Көктемдей құлпырып, жасара беріңіз!

KMS_36918 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап, жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Ендеше біз Алматыдағы №176 мектеп-гимназиясының ер-азаматтары атынан мектеп директоры Аденова Гүлбағда Есейханқызын 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі таңда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, сонымен қатар ол мемлекетіміздің өркендеуіне, ұлттың дамуына, бүгіні мен болашағына өлшеусіз үлес қосатын қоғам мүшесі. Осы орайда Гүлбағда Есейханқызы да еліміздің білім саласына өзіндік үлес қосып жүрген білікті басшы, ұлағатты ұстаз екенін айтқымыз келеді. Ол оқушылардың өз қабілеттерін танытып, дамытуына да, ұжымдағы әріптестерінің алаңсыз жұмыс істеуіне де барлық жағдайды жасап отыр. Сол үшін де Гүлбағда Есейханқызына айтар алғысымыз шексіз. Білім беру саласының күрмеуі қиын мәселелерін рухани бай, пелагогикалық дарыны бар, шығармашылыққа жаны құмар, кәсіби оқу әдістерін терең меңгерген, жаңалыққа жаны құштар тұлғалар ғана шеше алады. Ендеше осы бағыттағы еңбегіңіз жана берсін! Сіздің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй әр күніңізге арқау болсын!
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш ететін көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында Сізге зор денсаулық, сарқылмас бақ, баянды бақыт, шадыман шаттық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Осы тілекті ұжымымздағы барлық қыз-келіншектерге арнаймыз! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Тілек білдірушілер:
№176 мектеп-гимназиясының жігіттері

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + 2 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>