Біз оларға ие бола алмадық…

Лондон

Хари-анасымен-АнглияИспаниялық әйел Кармэннің Лондонда тұрып жатқанына 25 жылдан асыпты. Өзі отбасында 6 ағайынды екен, бірақ өзінің құрсағынан шыққан баласы жоқ, бұған жүрексінген сияқты. «Өйткені әлемде ата-анасыз өмір сүріп жатқан, отбасылық махаббатты сезінбеген балалар» көп дейді. Солардың біріне аналық махаббатын бергісі келгенін айтады…

Кармэн Гутилиас, Русланның асырап алған анасы:
– Жалғыз қалдым, сүйікті адамым болмады, кейін түсіндім менің күш-қуатым жетерлік, жағдайым жақсы, ойлана бастадым. Бала туа аламын ба? Туа  аламын, бірақ…
Бірақ ол бала асырап алуды жөн деп шешкен. Гайтано деп есім берген қазақстандық балаға. Анасы Гайтананы таспаға түсіруге рұқсат бермегендіктен біз оның жүзін теледидардан көрсете алмаймыз. «Баламды қорғағым келеді…» дейді. Кімнен, неден? Ол жағы бізге беймәлім…
Кармэн Гутилиас:
– Өйткені ол – адам, ол – тірі, ол – тұлға… Кейін өскенде не ойлайды, өзін бейнетаспаға түсіргенін қаламауы мүмкін, мені кінәлауы мүмкін. Есейгенде, «мені осы бағдарламаға, бейнетаспаға түсіруге неге рұқсат бердің?..» десе, не айтам. Бұл оны барлық қауіптен қорғау үшін жасаған әрекетім,  бұл менің тағдырым, менің өмірім, сондықтан өзім ғана сұхбат берейін. Бірақ көрермендер ойламасын, оның түрі ұсқынсыз деп, ол өте сұлу, қазір жасы жетіде, спортпен айналысады, құдды бір модель сияқты, өте ақылды, талантты, адал, жалған сөйлемейді, ішіндегісін жасырмайды, айналадағылар да осы қасиеттерін байқайды. Ол мен үшін мақтаныш…
Гайтано атанған ақтөбелік Русланның жүзі сондай жылы. Мөлдіреген көздерін төңкеріп қарағанда, мейірленіп кетесің, түрінен ерекше бір шуақ төгіліп тұрады. Қаймана қазақтың баласы-ай… қазақтың құшағына сыймай кеткен… Енді, міне, жүзін де жасыруға мәжбүрміз…
Кармен Гутилиастың мамандығы – психотерапевт. Ол жетім баланың жүрегіне жүк түсірмей, оның өткен шағын абайлап жеткізу, жайлап айту өте маңызды деген ұстанымда. Тіпті әдемі ертегі де ойлап табуға болады.
Кармэн Гутилиас:
– Мысалы, «сені менің үйіме періштелер әкелді, сенің менің балам болуыңды құдай таңдады, жаратушы қалаған соң, мен сені асырап алдым…» Осылайша, ақырындап, оның өткен өмірі туралы оқиғаларды айта бастау керек, «сен Қазақстаннансың, ол сенің Отаның, екеуміз бұл елді жақсы көреміз…» Осылай ақпаратты қоюлата береміз. Кейін анасы туралы сұрап жатса, «ол сені қалдырғанда қатты қиналды, қимады. Бірақ сен ұмытпауың керек, ол сені жарық дүниеге әкелді, бұл ерлік. Туған анаң сол үшін біздің жүрегімізде мәңгі қалады…» Мен өзім балама осылай түсіндіремін.
Қазақтар жаужүрек халық болғанын жақсы білемін, Гайтано да сондай, ешнәрседен қорықпайды, өжет бала. Онсыз өмірімді елестете алмаймын. Гайтаноға жарық дүние сыйлаған қазақ әйелін құрметтеймін, аяғы ауыр кезінде күтінгені үшін, балпанақтай, сүп-сүйкімді қылып дүниеге әкелгені үшін, өмірін үзбей, тоғыз ай көтергені үшін… Туған анасы қанша азап шекті десеңізші, қандай қиындықты басынан кешірді екен?!. Туған күнінде баласын ойлайтын шығар. Ол үшін қаншама құрбандыққа барды ғой…
Русланды асырап алған, сүйегі – испан, болмысы – британ әйел не қалайтынын жақсы біледі. Алпысты алқымдауға екі жыл қалғанда екінші гүлі ашылыпты.
Кармен Гутилиас:
– Өте жас кезімде тұрмыста болдым, бірақ үйлеспедік. Сосын өмірімді толықтай жұмысыма арнадым. Одан Гайтано пайда болды, оны өсірдім. Енді ғана іздеген адамымды жолықтырдым. Некемізді қидық. Мен оны сүйемін. Мамандығы – дәрігер. Гайтаноны жақсы көреді, ұлыма да ол ұнайды, әкесі ретінде қабылдайды…

* * *

Лондоннан тұрақ тапқан тағы бір қазақ баласының қазіргі аты — Хари. Оның шын атын біле алмадық. Асырап алған анасы оған Хари деп ат қойыпты…

