Ұлылардың аманатын арқалаған

22351Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толды. Одақтың іргетасын осыдан 80 жыл бұрын Сәкен, Бейімбет, Ілиястай алыптарымыз қалаған. Сөз жоқ, бұл үлкен мереке, үлкен тарих. Содан бері ұлылардың аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, өзінің ел алдындағы және мемлекет алдындағы борышын адал атқарып келе жатқан сол одақ кейінгі қаламгерлердің бағаналы орда – басты ордасына айналды.

Алаш зиялыларының ішінде Жазушылар одағының жұмысын жандандырған қайраткерлер аз емес. Олардың қатарында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сынды арыстарымыз бар. Қазақстан Жазушылар одағының тарихы Қазақстан пролетариат жазушыларының қауымдастығы болып құрылған кезеңнен басталады. 1925 жылы қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып Сәкен Сейфуллин бекітілді. Ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру, пролетариат жазушыларының бүкіл Қазақстанның бірінші конференциясын өткізу тапсырылды. 1932 жылы Орталық комитеттің әдеби көркем ұйымдарды қайта құру туралы қаулысы негізінде Қазақстан өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады. Осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды. Ұйымдастыру бюросының төрағалығына Ілияс Жансүгіров тағайындалды. Қазақстан Кеңес жазушыларының бірінші съезі 1934 жылы 12-18 маусым аралығында өтті. Одаққа 1935 жылы Ғаббас Тоғжанов, 1936 жылы Сәбит Мұқанов жетекшілік етті.
Сол қасиетті ордаға биыл – 80 жыл.
3 қараша күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты пленум болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Шара аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
«Жазушылар Одағы – 700-ден астам қазақстандық ақын-жазушының басын қосқан еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі. Одақ – еліміздің мәдени өмірінің дамуына, моральдық және рухани құндылықтардың нығая түсуіне, жастар тәрбиесіне зор үлес қосып отырған іргелі ұжым. Жазушылардың бүгінгі буыны – Қазақстан әдебиетінің кешегі Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Морис Симашко, Иван Щеголихин сынды көптеген көрнекті тұлғаларының баға жетпес мұраларын лайықты жалғастырушы ізбасарлар. Рухани кемелдену, жалпыұлттық құндылықтарды дамытып, бейбітшілік пен келісімнің асыл мұраттарын ұлықтау – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеттерінің бірі. Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене араласатын зиялы қауым осы міндеттерді орындауда шешуші рөлге ие. Қазақстан Жазушылар Одағы алдағы уақытта да өресі биік зиялыларымызды елдік істерге ұйыстыра беретініне сенемін», – делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтауында.
Пленумда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы 20141103193847 (1)Нұрлан Оразалин баяндама жасады. Салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменов, КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі
Әшімов, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынов сөз сөйледі.
Сондай-ақ, айтулы мерекеге Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы, «Кардеш Калемлер» журналының бас редакторы АлиАкбаш, Түркия Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, жазушы Илтер Йешилай, халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының аударма бөлімінің меңгерушісі, аудармашы Ясемин Водабле, Халықаралық баталист және маринист жазушылар қауымдастығының басқарма хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Валерий Поваляев, «Литературная газета» бас редакторының орынбасары Максим Замшев, Татарстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Рафис Курбанов, Әзербайжан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ильгар Пашаев, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Ақбар Рысқұлов, Тәжікстанның халық жазушысы Мумин Каноат, Башқұртстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Спартак Ильясов, Қытай Халық Республикасы этникалық тобының бас директоры Иу Бинши арнайы келіп, шығармашылық ұйымына құттықтауларын жеткізді.

image_l

Пленумның қорытындысы бойынша жазушылардың атынан Үндеу қабылданды.
«Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Зиялы қауым жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда басты күш болуы тиіс», деп атап өтті. Қазақстан Жазушылар Одағы осы жоғары миссияны іске асыру үшін бар күш-жігерін салатын болады. Қазіргі басты міндет – жасампаздық еңбекпен ел іргесін нығайта түсу, мәдениетті, ғылым мен білімді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру. Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойында біз отандық әдебиетшілердің табыстарын бағалап қана қоймай, сонымен бірге одан әрі дамудың және әлемдік зияткерлік кеңістікке кірігудің жаңа бағдарларын межелейміз», – делінген үндеуде.
Қазақстандық жазушылар шығармашылық әлеуетін Отанымызға және ел Тәуелсіздігінің мұраттарына рухани қызмет ету тарихи миссиясына жұмылдыратындығын бірауыздан атап өтті. Мерекелік шараның соңы Қазақстан Республикасы өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Дайындаған
Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 8 = 16

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>