«Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама»

IMG_5525

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ертеңіңді ойласаң – есіркіге жолама» атты тақырыпта Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері арасында денсаулық сағатын өткізді.
Шараны өткізудегі мақсат – жастардың жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына ықпал ету. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулық. Денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану екенін ұғындыру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екенін ұғындыру. Жастардың бойында адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін түсіндіру.
IMG_5503XXI ғасыр дерті болып отырған темекі, нашақорлық және ішімдік жастардың бойын билеп, олардың адами болмыстарына нұсқан келтіруде. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы – жастар осындай жағымсыз әсерлерден бойын аулақ ұстасын деген ниетпен, кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл баянда жасады.
Сонымен қатар, «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Денсаулық – өмір негізі» атты салауаттылыққа арналған слайд көрсетілді. Шара барысында студенттерге викториналық сұрақтар қойылды. Қатысушы студенттер де сұрақтарға жауап беріп, шараға белсене араласты.
Дөңгелек үстелді кітапхана қызметкері Б. Мұхамедалиева қорытындылап, студенттер мен оқытушыларға өз алғысын білдіріп, салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі екенін айтты. «Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халықтың саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік!» дей келе, жастарға зор денсаулық, мол жетістіктер тіледі.
Жаңа ғасыр азаматы деген – дені сау, рухани бай адам. Ел ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, IMG_5523ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, бұл түнектен арылудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
кітапхана қызметкері
АҚТӨБЕ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 − 1 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>