Жұдырықтай жұмылайық!

8201341376558570ЭКСПО-2017 – ұлттық бизнестің жаңа мүмкіндіктері
Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу отандық бизнеске жаңа серпін береді. Бұл жөнінде бүгін Қарағандыда өткен ОКҚ-ның көшпелі брифингінде «BI-group Construction» жобасының жетекшісі Ибрагим Жекеев мәлімдеді. Аталған компания Халықаралық көрме нысандары құрылысының мердігері.
– Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-ның құрылысы мен оны өткізуге отандық кәсіпкерлерді тарту керек деген бастамасын қуана қарсы алдық. ЭКСПО-2017 экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторының дамуына жоғары қарқын береді, – деді ол өз сөзінде.

43740a1de94e04efd97622e557148c97Қызылорда ЭКСПО қонақтарын күтуге дайын
«EXPO-2017» қонақтарын Қызылорда облысында қабылдауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы 7 қараша күні Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Қазақстанның алғашқы астанасы Қызылорда қаласын, Қорқыт Ата мемориалдық кешенін, Байқоңыр ғарыш айлағын қамтитын «Қорқыт сазы және Байқоңыр ғарыш айлағы» туристік маршруты әзірленді. Қызығушылық танытқандарға «Қамыстыбас» көлі арқылы Арал теңізінің «Көкарал» бөгеті, Арал қаласына туристік маршрут ұйымдастырылады. Тарихи-мәдени нысандар және «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын таныстыруда жоспарда бар, – деді Қырымбек Көшербаев. Сонымен қатар, ол Арал ауданында жүзеге асатын «Қамыстыбас» демалыс аймағының жобасы дайын екендігін, бұл жерде сауықтыру, демалыс орындарын кешендері жүріп жатқандығын мәлімдеді.

Жоғары мүмкіндікке иеміз
Қарағанды облысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбановтың айтуынша, аймақтардағы компаниялар сапалы құрылыс өнімдерін жасап келеді және олардың әлеуеті әлдеқайда жоғары.
– Айта кету керек, құрылыс заттарын шығаруда біздің мүмкіндіктеріміз өте жоғары. Мәселен, биыл облыстың кәсіпорындары құны 28 миллиард теңге болатын құрылыс заттарын жасап шығарды. Бұл салада қазір 150-ден аса кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, – деді ол.
Сонымен қатар, ЭКСПО Халықаралық көрмесін өткізу барысында қонақтарға сервистік қызмет көрсету үшін шағын және орта бизнес өкілдері жұмысының сапасын арттыру мәселесі қолға алынған.

Халықаралық еріктілер бас қосты
ШҚО әкімдігінің қолдауымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Үлес-2020» қоғамдық қорының бастамасымен, expo_auto_526_jpg
Республиканың барлық өңірлерімен бірге, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген 100-ден астам еріктілердің қатысуымен Өскемен қаласында жастар форумы өткізілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Тәжірибе алмасуды көздеген жастар форумда негізінен үш бағыт бойынша, атап айтқанда «ЭКСПО-2017», «Алматы Универсиадасы 2017», «Әлеуметтік еріктілер қозғалысы» бағыттары төңірегінде талқылау өткізді.
Қор директоры Тоғжан Жұмағұлованың айтуынша, елімізде еріктілік қызметті дамытуға қарқын берілуі керек. Мәселен, шетелдегі еріктілер қауымы мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие.
– БҰҰ еріктілер қауымдастығының құрамында 166 елдің еріктілері бар. Әлемнің қай түкпірінен болсын, ағылшын, француз немесе испан тілін білген кез келген жеткіншек БҰҰ қауымдастығына кіре алады. Біз бүгін барлық аймақтарда форум өткізу арқылы Қазақстандағы еріктілер қызметіне серпін бергіміз келеді, – деп түйді Т. Жұмағұлова.

Дайындаған Жеңісгүл САТАЕВА

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 пікір

  1. Levitra Why So Exspensive generic cialis Synthroid For Sale Gnc

  2. buy accutane 20mg generic viagra Ampicillin Amoxicillin Penicillin

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + 6 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>