Ләззат ДЕМЕУОВА: Менің жан анам!

IMG_5968Ләззат ДЕМЕУОВА,
Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты:

Менің анам – «перзентімнің табанына кірген тікен маңдайыма қадалсын» деп, бар ғұмырын отбасының бақытына, бауыр еті балаларына, өмірлік жарына арнаған, Бұқар жырау жырла-ғандай, «Он ай сені көтеріп, омыртқасы үзілген, аязды күн-де айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен» деп, өмірге он бала әкеліп, азамат етіп тәрбиелеген, басына қонған бақытты маңдайының тері мен адал еңбегімен тапқан, қазақтың қарапайым әйелі – Раушан Жолдасқызы Демеукеліні.
Анамның шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған жері өрісі малға, қойнауы қазынаға толған, шежірелі, қасиетті қарт Қаратаудың теріскей жағы:
«Байлығы-ау жатқан жалпақ қырға сыймай,
Кеудесі әнге симай, жырға сыймай,
Күлімдеп тұрған менің, Теріскейім,
Күнгейдің құдасындай, сырла-сындай…» деген жырға арқау болған Созақ елі. Созақ жайлы әңгіме қозғағанда С.Асановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Теріскей» әнінсіз елестету мүм-кін емес. Анам осы әнді естігенде бар ынты-шынтысымен тыңдап, «шіркін, біздің Теріскейді айтып жатыр» деп мәз болатын. Үйде радионы қойып қазақ әндерін тыңдайтын. «Радио менің абы-сыным ғой» деп отыратын. Бізге Теріскейдің кассетасын тауып әкеліп бер дейтін. Оны қайта-қайта қойып, жалықпай тыңдайтын. Кейде ыңылдап өзі қосылып, арасында көңілі босап, жылап алатын. Бәлкім сонау сағыныштың сағымына оранып, келмеске кеткен балалық шағын есіне түсіріп, туған жерін, ата-анасын сағынатын болар. Енді анамыздың туған жері қасиетті Созақ жері – Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкім-шілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шолаққорған ауылы. Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Сырға толы Созақ жерінде ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, исі мұсылман қастерлейтін, тіпті ат терлетіп алыс-жақыннан барып тәу ететін тарихи ескерткіштер көптеп кездеседі. Солардың бірі – Баба Түкті Шашты Әзиз мазары, Ысқақ баб әулие кесенесі, Қара бура әулие кесенесі, Саңғыл би кесенелері.
Резервная_копия_Raushan_9_20_01_13.cdrЕнді әңгіменің басын Баба Түкті Шашты Әзиз әулиеге бұрайық. Себебі нағашы атамыз Жолдас пен нағашы анамыз Ботакөздің балалары, бірін-бірі көрмей, сегіз баласы бірінен кейін бірі шетіней беріпті. Екеуі жаяу-жалпы Созақтағы қасиетті Баба түкті Шашты Әзиз басына барып түнепті. Түсінде алтындай бір қыз, асықтай бір ұл берем, үшіншісі неғайбыл деген аян көріпті. Көп ұзамай өмірге ағасы Қожабек, анам Раушан, сіңлісі Аягөз дүниеге келіпті. Бірақ сіңлісі кішкентай кезінде шетінеп кетіпті.
Анамның әкесі Жолдас он жасынан бастап арабша оқып, құранды Мұқтасарға дейін жатқа айтқан. Түріксіб бойындағы темір жолды салуға атсалысыпты. Ауыр еңбектің нәтижесінде көп ұзамай дүние салған екен. Анасы Ботакөз жетімдердің биі Сәмбет бидің немересі. Сәмбет би кішкентайынан көзі соқыр болған. Бірақ аузы дуалы, көріпкел, сол замандағы ел арасындағы дау-дамайды шешетін би-шешен болған дейді. Босана алмай қиналып жатқан әйел адамдарға бұл кісінің тақиясын апарса, аман-есен жеңіл босанатын дейді. Ботакөз әжем туылғанда түйесі қабат боталаған екен. Менің қызым бәсіресін ала туды деп атын Ботакөз қойыпты деп анам айтып отыратын. Жолдас атамыз Ботакөз әжемізге құда түсіп үйленген екен. Көзкөргендер Ботакөз әжені салмақты, өресі биік, адамгершілік қасиеті мол кісі болған деседі.
