«Нұрсұлтанның нұрлы жолы»

Әркез жыл соңында жоғары жаққа елеңдейтініміз рас. «Не жаңалық болар екен? Қандай ауыс-түйістер күтіп тұр?..» деген сауалдар күз айларымен қатар туатыны үйреншікті жайт. Биылғы күздің жаңалығы – Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды. Әркез жыл басында жарияланатын Елбасының болашаққа жоспары биыл мерзімінен ертерек жарияланғаны дұрыс болды, себебі уақыт оздырмай, Жаңа 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірден Президент тапсырмалары жүзеге аса бастайды.
Биылғы Жолдауында да Елбасы, әдеттегідей, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың жолдарын қарастырды. Әлемді билеген жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында тығырықтан шығар жол іздеді. Ол жолды да адаспай тапқан секілді. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» тарихта болғаны белгілі. Ендігі жерде олардың қатарына «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» қосылды десек, қателеспейтін шығармыз.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы арқылы Президент тағы бір батыл қадам жасады. Ел әлеуетін арттыру мақсатында Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінді. Биыл жыл басында ел экономикасын қолдауға 1 триллион теңге бөлініп, оның жартысы бірінші траншпен қажетке жаратылғанын білеміз. Елбасы осы қаржының қалған бөлігі, яғни, 500 млрд. теңгенің маңызды бес бағытқа жұмсалатынын атап айтты. Астана мен ел өңірлерін қосатын мыңдаған шақырымдық жолдың салынуы – өңір тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы.
«Нұрлы жолда» Президент өзге де өзекті мәселелер өз шешімін табатынын атап көрсетті. Олардың ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға 200 млрд. теңге, қосымша қаржыландыру көздерінен 100 млрд. теңге; 2015-2016 жылдарға жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 180 млрд. теңге; мектептер салуға 70 млрд. теңге, балабақша құрылысына 20 млрд. теңге; еліміздің он жоғары оқу орындарында ғылым мен өндірістің байланысын нығайтуға 10 млрд. теңге; 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге; ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін қосымша 40 миллиард теңге бөлуді; шағын және орта бизнесті дамытуға айқын басымдық беріп, жоғарыда көрсетілген сомадан бөлек, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі сияқты қаржы институттарынан алынатын 155 млрд. теңге несие желісін тиімді пайдалануды тапсырды. Инфрақұрылымдық дамудың бесжылдық жоспарын жариялады.
Ендігі басты мәселе – Елбасының «Нұрлы жолы» қағаз бетіне салынған әдемі сурет секілді болып қалмай, шын мәнінде халықты жарқын болашаққа бастайтын Нұрлы жолға айналсын деп тілейміз. Ол үшін осындай игі мақсатқа бөлінген қыруар қаржыны талан-таражға салмай, нақты мақсатқа дұрыс пайдалану керек. Бұл, ең алдымен, осы қаражатты игеруге тиісті органдардың мойнына артылатын жауапкершілік. Ашкөздік пен тойымсыздықты ауыздықтап, бір сәт құдайдан қорқып, әруақтан ұялып, халық алдындағы антына адалдық танытса, өз міндеті мен борышын адал атқарса, онда расымен, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» болмақ. Міне, сонда ғана бұл Жолдау «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» болып мәңгі тарихта қалмақ.

Құрметпен,
Сәуле ӘБЕДИНОВА

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + = 10

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>