Қалталы күйеу: қыздар неге бай жігітке тұрмысқа шыққысы келеді?

Low section view of two couples dancing

Low section view of two couples dancing

Бір жағынан осы сұрақты қоюдың өзі ақымақтық болып көрінер еді. Алайда, бұл – өмір шындығы. Көшеде кетіп бара жатқан, болашақта қалыңдық болатын кез-келген кішкентай қыздың өзін аздап кідіртіп, қандай жігітке күйеуге шығуды қалайтынын сұрасаңыз, бірінші кезекте – ақылды, бай, көрікті болса екен деген тілегін айтқан болар еді. Болашақ жарым ақылды, мейірімді, адамгершілігі мол болса екен деген талапты адам уақыт өте келе, тағдырдың түрлі бұралаңдарынан өткен кезде ғана санамалайды. Ендеше миллионер жігітке тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға миллионердің әйелінің өмірінен аздаған мысал келтіргім келеді.
Әрине, бай біткеннің басына бірдей тағдыр жазылмағанын да ескеріңіз. Егер күйеуі бақуатты болса, әйелі содан міндетті түрде зардап шегеді деген ойдан аулақ бола отырып, өмірде куә болған жәйттерге шолу жасап көрелік. Қаншама адам болса – сонша түрлі өмір бар. Ерлі-зайыптыларға қатысты қатып қалған қалып жоқ.

