің зейнетақысы Əсемнің уысына түсетін. Ол сол ақша мен қора толы малды сатып екі баласын жоғары оқу орнында оқытты. Ал Бектайдың мектеп жасындағы балаларының оқуы оны қызықтыра қоймады. Көктем өтіп жаз келді, сол баяғы сұрықсыз күндер. Жетім балалар үшін ештеңе де қызық емес. Жалғыз жанашырлары кəрі əжелері болғанмен, қауқарсыз қартты тыңдар азулы қызда мейірім болмады. Күндердің күнінде Бектай мен Самалдың жылдық асын беру ойластырылды. Ағайын, туыс жиылып, көмек қолын созып, жəрдем берді.  Дегенмен, бар салмақ баяғы Бектайдың төртеуінде. Мылқау қыз тынымсыз, енбекқор болатын. Оның тілі сөйлемегенімен, ішкі жандүниесі сайрап тұратын, бəрін түсініп, ұғатын.
Қаһарлы əпке сол қыздан қатты намыстанатын. Үйіне қонақ келсе мылқау қызды қораға қамап тастайтын. Қораға апарып тамақ беретін. Мұны естіген туған-туыс жағасын ұстады. Айтар ауыз табылғанымен, тыңдар құлақ болмады. Себебі Əсем обал, сауап дегенді білмейтін. Ондай сөздерге құлақ аспайтын. Ол адамдарды аяуды, оларға жаны ашуды сезінбейтін.
Бектай мен Самалдың жылдық асы да бір күнде берілді. Ағылып келіп жатқан құда-жекжат, туыс, туған, ағайын. Бір-біріне көңіл айтып, хал сұрасқан адамдар. Сондай сəтті пайдаланған Əсем мылқау қызды қораға апарып қамап келді. «Неге олай жасайсыз?»  деп сұрайтын қызда тіл жоқ, жанары жасқа толып, қасына бірге алып кірген аппақ мысығын құшақтап қала берді.
Ас беріліп адам аяғы саябырсығанда Əсем ыдысқа тамақ салып, қорадағы жазықсыз жанға апарып берді. Таңнан нəр татпаған мылқау қыз мысығымен бірге əлгі тамақты жеп алды. Ал қатыгез əпке есікке қайта құлып салып шығып кетті. Қонақтар бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Бектайдың үлкені тілсіз бауырына қанша барғысы келгенімен, сұмпайы əпкенің қаһарынан қорықты. Үнсіз іштен тынып, жүрегі қан жылап, қора жаққа жаутаңдап қарай берді. Жүрегі бір сұмдықты сезгендей. Келген қонақтар тарқап, үйде баяғы адамдар өздері ғана қалды. Мылқау жан қорада. Оның қорада екенін Əсем ұмытқандай. Түн болып, ел ұйқыға жатты. Бектайдың үлкен егіз ұлы мен қызында ұйқы жоқ. Түн бойы көз ілмей қора жаққа барып тың тыңдап қайтты. Не мияулаған мысықта, не ыңырсыған мылқау қызда дыбыс жоқ. Жүректері бір сұмдықты сезгендей. Не болса да таңның атуын күтті. Күткен таң да бозарып атты. Ел ұйқыдан оянып, мал жайғап, малды өріске жіберіп, тіршілік басталды. Керіліп Əсем де ұйқыдан тұрды, асықпай жуынды. Таңғы шəйін ішті. Шəй үстінде кəрі шешесі жазықсыз жанды қорадан шығаруын өтінді. Сол кезде барып қорада мылқау қыз бары есіне түскендей таңырқады. Орнынан тұрып, асықпай басып, еріне есік ашты.
Сұмдық-ай! Қораның екі бұрышында мылқау қыз бен мысық бүктеліп өліп жатыр. Бектайдың екі егізі 55928бауырларының өлігін құшақтап үнсіз егілді. Ал Əсемнің сол кезде көзінен бір тамшы да жас шықпады. Бауырларын құшақтап жылаған қос жетімді жұлқылап, ажыратып алды. Бауырларының неден, не үшін өлгені оларға жұмбақ болып қалды. Бұл жұмбақтың шешуі тек Əсемге аян. Сөйтіп əке-шешесінің жылдық асын берген күннің ертеңіне бауырларын жер қойнына беріп, зар еңіреп, кіші бауырларын ертіп Бектайдың егізі өз үйлерін, туған жерлерін, қара шаңырақтарын тастап кетіп тынды. Бет алыстары Самалдың қаладағы інісінің үйі болатын. Себебі жауыз əпкенің күн бермейтініне көздері жетті. Ал мылқау қызға қара жер қойнына тапсырылғаннан кейін ешқандай жөн-жоралғы жасалмады. Əке-шешемізбен мəңгі бірге болсын деп Бектай мен Самалдың қасына орналастырды.

Қалаға қарай бет алған Бектайдың қалған үш жетімі қатал да, қаһарлы өмірден біржолата кетіп тынды.
Ал екі-үш айдан соң кəрі əже де өмірден өтті…

Мақпал ӘЛИХАНҚЫЗЫ
«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 3 = 2

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>