Жас электриктер

DSC_0065

Энергетика – қоғамның көкейкесті мәселелерінің бірі. Көшені жарықтандыру, ірі зауыттар мен өндірістің жұмысы, миллиондаған халықтың өмірлік жағдайының жақсаруы – мұның бәрі электрик жұмысын қажет етеді. 1882 жылы Томас Эдисонның ойлап тапқан бірінші электр станциясы пайда болғаннан бері білікті маман дайындау қажеттілігі күннен-күнге арта түспесе, кеміген емес. Адамдардың дені электрик жұмысымен таныс, егер ток көзінен ұшқын пайда бола қалса, міндетті түрде оны шақырады. Алайда бұл мамандық иелерінің жұмысы мұнымен шектелмейді. Электрик қозғалтқыш пен генераторға техникалық қызмет көрсету, телеавтоматиканың сұлбаларын жинау және аспаптарды жөндеу, шашу және құрастырумен айналысады. Байланыс тораптарын, электр тарату желілерін және жарықтандыру құрылғыларын жөндеу, кабельдерді қаптау жұмысын жасайды. Тұрғын үйлерде және өндірістерде ішкі электр желілерінің байланысын орнатады, оларды жөндейді, жабдықтың бөлшектерін таңдайды, әртүрлі қондырғылардың электрлік сұлбаларын жөндейді және оларды құрастырады. Электрик мамандығы өндірістік кәсіпорындардың ваканттық лауазымдарының қатарына жатады. Ірі компания, сауда орталығы, мекемелерде штаттық электрик мамандығы бар.
IMG_2436«Техник-электрик» мамандарын дайындау колледж құрылғаннан бастап жүзеге асып келеді. Колледждің электр энергетика бөлімінде «Электр станциялары мен тораптардың электр жабдығы» және «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша білім алуға болады. Қазіргі таңда бөлімде 983 оқушы 42 оқу топтарын құрайды. Оқыту барысы екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілінде. Негізгі оқыту: мемлекеттік бюджет және ақылы түрде. Оқыту базасы: жалпы орта және негізгі орта білім. Білікті маманды даярлауға колледжде барлық жағдай жасалған. Колледждің материалдық техникалық базасы тек қалалық қана емес, республикалық деңгейде алдыңғы орында. «Реле арқылы қорғау» виртуалды зертханасында, «Электр машиналар», «Өндірістік электроника» зертханаларында білім алушылар өз мамандықтарының қыр-сырын меңгереді. Әр білім алушы жобаны немесе сұлбаны жинақтауды әмбебап макет платасы арқылы оқытушы тапсырмасы бойынша орындайды. Зертханалық модуль жабық түрде орындалады, себебі оқытушы әрбір сұлбаны орындатқан кезде, өшіру мүмкіндігі болуы қажет. Альтернативті энергетика стенді – күн элементінің негізгі жұмысын, электролиз процесін орындауға арналған. Зертханалық жұмысты орындағанда білім алушы күн сәулесінің генерация процесіндегі энергиясын, электрохимиялық реакция регенерациясын меңгереді.
Пән бірлестік комплекциясында тек теория ғана емес, білім алушының жеке ізденушілік жұмыстары да орындалады. Колледжде ізденушілік жұмыстары курстан курсқа күрделі түрде өтіп, өзіндік жұмыс түрінде орындалып тұрады.
Сондай-ақ колледж өз түлектерін жұмысқа орналастыруда негізгі мекеме болып табылады. Электро-энергетикалық пән бірлестігінің 20 оқытушысы мен 6 шебердің 12-сі аталған колледжді қызыл дипломмен бітіріп, әкімшілік ұсынысы бойынша жұмысқа қалды.
Колледж түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Қазіргі таңда әр жыл түлектері Республиканың энергетика саласында жетекші лауазымдарда қызмет етуде.

Бақыт ҚАРАЕВА –
Энергетика бөлімінің меңгерушісі,
Марал УТЕУОВА –
Электроэнергетикалық пәндер циклдік комиссиясы төрайымы

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + 8 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>