Сонымен…
Сонау тоқсаныншы жылдары дүниенің бәрі күрт өзгеріп, кеңес өкіметі келмеске кетіп, тіршілік қамы үшін түрлі тірлікті қолға ала бастағанда біз студент едік. Дегенмен, студенттік жылдарда өзіміздің журналистика факультетінің жатақханасында емес, болашақ заңгерлердің, адвокат, нотариустер мен тергеушілердің арасында тұрдым. Сол кезде ашқұрсақ студенттер арасында мықты бизнесмендер жүргенін кім білген?!
Қысқасы, экономика тұралап жатқан тоқырау жылдарында бизнестің барлық саласы бос жатты. Біріне бірі бәсеке туғызатындай алпауыт іскерлер бола қойған жоқ. Сонымен істің көзін тапқан бірқатар замандастар жылдам байи бастады. Баспананың тауқыметін тартқан кей жолдастар жылжымайтын мүлік саласында бағын сынаса, кейбірі туризмге, енді бірі қаржы секторында қабілетін көрсетті. Осылайша жаңа заманның ауқаттылары пайда бола бастаған еді.
Менің бір кездегі студент құрбым да айналасы аз жылдың ішінде байдың әйелі болып шыға келді. Үлкен үй, қызметшілер, «қойға мінетін» көлік бөлек, тойға мініп баратын қымбат маркалы машина басқа дегендей, тұрмыстары алға өрледі. Елдің көбі әлі ашқұрсақ заманда ол келіншектің өміріне қызықпайтын адам кемде кем болатын. Қызғанатындар да табылатын. Алайда, сырт көзге бейғам отбасында мазасыз өмір басталған-ды. Әрине, бастапқыда бәрі жақсы сияқты еді. Әдетте, үйге ұдайы кешігіп келетін, күн-түн демей жұмыс істейтін күйеудің барлық қылығына, үнемі шаршап жүретіндігіне, ашушаңдығы мен аздаған менмен мінезіне келіншегі түсіністікпен қарайтын.
795628Дегенмен, отырыстар, ұжымдық кештер мен той-томалақтарда аты бар, жағдайы жақсы күйеуіне қыз-қырқын ашықтан ашық «кет әрі» еместіктерін білдіріп, қайта-қайта биге шақырып, сүйкеніп жүретін сүйкімсіз аруларға жыны келетін. Көз алдында болып жатқан көріністер жүрегіне қаяу салатын еді.
Бұл табыскер күйеуді отбасында тұрақтату үшін басталған майданның басы ғана болыпты. Той-томалақтан соң, қызғаныш туралы әңгіменің барлығы жақсылықпен аяқталмағандықтан бас-аяғы жоқ дауға да жүйке жұқартудың қажеті шамалы еді.
Ал бұл кезде менің құрбым күйеуінің қызметінде өзіне күндес болуға кандидаттар жеткілікті екендігін білмейтін. Ал оған дейін ол өзін-өзі әртүрлі ойлармен азаптай бермеу үшін, сән салондарына, киім дүкендеріне, шаштаразға барып, алдандырып жүрді. Бірақ, оның келісті келбетін, шашын әдемілеп қидырғанын, тырнақтарын мінсіз етіп егетіп, жаңа көйлек киіп отырғанын көретін кім бар? Үнемі шаршап жүретін, шараптың иісі аузынан кетпейтін отағасы мұның біреуін де аңғармайды. Келіншек те уақыт өте келе осы бір мәнсіз тірліктен жұбаныш таппай, жөнді-жөнсіз сәнденіп отыруды да қоя бастады.
Балалары мектепке барып, үйде екі-үш қызметшімен қалатын күндері көбейгенде өзінің де жоғары білімді, дипломды маман екенін күйеуіне құлаққағыс етіп еді:
