Сен іздеген адам

6067– Әрең таптым ғой сені, тоқташы, тоқта! – деп Сен артымнан жете алмай келе жатыр екенсің.
Бірден жыға танымасам да тоқтадым. Ирелеңдеп жалғыз өзім арбаны сүйреп келе жатыр екенмін. Шаршағаным болар, тоқтаған соң тәлтіректеп барып әрең түзелдім.
Ол қаптағай денесімен келді де мойнымдағы қамытты бір қолымен іліп алып, мені шыбын құрлы көрмей жерден көтеріп алды.
Мен тыпырлап, әлі шырамыта алмай тұрған адамның құшағынан сытылып шықпақшы болып, көкірегінен итере бердім.
– Жаным-ау, мен сені табу үшін барымды, бүкіл өмірімді сарп еткен жоқпын ба? Көкірегімнен итере көрме! – дедің Сен.
– Сен кімсің өзі? Жібер!
– Мен сені сағындым! Өлердей сағындым. Күндіз де, түнде де сағындым. Тапқан кезімде де сағынып тұрмын. Құшақтап тұрып та сағынып тұрмын, – дедің Сен күрсініп. Дауысыңда зәредей де жасандылық болмағандықтан ба, әбден қажыған жүйкем дамыл таба бастады.
Қайтып бұлқынған жоқпын. Тау самалындай таза деміңмен шашымнан, бетімнен иіскей бастадың.
Мен де Сені сол кезде ғұмыр бойы күткенімді білдім. Бір қолыңмен мен жалғыз сүйретіп келе жатқан қамытты сүйретіп, бір қолыңмен мені көтеріп, ұзын-сонар кезекке келдік.
zwalls.ru-21775Өмір кезегінің соңында өңшең жырқылдап күлген қыз-қырқын тұр екен. Біздің кезекке қосылғанымызды көріп, қатын-қалаш мағынасыз күлкілерін тыйып, қызғанышы мен қызығушылығы аралас кейіптерімен бізге қарап тұр.
Бірден таныса бастаған мына бір «құрбымды» танитын сияқтымын. Сенімен бірден әңгімелесе кетті. Атыңды сұрады.
– Әбу… – дедің сен.
– Ой, менің қайтыс болған марқұм ағамның аты да Әбу еді… Ол да сіз сияқты еңселі, көркем, келісті азамат болатын, – деп бірден мойныңа асылып, сайқалдана құлағыңа сыбырлап тұр. Бір кезде қортық аяқтарын тіпті, арқаңа айқастырып алды.
Менде үн жоқ, тек көздерімді жыпылықтатып тұрып, Сенің көздеріңе көзім түсіп кетті. Тұп-тұнық жанарыңмен үнсіз «жабырқама» дедің. Шыншыл жүзіңмен маған бір түйір де қиянат жасамайтыныңды ұқтырдың. Тап-таза нұрлы жүзіңнен бір түйір сатқындық жасамайтыныңды білдіріп, тек көздеріңмен ғана ана сайтаннан сытылып кетуге мұрсат сұрап тұрсың.
Мен де үнсіз ғана қырық жыл Сені күткенімді, сәл ғана шыдай тұруға төзімім жетеді дегенді білдірдім.
Саған қол созым жерде тұрып,  мен де енді Сені ессіз сағына бастадым. Жүрегім езіліп қарап тұр едім, оянып кеттім.
Осындай да түс болады екен-ау! Бірақ, түс болса да, сол адамды қайтып көрмейтінімді біліп, көкірегіме шер қаптай  жөнелді. Көпке дейін көзім ілінбей, төбеге тесірейе қарап жата бердім. Адамға өмірде көрмеген адамы да түсіне кіреді екен-ау?!
Түсім болса да, өмір бойы түріңді осылай елестеткенімді білдім. Көзіңе көзім түскенде өзіне сенімді және өмірде өзіне не керек екенін анық білетін адамды көрдім. Осылайша, мен Сені, ең болмаса, түсімде көрдім-ау…
love3_1367012897Мейлі әйел болсын, мейлі ер-азамат болсын, есін жиып, етегін жапқан күннен бастап екінші жартысын іздейді.  Мың жыл бұрын да және мың жылдан кейін де қосағын іздеген адамның қиялында бір бейне және оған деген жүз түрлі талап болмай ма?!
Әйел адам тағдыр байласатын адамының елден ерек ақылды, еңселі, малтабар, мейірімді, жомарт… болғанын елестетсе, армандауға келгенде азаматтар да болашақ жарын сөзсіз сұлу, сөзсіз нәзік, ісмер, пысық, адал… болғанын қалайды.
Бірақ, қатал өмірдің шындығы біздің арман-тілектерімізге, талап-тізімдерімізге  құлақ асып жатқан жоқ. Уақыт өте келе, бала күнімізде қиялдаған адамға деген талаптарымыз азая бастайтын сияқты. Анандай болса, мынандай болса деген мың-сан елес, айналдырып келіп адамды адамгершіліктің айналасындағы қазықтарға байлайды.
Біз соңынан еретін, өмірімізді қолына беретін адам аспаннан ақ боз атпен де келіп түспейді, болашақ келіншегің де Ай десе аузы, Күн десе көзі бар, көктен пайда болған періште емес. Ол да ет пен сүйектен жаралған, Жер бетіндегі сан миллиондаған пенденің біреуі. Тәні сұлу болса, жаны сұлу емес, жаны көркем болса, түрі де қылқалам шеберлерінің кейіпкері болмай шығуы да ғажап емес. Оның да қателіктері, кемшіліктері бір басына жетіп артылады.
Өзіңе қарасаң, өзің де Алладан мінсіз жаратылған жан емес екеніңді ішіңнен білесің. Сен де жер бетіндегі жеті миллиард адамның біреуі ғанасың, кәдуілгі пендесің. Біреуден қабілетің артық, біреуден несібең кем. Сонда сен іздеген адам қандай болуы қажет?..
Айналамыздағы өзіміз ең бақытты деп есептейтін, жар табуда жаңылыспады деген жандардың барлығының өміріне терең үңіліп қарайықшы. Ол шаңырақты сырттан бөлген шымылдықтың ар жағындағы шындықты, қаншалықты бақытты немесе бақытсыз екендіктерін сол екеуі ғана біледі. Яки болмаса, олар өздерін қаншалықты бақытты немесе бақытсыз сезінеді?
Мына қызықты қараңыз, жартысын табуда жолы болмаған еркектерге жұрттың әйелі қыз сияқты көрінетіні рас. «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай – сұмырай» дейтін қатын-қалаш та аз емес.
Дегенмен, уақыт өте келе сен соңынан еретін азамат «тау көтерген Толағай да болмасын, тіпті, елдің аузындағы ақын, жұртқа сөзі өтімді әкім, сенатор да, көп бастаған серке де болмай-ақ қойсын…» деген тоқтамға бір күні келесің.
Ең бастысы, ол – жақсы адам болсын. Еңбекқор болсын, жіберген қателіктерін қайталамайтын есті болсын. Елді асырамаса да, сені және сенен шыққан бала-шағасын асыраса, онда әйел алаңсыз бір қолымен бесігін, бір қолымен әлемді тербетіп отыра береді.
Әйелдің міндеті – Әйел болу. Мейірімің, түсіністігің және адалдығың мен азаматыңа күш-қуат беру саған жұмыс. Оған сендің екен, ол адамның соңынан мәңгілік ердің екен, онда отбасылық құпия мен кірбіңнің бәрі де тек екі адамға ортақ. Оның сүрінгені, оның кемшілігі мен міндерін өз патшалығыңның сыры ретінде сыртқа шашпайсың. Бұл – ұлы саясат.
Әйтпесе, сен сыртынан қызығып жүрген жұптардың да ыдыстарының салдыр-күлдірі мен міні мың-сан.
Әрине, жұбайлық өмір өне бойы махаббаттан тұрмайды. Сіркесі су көтермей тұрса, көңілінің хошы жоқ кездерде ол сені ренжітеді. Сен де ренжіткен шығарсың. Тек оған  кешірімге келуге, өзіңді сабырға жеңдіруге мұрсат бер. Қайтып көріспейтін жандардай жүрегіңді жаралатпа. Тоғыз күнә түгілі, тоқсан тоғыз күнәнің бәрі де – тілден.
Егер кешірім сұраса, сен де шын пейіліңмен кешір. Ол да адам екенін түсін.
Әйтпесе, ол сені сүйеді, бір айыбы – сүйетінін және саған сенетінін күнде айта беруге, сәт сайын сезімін білдіре беруге мұршасы жоқ. Ол сен кинодан көріп жүрген лирикалық кейіпкер де емес. Ең бастысы, сен оның өміріндегі ең жақын адамы екеніңді түйсінеді. Ғашықтық балладаларын айтпаса да, ғұмырындағы барлық тіршілігі сенің айналаңда, саған қатысты өтіп жатқанын өзің де білесің.
Яғни, сен соңынан ерген адам, қалған өміріңді берген адам сен үшін күн сайын жұмысқа барады, саған оралады, сен отырған арбаны көштен қалдырмау үшін сүйреп барады…

Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

www.akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

5 пікір

  1. Лейла :

    Керемет жазылган!

  2. Keflex Staph Infection viagra Precio Cialis 20 Mg En Farmacia

  3. DorothyDeake :

    Revolutional update of SEO/SMM package «XRumer 16.0 + XEvil 3.0″:
    captcha breaking of Google, Facebook, Bing, Hotmail, SolveMedia, Yandex,
    and more than 8400 another types of captcha,
    with highest precision (80..100%) and highest speed (100 img per second).
    You can connect XEvil 3.0 to all most popular SEO/SMM programms: XRumer, GSA SER, ZennoPoster, Srapebox, Senuke, and more than 100 of other programms.

    Interested? There are a lot of impessive videos about XEvil in YouTube.
    Good luck!

    XRumer20170718

  4. DorothyDeake :

    Revolutional update of SEO/SMM package «XRumer 16.0 + XEvil 3.0″:
    captchas solving of Google, Facebook, Bing, Hotmail, SolveMedia, Yandex,
    and more than 8400 another size-types of captchas,
    with highest precision (80..100%) and highest speed (100 img per second).
    You can connect XEvil 3.0 to all most popular SEO/SMM programms: XRumer, GSA SER, ZennoPoster, Srapebox, Senuke, and more than 100 of other programms.

    Interested? There are a lot of impessive videos about XEvil in YouTube.
    Good luck!

    XRumer20170718

  5. cheap viagra germany
    viagra 100 mg
    buy viagra online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 8 = 15

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>