«Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді»

maaaАна жарық дүниедегі әрбір адамның ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қастерлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жылы алақанымен мәпелеген, қажет кезде жанын да аямаған ардақтысы. Адамның бойына біткен  ең жақсы қасиеттері бізге алдымен анадан тарайды. Ана дүниеге әкеліп, тәрбиесін беріп, дұрыс жолға салып жібергеннен кейін, оған жанашыр болу міндетіміз.
Менің анам – Жанғалиева Гүлсара Елемесқызы, алты ба-ланың анасы, бауырларының қамқоршысы, туыс-туманың  ақылшысы. Өзі де көп балалы отбасында өскен, білікті маман. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударин ауылының тұрғыны. Әкем екеуі ұл-қыз  тәрбиелеген, үлгілі  ата-ана.
Бүгінгі күні анам көпбалалы ана атанып, күміс медаль алып, 53 жастан зейнетке шығып жатыр. Құрметті зейнет жасымен құттықтау мақсатында анам туралы шағын ой толғамымды журнал бетінде жариялауды жөн көрдім.
mmЖанұяда  бір ұл, бес қызбыз. Әрқайсысымыздың бойымызға жақсы қасиеттерін сіңіре білді. Есімде, мектептен түсінбеген сабағымызды ерінбей түсіндіріп, түнгі сағат 2-3-ке дейін жанымызда отыратын. Біздің үйде балаларға арналған республикалық түрлі журнал, газет басылымдарының барлығы дерлік болатын. Анамыз  БАҚ арқылы қосымша әлеуметтік, саяси, қоғамдық, интеллектуалдық, патриоттық ой-өрісімізді дамытудан, қосымша білімімізді жетілдіруден шаршаған емес. Ол кезде балалық болса керек; «Неге мектептегі сабағымызға көп қатысады? Түу, осы сабақты қатты оқымасақ та болатын еді ғой! Басқаларының аналары  секілді сабағымызға араласпаса болады ғой…» деген секілді ойлармен кей сәттерде арпалысқанымыз рас. Дегенмен, осының бәрі анамыздың елден ерекше қасиеті екен. Соның арқасында барлығымыз жоғары білім алып, мемлекет гранттың иегерлері атандық, қалаған жоғары оқу орындарының студенттері болдық. Әпкем мен екі сіңілім Орал қаласындағы «Дәуір» академиясының, Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қызыл диплом иегерлері, мен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің қызыл диплом иегері атандым. Бүгінгі күні кіші сіңілім мен інім студент. Осының барлығын атап отырғаным, анамның көрегендігі мен сапалы білім алуымызға, әрқайсысымыз өзіміз қалаған мамандықта оқуымызға жағдай туғызғанын, әрбірімізбен ілесіп университет қабырғасына дейін келіп, сенім білдірген данышпандығын көрсеткім келді. «Мен саған сенемін, қызым!» деген сөзінің астарында өзіңе сене отырып, өмірде қате таңдау жасамассың деген үмітін астарлай жеткізген,  қыз балағы  деген терең тәлім-тәрбиесі жатыр емес пе?..
Анамыздың ерекше бір қасиеті өнерге деген, шығармашылыққа деген ұмтылысы, құрметі. 53 жасқа келсе де әлі күнге жиені Інжумен бірге түрлі ауылдық, аудандық, қалалық байқауларға, балабақшаның түрлі іс-шараларына қатысып, ән айтып, би билеп  жүлделі орындарды иеленіп келеді.
«Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді» деп Ғ.Мүсірепов айтпақшы, жүзінен жылуы кетпейтін асыл анамызды бүгінгі күні құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтаймыз. Алдағы өміріне тек қуаныш, мықты денсаулық, ашық аспан, тек ұл-қыздарының қызығын көріп, немере-жиендерінің тәтті де қылықты қылығына тоймай, әкеміз екеуі берекелі де тату-тәтті, мәнді де сәнді,  ұзақ  ғұмыр кешуін тілейміз! Зейнеткер атанғанымен көкірегі ояу, көңілі жас асыл анамызға алланың нұры жауып, тек қуанышты сәттері мол болса екен дейміз. Көңіліңе кірбің түспесін, Асыл анам!

 Құттықтаушылар:  
жолдасы, ұл-қыздары мен күйеу балаларының атынан
қызы  Сейітова Аягөз

«Ақжүніс-Астана» журналы

akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 1

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>