– Саған не жетпей жүр?! – деп отағасы үзілді-кесілді тыйып тастады. Осылайша, оның өмірінде түсініксіз жалғыздық басталды. Бір-бірімен шүйіркелесіп отыратын күндер, тар төсекте бастары жұптасып ұйықтайтын кезеңдердің барлығы студенттік жылдардың еншісінде қалды. Осы аралықта жиырма жылға жуық уақыт көзді ашып-жұмғандай өте шықты.
Жылдар өте келе, бір жылы 8 наурызда үйінде үнемі іші пысып отыратын құрбымды құттықтап бардым. Әңгімелесетін, шер тарқататын, тіпті жаңадан алған киімдерін киіп көрсететін досының келгеніне ол міндетті түрде қуанады.
Мен өзіміздің ұжымның жігіттері сыйлаған қос сүлгі мен жалғыз тал гүлді босаға сүйеп қойдым да, бір аяқ киімімді шешіп, екіншісін тартқылап жатып, жұмыстағы қызықтарды айтып жатырмын.
– Ой, бүгін біздің жігіттер бізге мерекенің құрметіне ыдыс та жуғызбады. Соны үйлерінде де істемейтін шығар?! Дастарханды да өздері жасады, біреуі бәрімізге бір құшақ гүл алып келді, – деп ер-азаматтардың бізге көрсеткен құрметін тізіп айтып жатырмын.
– Қандай жақсы! – деді күрсінген құрбым. – Сенің ұжымың бар!  Өмірің бар!
mis12Мен бірден әңгіме ауанын өзгертуге мәжбүр болдым. Төрт қабырғаның ішінде өмірі өтіп жатқан оның жанды жеріне тиіп кеткенімді өзім де аңғармаған екенмін.
– Тәубе десейші! Сенің мына өміріңді өңі түгіл түсінде көрмеген, тапқаны тамағына жетпейтін, өлместің күнін кешіп жүрген қаншама адамдар бар…
– Тәубе, тәубе! – деді ол. – Бірақ, біздің күйеудің 8 наурызда да үйге келетін уақыты жоқ. Мына бір сыйлықты көмекшісінен беріп жіберіпті деп, жылуы жоқ қорапты алдыма қойды.
Сүйкімсіз сыйлыққа қарап отырып, екеуінің өткен өмірін көз алдыма әкелдім. Күйеуінің 8 наурызда неге үйге келмегенін ол да іштей сезеді. Осы жылдардың ішінде ол төрт қабырғаның ішінен шықпай-ақ, күйеуінің көзіне шөп салмай-ақ, бірнеше рет жұқпалы жыныс ауруларынан да емделді. Мұның күйеуін казинодан ұтып алғандай болған кейбір көңілдестердің қоқан-лоқысын да естіді. Алайда, ондай оқиғаларды отағасы бизнестегі бәсекелестері көре алмағандықтан қолдан ұйымдастырды деп сендірді, бұл сенген болды.
Қырықтың қырқасынан асып, елуге жақындаған ерінің соңындағы ауқатты еркектерді аулап жүретін бойжеткендердің түр-түрін көрді. «Не – дүниесін, не – өзін аламын» деп өзеуреген қыз-қырқыннан қалған сызат ерлі-зайыптылардың ынтымағын ыдыратып, берекесін баяғыда қашырған болатын. Мынау, хан сарайындай зәулім үйде бақытсыз бір келіншек өмір сүріп жатқанын өзі ғана біледі. Ғайыпта ұтып алған лотерея билетіндей бақыты баянсыздау болып шыққаны қалай?  Өмірде барлық нәрсенің өтемі бар деген осы ма?
Жалпы, бай жігітке жолығудың, ауқатты жерден қыз алуды армандаудың соңы қаншалықты баянды? Интернет форумдарда бұл сауалға жастардың бір легі боямасыз былай жауап береді…

