Бізге де ойлану керек сияқты…

102914453_large_114691_originalФламанд Брабанд провинциясы,
Херенд қаласы, Бельгия

* * *

– Әке, әке! Маған «Ерлан, Ерлан»  деп жатыр…
– Иә, балам, Қазақстаннан келді ғой, саған келді…
Бұл Бельгиядағы спорт клубы, ана доп қуып жүрген белгиялық балалардың ішінде қазақ баласы да бар. Оның аты Ерлан, Бельгияға  бір жасында келген. Футболға қатысып жүргеніне бір жылға жуықтапты. Нәтижесі жаман емес. Осы жерде футбол ойнаудың барлық тәсілін меңгеріп жатыр. Жалпы Бельгияда балаларды футболға ерте жастан бастап-ақ баулиды екен. Доп қуып жүрген бұл бала Алматыда Ерлан Қатабаев еді, Бельгияға келген соң Ерлан Бирбейк болды. Жасы алтыда.
– Сәлем Ерлан!
– Салем!
– Керемет! Сен қазақша білесің  бе? Атың кім сенің?
– Салем, Казакхстан!
Құлдыраңдап қолды аяққа тұрмайтын бала еді, есейіпті, бірақ әлі де сол, қимылы шапшаң. Бетінен сүйіп едім, балалардың көзінше ұялып қалды. Сықылықтап күліп жатыр.
– Папам келіп жаныма тұрсыншы…
– Балам, неге ұялып тұрсың, даусыңды шығарып сөйлей ғой. Өскенде кім боласың?
– Ұшқыш боламын.
– Футболшы болмайсың ба? – Ерлан басын шайқады.
– Қайда ұшып барасың, ұшқыш болсаң?
– Барлық елге ұшамын… Казахстанға…
– Қазір неге футбол ойнап жүрсің, жақсы көресің бе, футболды? –Ерлан басын шайқап күлді.
– Жоқ…
Veszprém-3-850x630Ерланның «ұшқыш боламын» дегені бекер емес, ол өзінің қазақ жерінен фламандар еліне ұшақпен жеткенін және оның түсі көк болғанын біледі, ұмытпайды. Ал достарының барлығы футболға әуес болғандықтан, Ерлан да  қалысқысқы келмепті. Әзірге оның армандары бала көңілі сияқты алып ұшып жүр. Суретші де, сәулетші де болғысы келеді.
– Ерлан, біздің қай жақтан келгенімізді білесің бе?
– Казакхстан…
Ерланды  асырап алған отбасы төрт жыл бұрын маған Қазақстаннан тағы бір баланы алғымыз келеді деп еді. Алыпты. Оның есімі Мерибан. Мына ұйғыр қызы енді біздің Ерланның қарындасы, үш жасында асырап алған екен, Есік қаласынан, қазір Ерлан екеуі ағалы-қарындастай тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Ерланның бір көзі қыли, нашар көретін еді, бірнеше рет жасалған операциядан кейін оңалды, Мерибан да жанары зақымданып туылған, қазір жағдайы жақсы.
Ерланның әкесі Брюссельде Әділет министрлігіне қарасты Прокуратура қызметкері, анасы телекоммуникация саласында жұмыс істейді. Қырыққа келгенше қызмет қуып, сәби сүймеген жұп қазір осы қазақстандық балалармен жарасымды. Ерланның асырап алған шешесі жұмысбасты, бұл жолы да көре алмадық. Католик дінін ұстанатын отбасы Ерланды да бір жасында өз сенімдеріне өткізген. Сөге алмайсың, әрбір қазақ баласын христиан ететін де, иудей жасайтын да ата-анасы. Біздің балаларды асырап алған шетелдік азаматтар қазақстандық ұл мен қыздың дүние есігін ашқан ай, күнін де, тегін де, сенімін де өзгертуге құқылы.  Есімін сақтап қалатындар некен-саяқ. Осылайша шетелдіктерге берілген күннен бастап, қазақстандық балғындардың тағдыры түбегейлі өзгереді.

Дирик Бирбейк, Ерланның асырап алған әкесі:  
– Балаларымызға жақсы тәрбие береміз, адамдарды құрметтеуге, кішіпейіл, сыпайы болуға үйретеміз. Бұрын Ерлан үйдің еркесі еді, Мерибан келгелі, өзін үлкен санап, оған қамқор болып жүреді. Өте қатты жақсы көремін, өмірімді оларсыз елестете алмаймын, осы екі баланы асырап алғаным үшін бақыттымын, егер өмірімді қайта бастау керек болса, айналып келіп осы екеуін алар едім. Өзімде не бар, бәрін беремін. Бақытты болғандарын қалаймын. Ерлан туған ата-анасы біз емес екенімізді біледі, бәрін ашық айтамыз, өскенде Қазақстанға барып, іздеймін десе, біз оған қарсы тұрмаймыз.

Болат Темірбаев, Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің консулы:
– Бұл балаларды кішкентай елшілер деп айтса да болады, екі елдің байланысын үзбей ұстап тұратын, олар барда екі елдің арасы ажырамайды…

Өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын, өзгерген сайын еуропалықтар өмірге ұрпақ әкелу қабілетінен айырылып жатыр. Кәрі адамдар өте көп. Кәріқұрлық барған сайын қартайып барады. Ал халык саны сырттан келген мигранттар есебінен шетелден асырап алган балалар есебінен толып жатқан сияқты. Бұрын бельгиялық әйел де бірнеше  баланы бағып үйде отырған. Қазір қырыққа дейін қызмет  қуып сыртта жүреді.
Сіз қалай ойлайсыз? Бізге де ойлану керек сияқты…

Жанар БАЙСЕМІЗОВА,
«Қазақстан» Ұлттық арнасы

Журналға дайындаған
Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

«Ақжүніс-Астана» журналы

akjunis.kz

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 + = 12

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>