Ербол Мағазов: Дуалды оқыту жүйесінің ерекшелігі

KMS_4517Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі – білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі. Осы жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесі туындайды. Кез-келген мекеме, яғни жұмыс беруші білікті маманды жұмысқа алуға мүдделі, себебі білікті маманның көп болуы – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірбиеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды даярлау қазіргі кезде «білім берудің дуалды жүйесі» деген атпен белгілі.
IMG_0562Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» атты бағдарламасында дуалды білім беру жүйесін енгізу қажеттілігіне баса мән беріліп отыр. Осының арқасында мемлекетімізде білім беру деңгейі жоғарылап, білікті мамандар қатары көбеймек. Теориялық біліммен қатар практикалық дайындыққа ие болатын білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағытталған және кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінде сұранысқа ие болатын дуалды білім беру жүйесін енгізу қазіргі заман талабынан туындап отыр.
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп-қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді. Білім берудің дуалды жүйесін енгізу үрдісі зерттеп, ой елегінен өткізуді және заңнамалық тұрғыда шешімдердің қабылдануын қажет ететін келелі мәселелер жиынтығынан тұрады.
IMG_0537Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
—    оқу мекемесінің беделінің артуы, оқушылар контингентінің жоғарылауы;
—    оқушылардың қызығушылығы мен әлеуметтік серіктестердің сұраныстарына қарай бағдарламалар, арнайы курстар әзірлеу қажеттілігі;
—    мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
—    оқушының біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып, еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
—    бітірушілердің жұмысқа орналасуы және әлеуметтік бейімделуі;
—    білім беру мекемелерінің кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясының кеңейуі;
—    білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы.
Осы жүйе бойынша кәсіптік оқу орындарының студенттері бір мезгілде өндірісте шәкірт ретінде жұмыс істей алады.
Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің нақты жолы – жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу. Жұмыс берушілермен ынтымақта болу – студ2013-10-21 11.55.11Озық индустриялы елдерде – Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Сингапурда жұмысшы мамандарды даярлаудың дуалдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсете білді. Мысалы, біз Сингапур мемлекетіндегі Наньянг Политекник оқу орнында біліктілікті арттыру курсын оқып қайттық. Бұл оқу орнының жұмыс тәжірибесі бізге үлгі боларлықтай. Қоғам мен үкіметтің, өндіріс пен өскелең ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру ұранын алға қойған Наньянг Политекник ұжымы 20 жылдың көлемінде кәсіптік және техникалық мамандар даярлауда әлемдік деңгейге көтеріле білді. Өндірістің қажеттілігін алдыңғы 3 жылға жоспарлай отырып, оқу жоспары мен бағдарламасын жасауда ғана емес, оқу орнын басқару құрамына да әлеуметтік серіктестерін кіргізетін оқу орны өндіріспен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Аламты қалалық Білім басқармасының басшысы Р.С.Шимашеваның бұйрығымен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі дуалды жүйе бойынша экспериментальды база болып тағайындалғаннан кейін, екі мамандық бойынша, бірнеше жылдан бері бірлесе жұмыс жасап жүрген әлеуметтік серіктестік «АлматыЭнергоСервис» ЖШС ұжымымен жұмыс, оқу бағдарламалары бкітіліп, жоспар құрылды.
2012-2013 оқу жылы 2 топ – 50 оқушы аталған жүйе бойынша оқуларын бастаған болатын. ІІ семестрден бастап аптасына бір күн өндіріске барып, тәжірибелік жұмыстарын бастаған оқушылардың мамандыққа деген түсінігі артып, оқуларында жаңа бір серпіліс пайда болғандай әсер қалдыруда.
Оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша І курстың ІІ семестрінде оқушылар өндірісте тәжірибе сағаттарын өтеді. Семестр бойынша бұл тәжірибе 120 сағатқа жетеді. ІІ курста аптасына 2 күннен, жалпы 396 сағат өндірісте болады. Сонымен қатар, ІІ курста 4 апталық оқу тәжірибесі де өндірісте өткізіліп, ал 2 апталық оқу тәжірибесін колледж базасында өткізу жоспарланып отыр. ІІІ курста аптасына 3 күн – 504 сағат және жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 360 сағат (10 апта) өндірісте өтпек.
ІV курста 198 сағат теориялық сабақтары колледжде өтіліп, қалған уақытта оқушылар толығымен өндірісте болады деп жоспарланып отыр.
Жыл сайын бір техникалық мамандық бойынша әлеуметтік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп, келісімшарт негізінде дуалды оқыту жүйесін колледж ұжымы одан әрі дамытуда.
Студенттер колледж тарапынан көлікпен және өндірістегі жетекшімен қамтамасыз етілсе, серіктестер тарапынан арнайы киіммен, түскі аспен қамтамасыз етіледі. Колледж оқушылары жайлы әлеуметтік серіктесіміз де жоғары бағасын беруде. Жоғары білімді, өндірістегі тәжірибелері мол білікті мамандар энергетика мен машина жасау салаларының даму бағыттары жөнінде дәріс беріп, таңдаған мамандықтарының қыр-сырын үйретіп, оқушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруда.
Қорыта айтқанда, кадр мәселесін шешуде, маман тапшылығын жоюда дуалды жүйенің пайдасы зор. Бұл жүйе жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, шын мәнінде, заман талабынан туындаған оңтайлы шешім.

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Айгерим :

    Дуалды окуга кимдер окиды ? Бул окуга жас шамасына карай окидыма?

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 8

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>