Бір жігіт: «Тең – теңімен, тезек – қабымен». Сондықтан байлыққа қызыға бермеу керек. Әрине, ақшаң болғаны жақсы. Егер орташа отбасынан шыққан қыз ақшалы жігітке тұрмысқа шықса, құда-құдағилар арасында онша сыйластық болмайды. Түсінікті жағдай. Ал жігіт байдың қызын алса, сол үйге күшік күйеу болады. Сондықтан әркім өз жағдайымен тең отбасымен құда болса, сонда ғана жақсы болатын сияқты. Сол кезде құда да, құдағи да тыныш. Ал ақша мен байлық керек болса, оны бірлесіп жасау керек. Бірлесіп жасаған байлықтың берекесі болады. Дайын асқа тік қасық болып, байдың баласына тиемін, байдың қызын алсам деп армандауға өз басым келіспеймін.
Сәния: Адам болған соң ақша, әрине, керек. Мысалы, сіздің жігітіңіз күнде ақша әкеледі. Ол қайдан келген ақша? Ол тектен-текке оңды-солды жаратып жатса, ол да біреуден алған. Егер де ол өз маңдай терімен тапса, ақшасын қимай, көрінген қызға жұмсамайды. Ал арамдықпен немесе қарызға алған ақша қалай тамақтарыңнан өтеді? Біле-білсеңдер, Алла адамға бір жағынан бергенімен, бір жағынан алып отырады. Себебі, өмір – алма-кезек. Бересің – аласың. Қазіргі заманда туысқаныңның тойына ештене апармасаң, ертең саған да ештеңе әкелмейді. Сол сияқты ғой. Сондықтан әркім маңдай терімен тапса, ақша керегіңнің бәріне жетеді. Ағайын, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүрмейік.
Жәмилә: Енді болашақ күйеуің кедей болса жақсы ма? Әй, қыздар-ай, сендер де… Осы сұраққа жауап беріп отырған қыздардың ойларының бәрі ақша, ақша. Бай жігіттерге сен уақытша ғанасың, «тең – теңімен, тезек – қабымен…» Дұрыс айтады.
Айшешек: Қазіргі ақшалы еркектердің көбі – халықтың ақшасын жымқырып жеп отырғандар, не сол жөкейлердің балалары. Әйтсе де, шама-шарқынша еңбектеніп, ақша тауып отырған еркектер де аз емес. Бірақ, ақшалы жігіттер – ақылды, ақшасыз жігіттер – ақымақ дегенге келіспеймін. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей, жағдайды түзеуге болады. Аузыңды ашып, жұрттың бай күйеуіне қызыға бермей, болашақ пен бала екеуіңдікі болған соң, жағдайың үшін жұмыс істеуге болады. Еркекте бар бас – әйелде де бар.
Сара: Менің бір таныс қызым өте кедей жігітке шықты, сосын балалары болғанда қатты қиналды. Күйеуі кедей болғаны аздай, құдай атқан еріншек, еш жерде жұмыс істемейді. Базарға шық десе, намыстанады. Ақылы да шамалы өзінің. Байғұс әйелі зыр жүгіріп, қандай қара жұмыс болса да, табылғанын істеді. Сонда біз айтатынбыз: «Өзің сондай көріктісің, тапқан байыңның сиқы анау, соның несіне ғашық болдың?» десек, гитарамен ән айтқанына деген еді. «Ал, ендеше, аштан аш ән салып отыр» дедік. Яғни, махаббат деген әр түрлі болады ғой.
Жадыра: Менің ойымша жігіттің қалталы немесе қалталы еместігі маңызды емес сияқты. Ақшалы жігіттерге жүгіретін қыздарды да түсінемін. Өйткен олар өмірінде бәрі жеткілікті болса екен деген ойда болады. Ал оның несі жаман? Егер қалаған адамың қалталы болса, нұр үстіне нұр.
Аққу: Бес саусақ бірдей емес. Ең алдымен адамға деген сыйластық болу керек деп ойлаймын. Ақша – ең бастысы емес. Дүние – қолдың кірі. Бірде бар, бірде жоқ. Ақшалы болу, бай болу өзіңе байланысты сияқты. Өмірде байлық қалмайды, шіріген бай болғаныңмен, ертең соны балаларың игере алмаса да, желге ұшады. Өмірде тек сыйластық қалады. Мұхаммед (с.ғ.с)  пайғамбарымыздың хадисінде: «Өмірде сенің адамдарға деген адамгершілігің адалынан болсын. Қандай дүние алсаң да, о дүниеде барлығына жауап бересің. Өзіңде тек баспана, көрпе-төсек, ішім-жемің болса жеткілікті» деген. Барлығына шүкір деп, қанағат тұту қажет.
Шасси: Әрине, ол табиғаттың заңы. Әйелге балаларын асырай алатын, табыс таба алатын, аш-жалаңаш қалдырмайтын әке керек. Бірақ, ақылды, тәрбиелі, адамгершілігі мол, жұртқа жұғымды жігіттердің ақшасы жоқ болса да,  шансы көп. Қыздар қалталы жігіттерге бекерге қызықпайды. Тек қана ақшасына емес… Бәсекелестерін басып озған, ақша табуға миы жеткен жігіт өмірдегі маңызды мезеттерде тура шешім таба алады.
Оптимист: Қалталы жігіттермен өмір сүрген қызықтырақ әрі жеңіл. Ақшасыз жігіттерді жек көремін. Өйткені, олар ешқашан жарымайды. Яғни, бүгін ақша табуды білмесе, ертең де таба алмайды. Рас қой! Қалталы жігіттердің бәрі жаман деп кім айтты?!
Айна: Егер қарапайым қазақ жігітінің бастық әкесі, алып бара жатқан байлығы, көп ақшасы болмаса да, өз-өзіне сенімді болып,  басын тік ұстап, сүміреймей, жігерленсе бәрі болады. Ең бастысы – жігіттің ішкі жан-дүниесі мен өзіне деген сенімділігі. Соған мән беріңдер, қыздар! Егер жігіт өз-өзіне сенімді болса, ақшасы бар ма, жоқ па деген сұрақ тумайды.

Сіз не дейсіз?..

Айнаш ЕСАЛИ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі,

Тәуелсіз «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Ләйлім Маратқызы :

    Иә, қазір осындай біреудің бақытын бүлдіргісі келетін қыздар көбейді. Адамгершілік, сезім байлықпен өлшенбейді ғой. Оны көбіміз естен шығарып жатамыз. Кейде біреудің бағын тартып алуға тырысатын жандарда бар. Ертең ол тағдыр өз өмірінде қайталанатынын білмейді.

  2. KenntupeTror :

    Buy Synthroid From Canada buy viagra online Buy Cialis Online Credit Card

  3. Kelchoolo :

    Algodones Pharmacies cialis online Buy Prednisone Online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 + 3 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>