Сәуірдің себелеген жауынындай…

Токаш БердияровТоқаш Бердияров – қазақ поэзиясының белді өкілдерінің бірі, от пен оқтың ішінде қару мен қаламды қатар ұстап, поэзияға өз дауысы, өз қолтаңбасымен келген. Оның оптимизм мен қайратқа толы «Оқ пен гүл», «Ескі паравоз», «Есіктің алды – көк терек» атты поэмалары мен көптеген жырлары қалың оқырман көкейінен ерекше орын алған қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар.
Тоқаш Бердияров 1950 жылы  төрт жылға созылған қиян-кескі ұрыс пен төрт жылдық әскери-теңіз өмірін артқа тастап, астанаға келеді. Кеше ғана қатігез жауға қарсы қару ұстаған буыны қатты қолға қалам алып, кешегі бір дүлей сезім мен кекті ызаны қайта тірілтіп:
«Майдан жолы сан қилы,
Тармағындай қолғаптың…» деп майдандағы ауыр кезеңді еске алады.
Соғыста атылған соңғы оқ – соғыстың соңғы нүктесіне айналып, жер бетіне бейбітшілік орнағалы да қаншама уақыт өтті. Содан бері денеге түскен талай жара жазылды, қираған үй орнына үй тұрып, қоңын оқ тесіп, ойылған жерге топырақ толып, көк шықты. Әйтсе де, халық соғыс зардабын ұмыта алмайды.
«Түніменен күркілдейді қос өкпе,
Не көрмеді бас мына?
Ардагердің бір аяғы төсекте,
Бір аяғы кереуеттің астында» десе, тағы бірде:

«Балдағының сықыры лағнет айтқандай
«Соғыс» деген өксікке.
Келе жатыр,
Келе жатыр мүгедек,
Жүрген жері – қос нүкте» деп жырлайды.
Осы жолдарды оқи отырып тыныш жүрегіңізге біреу біз сұғып алғандай дір етесіз. Кешегі соғыс жылдарында адам баласы шеккен қайғы-қасірет уақыт ұзаған сайын ұмыт болудың орнына әрқайсысымыздың санамыздан саңылау тауып, осылай оянып жатуы заңды да, өйткені сіз бен біз өмір сүріп жатқан мына бейбіт өмір – әр төбеде топырақ астында томпайып жатқан белгісіз солдаттар мен балдақ таянған мүгедектердің жалынды жастық шағы мен аянышты тағдырына айырбасталғанын пайымдаймыз. Дей тұрғанмен, біз ардагер қадірін біліп жүрміз бе? Осы орайда Тоқаш ақынның мына өлеңіне назар салайық:
«Жастық өтті ішінде тар окоптың,
Сонда дағы ол риза өміріне.
Ертең жеңіс күні еді…
кетті-ау, пері
Бізін сұғып батырдың көңіліне.
Бұл жағдайдың болдым ғой куәгері,
Төсегімде көңілім тыныш жата алман.
Ей, жақсы қыз
Кешірім сұра атаңнан!..»
Адам баласының бүкіл жарық дүниеге, барша жанға деген жанашырлық, сүйіспеншілік  сезімі өзінің кішкентай ауылын ес біліп, етек жапқанда көңіл көзі түскен туған табиғатын жақсы көруден басталады. Бұл сала – ақын шығармашылығындағы негізгі тақырыптардың бірі.
«Бұп-бұйра сағымданып белестері,
Сол бір шақ,
Көз алдыма Келес келді.
Орақ орып жүр екен егістікте
Бүкшеңдеген анашым  елестеді.
Мақта терім,
Мас ору, күзгі тірлік…
Бәрі-бәрі көрінді жүз құбылып…»

Немесе:
«Әжемнің ұқсап  жасыл өрмегіне
Өсіпсің сайға міне, өрге міне.
Сенің рухың тербетіп бесігімді
Сенің иісің сіңгенді жөргегіме.
Адыраспан,
Жүрегім, бауырымсың,
Жайлаудағы ақбоз үй, ауылымсың.
Шөптердің ең асылы – тәуірімсің,
Сәуірдің себелеген жауынысың…» деуі ақынның жәй айта салған ойы емес, кіндік кесіп, кір жуған жерін жан-тәнімен сезінгендігі болса керек.
«Күннің сәулесі – қымыз ғой,
Ішемін сусыным қанғанша.
Күннің сәулесі – сиырдың  емшегі,
Сауамын саусағым талғанша.
Күннің сәулесі – ақ мақта,
Қанарға қаптаймын.
Күннің сәулесі – алтын дән,
Күннің сәулесін сатпаймын».
Ақын күн сәулесін қымыз ғып ішіп, сүт қып сауып, ақ мақта етіп қаптап, көзбен ғана көре алатын құбылысты қолмен ұстағандай етіп суреттей отырып, қоршаған                                           ортамен тіл табысып, сол ортамен үндес өмір-салт қалыптастыруғе шақырады.
«Үні  шықпай күйбең қағып, абдырап,
Сабағынан еріксіз үзілді ескі жапырақ…»

Бұл «Былтырғы жапырақ» деген өлеңі. Күздің қара суығына, қыстың сықырлаған аязына төтеп берген ескі жапырақ, көктем туа күннің көзін сығалаған сәби бүртікке еріксіз ығысатынын нанымды етіп көрсетеді.
«Тірі әруақты жаңа толқын бөктерген,
Мықтылармен күресуге жоқ дәрмен.
Бұл табиғи заңдылықтың үлесі,
Ат тұяғын тай басады – Міне, осы!..»
Табиғаттың барша болмыс тіршілігі жалғасын тек қана үйлесім арқылы табатынын осы өлеңнен айқын аңғарасыз.

«Қыз-көктемнің сүйіп жасыл желегін,
Бұл жалғанның астым талай белеңін.
Бір-ақ мысқал бақытты мен іздедім,
Бойлап жүріп қасіреттің тереңін.
Балың, зарың қоржыныма сыймады,
О, жасаған, мол екен ғой берерің…
Лаж бар ма сыйлаған соң тағдырым,
Алдым бәрін – керек емес, керегін.
– Өміріңді екінші рет қайтала, – десе уақыт:
– Жоқ, рахмет! – дер едім».

Біз өмір жолындағы көрген-білгенін, көңілге түйгенін қалың жұртқа зерделі де, өрнекті көркем тілмен әдемі жеткізе білген айтулы жерлесіміздің шығармашылығынан азды-көпті сөз қозғап, көңілдегі ойдың бір парасын ортаға салдық.

Балтабай ҒАНИҰЛЫ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 пікір

  1. Cephalexin Side Effects Allergic To Amoxicillin generic cialis Keflex Allergy Alternative

  2. Kelchoolo :

    Cialis Se Puede Tomar Alcohol cialis Acheter Le Levitra

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 − 3 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>