«Дана бабам, дара тұлғам – Әйтеке би»

IMG_6941

«Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық –
балаларының болашағын да қамдай алады».
Н.Назарбаев.

Биыл қазақтың данышпан биі, көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлының туғанына 370 жыл толып отыр. Елімізде ата-баба рухына бағышталған көптеген ауқымды шаралар өткізілуде. Осы орайда Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әйтеке би атындағы облыстық мейірімділік қорымен бірлесе отырып «Дана бабам, дара тұлғам – Әйтеке би» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Конференция жұмысына Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.М.Ермұқан, Әйтеке би атындағы облыстық қоғамдық мейірімділік қорының төрағасы Е.Ж.Құрманбек, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар, Әйтеке бидің ұрпақтары, еңбек ардагерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының тарих пәнінің оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің мұғалімдері, кітапханашылар, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуды Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан ашты.
IMG_6935Ғылыми жиында ҚР Мәдениет қайраткері, Әйтеке би атындағы облыстық мейірімділік қорының төрағасы, Құрметті профессор Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы «Әйтеке бидің ғұмырнамасы және оны есте сақтау» тақырыбында баяндама жасап, конференцияны жүргізіп отырды.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы – «Әйтеке би және қазақ мемлекеттілігі», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Асан Жұбаназар – «Әйтеке бидің билік сөздері», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Өтемісов Бақтыбай – «Әйтеке би: деректер дәйектемесі», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Смағұлова Асыл Смағұлқызы – «Әйтеке бидің билік шешімдерінің құқықтық тағылымдары», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Құрманбекова Мәншүк Беркінқызы – «Культурное наследие
Айтеке би и его роль в национальном воспитании», Қазақстанның еңбегі сіңген мал дәрігері, Республика оқу ісінің үздігі Қалтаев Сарсеналы – «Әйтеке би бабамыздың ұрпақтары», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, елордалық «Астана» журналының лауреаты Баймұханов Болат Шағырбайұлы – «Әйтеке биді тану – тарихты тану», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, философия магистрі Отаралиева Гүлшат Еңсепқызы – «Әйтеке би идеяларының бүгінгі күнмен сабақтастығы» тақырыптарында ғылыми баяндамаларды жасап, Әйтеке би өмір сүрген кезеңнің ерекшелігін, қазақ халқының әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі туралы жан-жақты талдады.

IMG_7019Облыстық Әділет департаментінің бас маманы Гүлбақыт Райымқұлова «Жеті жарғы заңының мәні», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Мәмбетов Убайдолла Есенұлы «Жеті жарғы» заңының саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық маңызы» атты баяндамаларында Әйтеке би – «Жеті жарғы» заңын жасаған бас билердің бірі екенін және бұл заңдар жинағы қазақ қоғамын нығайтуда басты рөл атқарғанын айтты.
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің туған халқының зар-мұңын айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай деп жазады: «Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері».
IMG_6951Осы шараға арнайы «Әйтеке би – ұлт кемеңгері» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге библиографиялық шолуды кітапхана қызметкерлері Г.Алатаева және Г.Бейісова жүргізді. Сондай-ақ, автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері дайындаған слайд және «Әйтеке бидің ақ жолы» деректі фильмінен үзінді көрсетілді.
Қазақтың кең даласының жанға жайлы, салқын самал, таза ауасындай ойға қонымды, ақылға сыйымды қайталанбас шешендік сөздерді дүниеге келтірген от тілді, орақ ауызды, қарақылды қақ жарған Әйтеке бидің еліміздің келешегі үшін жасаған ерен еңбегін, сондай-ақ, ұлан-байтақ даламыздың, ұлағатты халқымыздың асыл мұрасы, алтын қазынасы – салт-дәстүрін, тарихын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау – кітапхана жұмысының негізгі міндеттерінің бірі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жарқын болашақ – жастардың қолында» деп атап көрсеткендей, өткізілген мәдени-көпшілік шаралар тәуелсіз Қазақстан Республикасының келешегі жастар, оның ішінде Ақтөбе өңірі жастарына патриоттық және мәдени тәрбие беру ісі тарихи тұлғаларды насихаттаумен ұштастырыла жүргізілуде. Тағдыры талайлы еліміздің тәуелсіздікке дейінгі жетістігін дәріптей отырып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, отаншылдық сезімін ояту, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру мақсатындағы шараларға кітапханашылар да өз үлестерін қоса бермек.

Айгүл ҚЫРЫМҚҰЛОВА,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директордың орынбасары

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 пікір

  1. order viagra boots
    generic viagra 100mg
    buy viagra uk boots

  2. order viagra online us
    viagra generic
    where do i buy cheap viagra

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 4 = 12

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>