Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың кепілі

IMG_1246Жастарға рухани азық беріп, саналы ұрпақ ретінде қалыптастырып, мәдениетті, жан-жақты білімді болып өсуіне ықпал ету – кітапхананың
төл ісі. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана қызыметкерлері Елбасының саясатын зерделеп, жастарға Жаңа Қазақстандық патрио-тизмді түсіндіру жолында «Жаңа Қазақстандық патриотизм – интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді жүргізген Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы: «Адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттықты, Отаншылдықты, елжандылықты дарыту – қазіргі кезде негізгі мәселенің бірі болып отырғандығы баршамызға мәлім. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және Отан алдындағы жалпы жауапкершілігі…» – дей келе, дөңгелек үстелге қатысушыларға жас ұрпақты тәрбиелеу жолында сәттілік тіледі.
IMG_1300ҚР Мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси кеңесі төрағасының орынбасары Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясын жеделдетудің негізгі күші – жастар» тақырыбының маңызын түсіндіріп өтсе, «Қазақ и Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Базарбай Иманов «Қазақстандағы патриотизмді қалыптастыруда оралмандардың рөлі» жөнінде өз баяндамасында еліміз ұстанған көші-қон саясатының арқасында елге оралғандығын тілге тиек етіп, көші-қон саясатының мақсаты – Қазақстандағы қазақтардың санын арттыру және басқа ірі ұлттар жағынан ассимиляцияланып кету қаупінің алдын-алу екендігін айтты.
Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының аға сержанты Әшірбеков Ернұр Болатұлы Елбасының биылғы Жолдауындағы басым бағыттарына тоқталса, «Қазіргі жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың проблемалары мен әдістері» тақы-
рыбында баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының күндізгі оқу факультетінің басшысы, полиция полковнигі Майданова Айгүл Жолдасқызы: «Бізде білім алып отырған жас курсантар патриоттық рухтағы деңгейін өздерінің іс-қимылдарымен күнделікті дәлелдеп тұрады. Біз бүгінгі жастарды Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерімен тәрбиелеуіміз керек…» деді.
IMG_1297Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ҚР Ішкі істер Министрлігі Ұлттық ұланы № 6655 әскери бөлімінен Ғалымжанов Нұртілек Арыстанұлы, Ақтөбе қалалық білім беру мекемесі №9 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қадырова Нұргүл Серғалиқызы, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасынан бөлімінің кеңесшісі Бисембина Айгүл Кабиқызы және тағы басқалар әртүрлі тақырыпта баяндама жасап, әрқайсысы өз саласында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Дөңгелек үстел басында бас қосқан аға буын өкілдері мен түрлі салада қызмет атқаратын мамандар өз тәжірбиесіндегі әдіс-тәсілдерді, атқарылған және алдағы жоспарларымен ой бөлісіп, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Шараға Ақтөбедегі жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Гүлмайрам АЛАТАЕВА
АҚТӨБЕ

«Ақжүніс-Астана» журналы

www.akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 2 = 5

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>