Жұмбақтар

image.phpЖұмбақтар балаңыздың зеректік, тапқырлық қасиетін күшейтіп, кез келген мәселені жылдам шешуіне жәрдемдеседі. Сәбидің логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, сана-сезімін дамытады. Жұмбақтарды баланың өзі талпынып, ойланып шешкені маңызды. Сондықтан біз кітапқа жұмбақтардың жауабын енгізген жоқпыз.

Көрмеген ешкім,
Дәмін татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық

***   ***   ***
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, кәне, кім атын?

***   ***   ***
Даладай
Кімнің кең пейілі?
Данадай,
Кімнің мол мейірі?

***   ***   ***
Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі ішкен ас.

***   ***   ***
Дәу үңгірдің қақпасы,
Жабылады ашылып,
Жоқ болса да топсасы.

***   ***   ***
Сырты орман,
Алды жазық, құрлықты,
Араласаң,
Табасың жеті құдықты.

***   ***   ***
Бес сауысқан,
Бес сауысқан басына
тас жабысқан.

***   ***   ***
Бір бұтақта бес тармақ,
Бәрінде бар мүйіз қалпақ.

***   ***   ***
Екі көл – кіл тынған,
Екі ну – құлпырған.
Жатса да қатар жарысып,
Көрмепті бірде танысып.

***   ***   ***
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінің ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ.
***   ***   ***
Қос жиек,
Ортасы ақ сүйек.

***   ***   ***
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат.

***   ***   ***
Түпсіз терең тұңғиық,
Бүкіл әлем тұр сыйып.

***   ***   ***
Күндіз
Қасыңнан қалмайды.
Бірақ,
Ешкім ұстай алмайды,
Қорқақ па,
Қараңғыға бармайды.

***   ***   ***
Жотада бар,
Кеуіп жатқан,
Жалғыз оқпан.

***   ***   ***
Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасында сабалаған.

***   ***   ***
Сәуле астында жүз кісі

***   ***   ***
Дөңнің сыртқы қабаты –
Қарлығаштың қанаты.

***   ***   ***
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.

***   ***   ***
Бунақты көсеу,
Тармағы бесеу.

***   ***   ***
Алқапта бар биік тау,
Алды тік жар қиық тау.
Қос үңгірі желдетіп,
Ауа жұтар селдетіп.

***   ***   ***
Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ.

***   ***   ***
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас.

***   ***   ***
Шыңда бар орман,
Құсы жоқ қонатын.
Тек қана қолмен,
Шөбі көп оратын.

***   ***   ***
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың
Бетіне бетегесі шығып жатқан.

«Ақжүніс-Астана» журналы

*«Әлдиден эпосқа дейін»
кітабынан алынды

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + = 8

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>