Мәңгілік еліміздің болашағы жарқын болсын!

543Рахат Сейдахметқызы ШИМАШЕВА,
Алматы қалаcы білім басқармасының бастығы:

– Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі тек Алматы бойынша ғана емес, республикамыз бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің азаматтарымыз ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлуіміз қажет» деген еді.  Кәсіби-техникалық оқу ордасы ретінде колледждер ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын ескере отырып маман даярлауы қажеттігін, олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажеттігін айтқан еді. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі осы бағытта үлкен жобаларды қолға алып, оқу үдерісіне заманауи технологияларды, дуалды оқыту жүйесін батыл енгізген колледж.
Жарты ғасырлық тарихы бар бұл колледж Отанымыздың білім беру саласына, кәсіби білікті маман даярлауға орасан зор үлес қосуда.
Колледждің жаңашыл басшылары мен қызметкерлеріне, студенттерге білім ордасының 50 жылдық мерейтойы құтты болсын деймін! Бала оқытып, шәкірт тәрбиелеу – күрделі де жауапты, мағыналы да қызықты міндет. Осы міндетті атқаруда еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Жаңашыл идеялар мен шығармашылық табыстар тілеймін!

 

643 (1)Бекқали Нұрғалиұлы ТОРҒАЕВ,
Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі:

– Құрметті «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің» ұжымы!
Сіздерді кәсіби білім ошағы болып саналатын «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің» 50-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
«Елу жылда ел жаңа» демекші, оқу орнының жарты ғасырлық білім, ағартушылық жолына қосқан сүбелі үлесі Қазақстан Республикасының тарихымен тікелей байланысты. Кәсіптік білім саласы ел дамуына тікелей ықпал ететіні белгілі. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуіне, білім жүйесінің жаңғыртылып, ғылымды дамытуға әрдайым назар аударады. Президентіміздің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы
негізгі әлеуметтік-экономикалық бағытындағы тетіктердің іске асуына өздеріңіз тәрбиелеп отырған шәкірттер өзіндік үлес қосатындықтарына сенімім мол. Инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен жаңа технологияларды енгізу мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып келеді.
«Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» осы бағыт-бағдар бойынша тың идеяларды қолға алып, заманауи білім беру жүйесіне алғашқылардың бірі болып бет бұрған колледж. Оқу ордасы бұдан кейін де өз әлеуетін арттыра отырып, білім берудегі өз салт-дәстүрлерін сақтап, республикамыздағы оқу орындарының арасындағы биік тұғырынан түспей, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлай беретіндігіне сеніміміз кәміл.
«Ұстазға қарап шәкірт өседі» деп халық даналығы айтқандай, ел абыройын асқақтатар талантты түлектеріңіз көбейе берсін! Осынау ұлы мұрат жолындағы еңбектеріңіз жемісті, Мәңгілік еліміздің болашағы жарқын болсын!

«Ақжүніс-Астана» журналы

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Levitra Original Pas Cher Lioresal Vente En Canada cialis Propecia En Espana Farmacia Online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 + 9 =