Анамның айтуы бойынша ағасы Қожабекті, әкесі жоқ болғасын ФЗО-ға алып кетеді. «ФЗО» деп отырғанымыз жұмысшыларды кен орнында жұмыс істеуге дайындайтын арнайы қысқа мерзімді оқу. Бүгінде ол кісі он баланы тәрбиелеп өсірген, үлкен бір әулеттің басшысы. Ағасы Қожабек қырық жылдан астам «Ачполиметалл» комбинатының Мырғалымсай кенішінде шахтер болып жұмыс істеген. Қазір құрметті демалыста. Жары Күнімхан екеуі он баланы өсіріп тәрбиелеп отырған үлкен жанұя. Қожабек нағашымыз «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларын жатқа білген.
Анасы Ботакөз өмір-бақи колхоздың жұмысын істеген. Баласы Қожабекті Ащысайда жұмысқа алып кетеді. Өзі таңертеңнен кешке дейін колхоздың жұмысына жегіледі. Сосын қызы Раушанды қасына жетектеп алып екеуі Созақтан жаяу-жалпылап Ащысайға баласының артынан барғанын, екеуінің жолда қиналғанын, аяғында аяқ киім болмай аяғына шөңге кіргенін, түнде қалай қорыққандарын жыр қылып айтып отыратын. Кейіннен Ащысайға орнығады. Сол жерден мектепке барады. Бойжеткесін әкеме тұрмысқа шығып, енесі Сиякүлдің қолына келін болып түседі.
Резервная_копия_Raushan_9_20_01_13.cdrЕнесі Сиякүл отыз екі жасында екі баламен жесір қалып, күні-түні колхоздың шаруасын істеген. Мұқағали ақын жырлағандай:
«Қайран біздің шешелер!
Арды ойлаған,
Шілік шауып, ши орап, бау байлаған.
Жігіттерден арылып, қалмай қараң,
Қырман басып, егін сап арба айдаған», демекші анасы Ботакөз де, енесі Сиякүл де сол кезде тылда еңбек етіп, колхоздың жұмысын бір кісідей істеген жандар.
Анам енесімен қалай тату-тәтті тұрғанын айтып отыратын. Апам деп атайтын. Жыл сайын 30 наурызда апамның үзілген күні деп Құран оқытатын. «Бейсенбі күні, арафада үзіліп, жұма күні, бірінші айт күні жамбасы жерге тиді, бұл анау-мынау адамға бұйыра бермейтін Алланың шапағаты» дейтін. Өзінің айтуы бойынша апам қайтыс болғанда молда айтты дейді: «жыламаңдар… не деген тамаша адам еді, о дүниеге сұраусыз барады…» деп айтты» деп отыратын. Бұл енемнің жақсы адам болғандығын көрсетеді дейтін.
Енесі мамама өле-өлгенше риза болып кетіпті. Марат, Болаттарды қойнына салып, әжеміз «бұларды туған әйел бұл маңайда жоқ, Алматыда ма, Москвада ма жүрген шығар» деп отыратын дейді. Кейіннен анам Алматыға көшіп келгенін Алла апамның аузына сол кезде салған екен деп отыратын. Енесі «қыз тумадым демеймін, Аллаға шүкір тәуба қылдым, қызымдай болдың!..» деп батасын беретін дейтін. Себебі әжем өмірінің соңғы кездерінде бұрынғы колхоздың ауыр еңбегінен бір қол, бір аяғы істемей қалған көрінеді, анам сол кезде жас балаша күттім деп отыратын.
Резервная_копия_Raushan_9_20_01_13.cdrАнамның сыйлап өткен, алдынан кесе көлденең өтпеген адамдарының бірі, өмірлік жары, отбасымыздың тірегі әкем еді. Ал әкем Нұрмахан туған-туысқа адамгершілігі мол, алыс-жақынды бағдарлап, көп ойланып, аз сөйлейтін адам еді. Математикаға өте зерек болатын. Әкемнің етінің тірілігі – он бес жасынан бастап жанұяның барлық жауапкершілігін мойнына алып, жас болса да жұмысқа тұрып, анасы мен інісіне қамқорлық көрсеткен.
