Шымкенттегі өнер мұражайы

Шымкенттегі бейнелеу өнері музейіШымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында алғаш рет құнды туындылардың көрмесі ашылды. Көрмеде  музей директоры алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі байланыстар орнататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алғаш ұйымдастырылып отырған көрме үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. «Достық» суреттері сыр шертіп тұрған көрмеде түрлі ұлт өкілдері қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, бірлік пен ынтымақ, тұтастық идеясына топтасқан картиналар көпшілік назарына ұсынылды.
Екінші бағыттағы көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. «Аманат» бөлмесінде тарихи туындылар, батырлар мен жыраулар бейнелері, көшпенді елдің тұрмыс-тіршілігі суреттелген шығармалар қойылған. Ал көрменің үшінші бөлігіне құнды жәдігерлер топтастырылған. Яғни, осы уақытқа дейін еш жерде жарық көрмей қорда жатқан түпнұсқа картиналар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды.
Музейде құнды туындылар саны әзірге үш жүзден асады. 1939 жылдан бері бұзылмай сақталған суреттердің өнерсүйер қауымға ұнары сөзсіз. Сондай-ақ, алғашқы қазақ суретшісі Әубәкір Исмайловтың да суреттері көрмеден орын алды. Одан бөлек еліміз бен өңірімізге танымал М.Бараисов, Г.Пономаренко, О.Скородин, П.Природин, М.Қалдыбаев, А.Тұрсынов, Т.Тоғысбаев сынды ХХ-ХХІ ғасырдағы қылқалам шеберлерінің шығармалары қамтылған.
– Дәл осындай сәні мен салтанаты келіскен «Бейнелеу өнері музейі» республикамыздың өзге өңірлерінде некен-саяқ. Қазіргі таңда бейнелеу өнері музейінде 755 картина бар, олардың саны жыл санап артып, өңірдегі қылқалам шеберлері мен жас таланттардың шығармаларымен толыса бермек. Болашақта Германия, Ресей, Үндістан суретшілерімен мәдени байланыс орнату жоспарда бар, – деді музей директоры Айнабек Оспанов.

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 + 8 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>