Сара Элиот, Харидің анасы:
– Біз баланы он жыл бойы аңсадық. Енді ғана қолым жеткенде, оның өміріндегі ешбір сәтті жібергім келмейді. Сол үшін қызметімді тастадым. Шынын айтсам, менде соншалықты арман деген жоқ, ең үлкен арманым орындалды. Ол – Хари. Мен оның амандығынан өзге ешнәрсе тілемеймін. Ұлыммен бірге әлемге саяхат жасағым келеді, Қазақстанды апарып көрсеткім келеді, бұның бәрін ұлымның көзі ашық болуы үшін жасаймын. Қазір өміріміз осы баланың айналасында ғана өтіп жатыр. Бұл әлемде Хари сияқты сүйіспеншілікке бөленіп  өсіп жатқан бала жоқ. Біз Қазақстан заңын құрметтейміз, бала асырау құпия процесс, оның туған анасына қатысты ақпараттың құпиялылығы да заңмен қорғалады. Сондықтан біз ешнәрсе айта алмаймыз. Харидің биологиялық анасының абыройын төккіміз келмейді, тыныштығын бұзғымыз келмейді. Бірақ біз Хариге Қазақстаннан екенін жасырмаймыз, мақтан тұтамыз. Ол өткенін біліп өсуі қажет. Ең бастысы, Хари қазақ екенін, валийлік қазақ екенін мақтан еткенін қалаймыз. Тарихы терең, мәдениеті бай елдің ұрпағы екенін біліп өсуі, түп-тамырынан ажырамағаны оның адам болып қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін күш.
Сара Элиот елу жаста. Қазақ баласын тоғыз айлығында асырап алыпты. Бұл жігіт — шымкенттік, бүгінде ағылшын әйелінің әміршісі, өз айтқанын орындатпай қоймайды, бірбеткей, ерке екен өзі. Сара күн ұзақ бала тәрбиесімен айналысады, жолдасы табыс табады, Би-Би-Си қызметкері, жұмыстан босай алмады. Айтқандай, Лио деген қызды асырап алған ақтөбелік Әлия Пейн естеріңізде болар? Әлия мен Сара Элиотты – екі отбасын жақындастырған осы қазақтың екі кішкентай бүлдіршіні. Лио мен Хари екеуі бір үйдің балаларындай өсіп келеді. Біздің жерлесіміз, отандасымыз Әлия ханым екі баланың ағайынды болып өскенін қалайды, сондықтан да араласып-құраласып тұрады екен. «Бұл – қазақтың екі баласы… ағайындылар…» дейді Сара Элиотт. Әлия Ерғали-Пейнде, қанша дегенмен, қазақтың қаны бар ғой, Лионың шын есімін теледидардан жарияламауды өтінсе де, маған айтып еді, ал он жыл бір перзентке зар болған ағылшындық әйел бұл туралы мүлдем сыр ашпады…

* * *
Ата-ана қамқорлығынан шеттетілген балалар біздің қоғамның бір мүшесі ретінде, бақытты болуға, жақсы өмір сүруге лайықты. Тең құқылы. Бірақ бір ғана тілек: қазақтың баласы қазаққа жат болмаса екен. Дегенмен өмір бір орында тұрмайды ғой…
Қазақстаннан әкелген сый-сыяпатты көргендегі балалардың қуанышын айтпаңыз!.. Артында Қазақстан деген мемлекет тұрғанын, қазақ деген жұрты барын, іздеушісі барын сезеді олар кішкентай жүректерімен. Қазақша кітапты оқи алмаса да, үнтаспаға жазылған Абай өлеңдерін, әндерін тыңдайтын шығар. Қазақстанның көркем келбетін, сәулетті Астанамыздың суретін көретін шығар. Бұдан олардың Отанға деген махаббаты оянып, тілді біліп, қазақтың салт-дәстүріне қанығады демеймін. Бірақ біздің кездесуімізден кейін олардың санасында ұйықтап жатқан бір түйсік – ұлтқа деген бір тамшы сезім оянады деп үміттенемін. Ал тамшыдан теңіз құралмай ма?..
Біз әлі өкінеміз, біз оларға ие бола алмадық деп, ол деген үлкен өкініш, қазақтан туған бір қаракөздің баласы еуропалықтың үйінде, ата-бабасы өмірінде жемеген тамағын жеп, дінін қабылдаған… Міне, осыған жол беріп қойған, өкінішке орай – біздерміз…
Ол балаларды біз қайтып ала алмаймыз…
Жанар БАЙСЕМІЗОВА,
«Қазақстан» ұлттық арнасы

Журналға дайындаған –
Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

*Суретте: Хари асырап алған анасы Сара Элиотпен.

«Ақжүніс-Астана» журналы

www.akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 пікір

  1. Priligy Eczanelerde online pharmacy Doxycycline Online Without Prescription

  2. Kelchoolo :

    Acyclovir Without Insurance viagra Buying Tetracycline From India

  3. Pearlrenty :

    Day ago i read some amazing info about Omega 3 foods and now i very wanna buy it. But i’m not 100% sure which benefits will i have. I’ve found this omega 3 info , and currently i wanna get it with lowest price. Any idea?

  4. FannieMYCLE :

    Yesterday i got some interesting knowledge about Omega 3 foods and now i really want to get it. But i want a best, only premium omega 3 fish oil. I’ve found this premium omega 3 fish oil link. What do you know about this name?

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 − = 3

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>