Тарих беттерінен

04Биыл, яғни 2014 жылы «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК-на 50 жыл толды. Бұл оқу орны тарих пен дәстүрге бай. Осы уақыт аралығында ол бірнеше кезеңдерден өтті: «Энергоқұрылыс техникумы», «Энергетика және электронды аспап жасау колледжі», «Энергетика және электронды технологиялар колледжі». Бұл атаулардың өзгеруінен заман лебі аңғарылады. Жарты ғасырда оқу орны 15 мыңнан астам маман даярлады. Бүгінде олардың көпшілігі ел экономикасына елеулі үлес қосқан өндіріс басшылары, ірі компаниялардың жетекші мамандары.

03Алматы энергоқұрылыс техникумы 1964 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мен Орта Азия үшін техник-энергетиктерді даярлау мақсатында КСРО Энергетика және электрофикация мемлекеттік өндірістік комитетінің 13.04.1964 жылғы №162 бұйрығымен құрылған болатын. Техникум КСРО Энергетика және электрофикация министрлігінің Оқу орындары басқармасының қарамағында болды. Колледждің тұңғыш директоры Майоров Владимир Алексеевич еді.

Техникум құрылғаннан бастап күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдер ашылды, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, энергетикалық, жылумонтаж және электромонтаж құрылымдық бөлімшелері құрылды. 1975 жылы кешкі оқу, ал 1979 жылы сырттай оқу түрі қысқартылды.

101973 жылға дейін күндізгі бөлімде мамандар алты мамандық бойынша даярланды: 0301-Электр стансалары желілері және жүйелері, 0309-Қазандық және бутурбиналық қондырғылар, 0316-Станса және қосалқы стансалардың электр жабдықтарын жөндеу, 0321-Қазандар мен қазандық-көмекші жабдықтарды жөндеу мамандандыруы бойынша жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу, 0561-Құрылыс машиналары және жабдықтары, 1202-Жылу электр стансаларының құрылысы мамандандыруы бойынша өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

Әр кезеңде ұжымды басқарып, оның оқу-материалдық базасын дамытуға және оқу үрдісін жетілдіруге өз үлесін қосқан тұлғалар:

  • Круглов И.И. 1965-1968 жж.,
  • Клочков А.М. 1968-1969 жж,
  • Обухов Н.Н. 1969-1985 жж,
  • Иванов Б.П. 1985-1988 жж.
  • Ананьев А.И. 1988-2007 жж.

011992 жылдың қаңтарында Алматы энергоқұрылыс техникумы КСРО Энергетика және электрофикация министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне өтті.

Тоқсаныншы жылдары Қазақстанда оқу орындарын оңтайландыру басталып, техникумды қайта құрудың түрлі нұсқалары қарастырылды. Ең оңтайлысы – «Энергоқұрылыс техникумы» мен «Нақты аспап жасау техникумын» біріктіру деп танылды. Жаңартылған мекеменің атауы «Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжі» болды.

Техникум материалдық базасын ұлғайтуды, оқу жабдықтарын жаңартуды, оқу үрдісін жетілдіруді жалғастырды.

Оқу орнының дамуы үшін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болған В.В. Сальков, оқытушылар С.А.Ломейко, А.Ф. Тараданов, Л.А. Ли, С.М. Сергеев, Г.А. Зимина, Н.М. Балашова, С.Ж. Фендье, С.А. Качурин, Н.А.Демина, Р.И. Хахалина, В.А., Ломейко С.А., Нигматуллина, Яшков В.К.,Н.Н. Обухов, Н.П. Лифинцева елеулі үлес қосты. 1988 жылдан 2007 жылға дейін колледжді директор Ананьев А.И. басқарды. 2007 жылы Тайтулеев Т.М.колледж директоры болып тағайындалды.

2008 жылы колледж атауы «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК болып өзгертілді.Қазіргі таңда бұл колледж Қазақстан республикасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Мұнда еңбек нарығының өзекті талаптарын және өңір дамуының келешегін ескере отырып, энергетика саласының жоғары білікті мамандарын даярлайды. Колледж білім беру нарығында көшбасшы, Алматы қаласы Колледждер қауымдастығының мүшесі, энергетика саласының ТжКБ оқу орындары арасында өткен республикалық конкурстың Гран-при иегері.

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Kelchoolo :

    Propecia Dolares viagra 5mg Cialis From India

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 + 3 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>