Бельгиялықтар берген баға

_DSC3676

Антверпенде «The Best of Opera»: Верди-Мусоргский-Абай» бағдарламасын тамашалаған кәсіпқой музыканттар оған «Ғажап концерт!» деген баға берді. Шельда өзенінің қос жағалауында орналасқан Бельгияның ірі қаласының біріндегі Stadsschouwburg залында қазақстандық әртістерді ыстық ықыласпен қарсы алды.

_DSC3746Салмақты келген көрермен арасынан Бельгия үкіметінің, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдерін, белгілі мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлерін кездестіруге болады. Тыңдарман «Астана Опера» жас театрымен тезірек танысуға асық. Абзал Мұхитдинов басқарған симфониялық оркестр концертті Еркеғали Рахмадиевтің «Құдаша Думан» күйімен ашты.
Толассыз шапалақ жаудырған көрермен келесі номерді – «Астана Операның» жетекші солисттері Дина Хамзина мен Байғали Момбеков шырқаған А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан көріністі де зор ықыласпен қарсы алды.
Бірінші скрипкашы Бағдат Әбілханов орындаған «Таис» операсындағы Ж. Массненің Meditation туындысы тыңдарманға ерекше ұнады. Солист Б. Әбілханов ойнаған скрипка 1675 жылы жасалған Иосиф Гварнеридікі екенін айта кету керек. «Жасы төрт ғасырға тең келетін аспапта ойнағаныма өте қуаныштымын, сондай-ақ біздің еліміздің, біздің «Астана Опера» театры атынан өнер көрсеткенім мені одан бетер қуантады. Бұл аспаптың ерекшелігі – оған акустика маңызды емес, неге десеңіз, бұл оған еш әсер етпейді», – дейді Бағдат Әбілханов.
«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов туындылардың кездейсоқ таңдалмағанын тілге тиек етті. «Біздің _DSC3770
ұжым үшін әр залға арнайы іріктелген әртүрлі бағдарламамен жұмыс істеген қызық. Әлемдік турне аясында біз өнер көрсеткен сахналардың өз ерекшелігі және өзінің тіс қаққан тыңдарманы бар. Аталған концерттің тағы бір айта кететін қызықты тұсы, бүгінгі кешке бізбен бірге бұған дейінгі концерттерде өнер көрсетпеген әртістер қатысты. Бүгін біздің қатарымызға театрымыздың солисті, Арменияның Халық әртісі – Барсег Туманян қосылды», – дейді Төлеген Мұхамеджанов.
Ивета Григуле – Еуропарламент депутаты, латвиялық филармонияның және Латвия ұлттық хорының бұрынғы директоры. «Мені бүгінгі концерт қайран қалдырды, «Астана Опера» атты жаңа театрмен танысқаныма өте қуаныштымын. Осы концертте өнер көрсеткен баршаңызға алғыс білдіремін. Хор, оркестр, солисттер – барлығы жоғары кәсіби деңгейді көрсетті. Қазақстандық ұжымның бізге тағы келгенін қалар едім», – деп депутат өз ойымен бөлісті.
_DSC3760Сыртқы істер министрлігінің өкілі Гюнтер Слеваген әншілер, хор мен оркестрдің сапасына және дирижердің жұмысына тәнті болды. «Біз асқан шеберлікпен орындалған қазақ және орыс музыкасының рақатына бөлендік. Кейбір туындыларды алғаш рет тыңдадық және енді біз олар жайлы сөз қозғап, оларды жоғары бағалай аламыз. Көрерменнің қалай қабылдағанынан-ақ бәрі көрініп тұр. Біз өзіміз жақсы білетін музыканы – Массненің «Таисын» тамашалай алдық. Шығарма өте жақсы, үлкен сезіммен, асқан қызу қандылықпен орындалды деп айта аламын. Хор тіпті ғажап. Олардың екпіні, дыбыс шығаруы таң қалдырды, қанша дегенмен, ана тілің емес, өзге тілде орындау оңайға соқпайды. Бұл үлкен құрметке лайық», – дейді ойын түйіндеген Гюнтер Слеваген.

Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Kelchoolo :

    Propecia Vitamin Deficiencies cialis price Discount Real Acticin In Germany Drugs Pharmacy With Free Shipping

  2. large loans for bad credit
    payday loans online
    secured bad credit loans

  3. viagra jelly for sale
    viagra for sale
    buy viagra from china

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 − = 0

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>