Ынтымақтастық меморандумы

84627f507556d15023f7a695541«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың Елбасымен кездесуі кезінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Қазақстан Президенті ел аймақтарының ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға қатысу белсенділігін арттыруды және көрме кешенін салуға қажетті материалдарды шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамтуды тапсырған болатын.
Осыған орай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев және «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Әбдікәрім Зейнуллин «Астана ЭКСПО-2017» ҰК және «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ арасындағы ынтымақтастық меморандуына қол қойды. Тараптар ЭКСПО көрмесін қазақстандық ғалымдардың зерттемелерімен қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге ниетті. «ЭКСПО-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасының таза қуат көздерін әзірлеу туралы» 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық мамандандырылған көрмеде оларды таныстыру жоспарланып отыр.
Меморандумға сәйкес, «Парасат» холдингі көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына қатысты отандық ғалымдардың әзірлеген жобаларын ұсынбақ. Көрме аяқталған кезде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы оған ұсынылған жобалар мен макеттердің технологияларын өндірісте қолдануға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов және Солтүстік f0a6b6b28c4f860a6a8f5a36cf0Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы екінші меморандумға қол қойды. Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша ұлттық жоспарда қарастырылған іс-шараларды іске асыруда ынтымақтастықты дамытуға келісті. Меморандумда мемлекеттік құрылымдар, ғылым, бизнес, ҮЕҰ өкілдерінің және Солтүстік Қазақстан облысы жастарының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ұйымдастыратын іс-шараларына, оның ішінде жыл сайынғы «Болашақ энергиясы» форумына қатысуы туралы айтылған. Солтүстік Қазақстан облысының экспозицияларын Қазақстанның ұлттық павильонында және Халықаралық мамандандырылған көрменің ең үздік жобалар аумағына орналастыру бойынша, сондай-ақ, басқа да іс-шаралар бойынша ынтымақтасу қарастырылған. Бұл мәселелерді облыстан келген делегация өкілдері, оның ішінде аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшылығымен Меморандумға қол қояр алдында өткен жұмыс кездесуі барысында жіті талқылады. Бас қосуда ЭКСПО көрме кешенінің құрылысы үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізу мүмкіндігі айтылды.

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 − 1 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>