Жаңылтпаштар

aje_nemereБаласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық  сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді.
Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр. Ол бала тілінің жетілуіне, оралымды әрі анық сөйлеуіне, үндестік заңын сауатты меңгеруге және шешен сөйлеуге баулиды. Ғалымдар дұрыс сөйлеу мәнері баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді дейді. Құлаққа жағымды, тартымды сөйлейтін бала құрбы-құрдастарымен еркін пікір алмасады. Өз ойын ашық жеткізеді. Керісінше, тілінде мүкісі  бар бала тартыншақ болады.
Ресей ғалымы Ирина Козлянинова «Произношение и дикция» деген кітабында күн сайын балаға 10-12 жаңылтпаш оқытып отыруға кеңес береді. Жаңылтпаш үйреткенде  қысқасынан бастаған жөн.
Логопедтер бала тіліндегі мүкісті емдегенде негізінен жаңылтпашты пайдаланады.
Ғалымдар шет тілін меңгеру үшін де жаңылтпаштың пайдасы өте зор дейді. Жаңылтпаш айтумен көбірек шұғылданған балалар шет тілін тез игереді. Қазір де көптеген тіл үйрету орталықтарында бұл тәжірибені жиі қолданады. Нейропсихологтар жаңылтпашпен жаттыққанда, мидың белсенділігі артып,  санаға түскен ақпараттар өңделіп, жадыға жылдам бекиді дейді.
Жаңылтпаштың табиғаты қиын болғандықтан, бала оны өз еркімен оқығысы келмейді. Сондықтан ата-аналар балдырғанмен бірге жаттықса, оңай болады. Сөйлемді ақырын оқып, әр әріпті анық айтқан жөн. Біз төменде ең қызықты, ең тартымды деген жаңылтпаштарды сұрыптап алдық.

KgU6tQSzljY* * *

Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.

***
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!

***
Қарамайлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?
***
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалын мала, сілке,
Суға сақалын мала, сілке.

***
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

***
Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма беремін.
Аппағымның атын тез,
Айтқаныңа беремін.
***
Ала бие құлындады,
Қара бие құлындамады.
Әжем соны ырымдады,
Атам оны ырымдамады.

***
Жез түстес үзік-үзік,
Зер жіппен ақ үзікті
Өрнектеп жүзік тізіп,
Әдемі етіп ызыпты.

***
Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.
***
Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?

***
Қаршыға ма,
Құмай ма?
Әнші балаға қаршыға ұнай ма?
Малшы балаға құмай ұнай ма?

***
Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?
Сылдырмақты сындырмай ма?
***
Томағаланған төрт бүркіт – қолда.
Томағаланбаған төрт бүркіт –
торда.
Қанша бүркіт болады сонда?

***
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім, –
Неше кіші ішік піштім?!

***
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

***
Көбейсін ат ұстар,
Болмасын атыстар,
Болса мол атыстар,
Қалмайды ат ұстар.

***
Шеңгел! Шеңгел!
Шеңгелге енген де,
Шеңгелде сенделген де
Еріншек Ерден бе?
***
Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.

***
Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе
алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп
алдым.

***
Тас, тас, тасбақа,
Асты-үстінде тас-тапа.
Келсін қасқа – асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.

***
Тысы тым көрікті,
Үкілі үш бөрікті
Үлестір деп беріпті.

***
Сұқсыр үйрек
Ұшқыр үйрек десек те,
Тұмсығы үшкір үйрек
Сұқсыр үйректен күйрек пе?

***
Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.

***
Қырда екі кекілік жетіліп келеді,
Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.

***
Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.

***
Зерек зергер зерделеп,
Зергерлеуші зер зерлеп.
Зерлілер затын зерлеткен
Зергерлік те зерделік.

***
Жез түстес үзік-үзік,
Зер жіппен ақ үзікті.
Өрнектеп жүзік тізіп,
Әдемі етіп ызыпты.
***
Бұзау бұлқынып,
Мойыншағын үзе ме?
Мойыншағын үзген соң,
Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?

***
Құла құланнан туған туған құла құлын құнан құланнан
Туған құла құлынның құлағынан да келмейді.

***
Жақсы атты
Әп-сәтте Асқаттар
Ақсатты.
Ақсақты,
Тоқсақты
Жаза алмай бас қатты.
Ақсатса жақсы атты
Кім болар жақсы атты?!
***
Олжаланыңқырағандағың да
бар болсын,
Қалжаланыңқырағандағың да
бар болсын.

***
Шұғайбай
Шығайбайға:
– Су қайда, әй? – деді.
Шығайбай
Шұғайбайға:
– Шық, ойбай! – деді.

***
Алма базарда
Алма алма алар ма?
Ақ алма алар ма?
Әлде алары анар ма?

***
Үш ұшқыш алды
Үш кірқысқыш,
Үш тісысқыш.
Кірқысқыш қымбат па?
Тісысқыш қымбат па?

*«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан ықшамдалып алынды

«Ақжүніс-Астана» журналы»

www.akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Gsssmqgweilub :

    bad credit same day payday loan cash advance on credit card payday loans [url=https://xxepayday.com/]cash advance now[/url]

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 + = 11

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>