Бағалаңдар басқа қонған бақытты…

фото-584Бүгінгі күн – біздің отбасымыз үшін ең қуанышты, бақытты күн, ұмытылмас күн! Ұлымыз Нұрлан арманының ақ құсындай адал жары Нарғызды алақанына қондырып, отау тікті! Үйімізде ұлы той, шаңырағымызда шуақты шаттық! Құлыным, қоңыр қозым Нұрашым, ақ келінім, бақ келінім – Нарғызым! Қадамдарың құтты болсын, жандарым! «Осы күнге жеткізген Аллаға мың да бір шүкір!..» дей отырып,
өздеріңе деген ақ тілегімді жеткізгім келеді…

Бір-біріңе шуақ шашқан күлкіңмен
Арайлансын әрбір атқан таңдарың!
Сендер мінген махаббаттың кемесін
Сәттіліктің желі ғана демесін!

Өмір – теңіз, тұңғиық та,  терең  де
Сырын ұғу үшін дәйім кемелден!
Бақыт деген – маржанындай теңіздің
Табар оны бойлаған жан тереңге.

IMG_2696Өмір – теңіз айдыны ғой, қарағым,
Кейде тыныш, болар кейде жауыны.
Болашаққа бет түзеген кемеңді
Шайқамасын нөсері мен дауылы!

Бағалаңдар басқа қонған бақытты,
Денсаулықты, содан кейін уақытты.
Парасатты ұрпақ өсір – тілегім,
Еске салар жарқыраған жақұтты!

Айналайын балаларым, өркенім!
Бүгінгіден мәнді болсын ертеңің!
Өмір – теңіз толқынында адаспай,
Жинамаңдар ақ арманның желкенін!

Ақ тілекпен,
Ата-аналарың Зүбайра, Мейірбек,
Іні-қарындастарың Назым, Нұрсұлтан.

«Ақжүніс-Астана» журналы

akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 пікір

  1. Augmentin viagra Cialis Generico Funciona

  2. Kelchoolo :

    Keflex And Clotrimazole generic cialis Ed Meds Online Discount Paypal

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


2 − = 1

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>