Әкемнің тереңнен ойлайтын, зеректігін мына мысалдан-ақ көруге болады. Алғаш інісін, яғни көкемді Алматыға оқуға шығарып тұрғанда, бір таба нанды ортасынан бөліп, жартысын інісіне, жартысын өзі алыпты. Бұл жалғыз ініммен алыс жүрсек те бір нанды тең бөліп жейміз, тапқанымның жартысы сенікі, арамыз ажырамасын, іргеміз сөгілмесін дегені шығар. Мүмкін, кім білсін, сол нанның да құдіреті болар, бірін-бірін қатты қадірлеп, әкем інісіне «сен» деспей өмірден өтті. Бізді де солай үйретті. Демеудің екі ұрпағының арасындағы татулық пен ынтымақтастық әлі де жалғасуда.
Енді әңгімеміздің арқауы болып отырған анам Раушанның кейбір қасиеттеріне тоқталайын. Анам кез-келген адаммен тіл табысып кететін. Тіпті, өмірінің соңғы кезінде жан сақтау бөліміндегі медбикеге «әй, қызым, араласайық» деп айтыпты. Біреулерге жаны ашып жүретін. Соңғы рет Қалқаманда жатқанда қасындағы әйел қараусыз қалып бара жатса, «енді бұған кім қарайды?..» деп, сол кісіні уайымдап кетіпті. Кейіннен сол жан осы сөзін айтып әбден жылады.
Кейде ашуланса, «әй, сендерге мендей болу қайда?» деп отыратын. «Маған ешқайсысың тартпадыңдар» дейтін. Ал мені өзінің анасынан аумай қалғансың деп айтатын. Үйге кірген адамға шай бермей жібермейтін. Бірде учаскелік дәрігер апа 15 минутқа келдім деп, үйден түс ауа кеткен болатын. Папамның қан қысымы көтеріліп, үйге жедел жәрдем, рембригада келсе, бәрін отырғызып шай беріп, мені де өлшей салыңдар, қауқиған денем болмаса, мен де аурумын деп бәрін күлдіріпті.
Біздің сабағымызға қатты көңіл бөлетін. Бізбен бірге көбейту кестесін жаттап, бізді мектепке дайындап жіберетін. Нәтижесінде бәріміз мектепте жақсы оқыдық. Әсіресе сол кездегі ауылдағы мектеп директоры болған Алдамжаров Қосыбай ағай: «Нұрмахан ағайдың балаларының бәрі мектепті жақсы оқыды. Жеңешеміз қамыр жайып отырып, балаларына диктант жаздырып, көбейту кестесін жаттататын» деп үнемі ауылдың адамдарына үлгі қылып айтып отыратын. «Соның нәтижесінде бәрі Алматыда оқыды» деп біздің жанұяны әлі күнге дейін үлгі қылып отыратынын талай естідік.
Әсіресе кенже баласы Мархат дегенде анам ішкен асын жерге қоятын. Мархатты «Мәтөш» дейтін. Мархат бір төбе, қалғанымыз бір төбе болатынбыз. Москваға операцияға барар алдында «егер Мархатымды ренжітсеңдер екі дүниеде риза емеспін» деп қайта-қайта тапсыратын. Мархат ержетіп үйленіп, өз алдына отау құрды. Бірақ мамам үшін Мархат әлі кішкентай бала сияқты еді. Қолына түскен конфетін тығып, Мархатыма беремін деп отыратын. Мархат еркелеп «мама, ана қызыңызға ұрысшы» десе соның айтқанын орындап бізге ұрсатын. Мархат оған мәз болатын.
4Маманың тағы бір қасиеті – өте еңбекқор, көпшіл болатын.
Анамның жаңалыққа жаны құмар алғыр болғандығын, әсіресе, Ащысайда ұзақ жылдар мектеп директоры болған немере ағамыз Саден Кнатов ағайдың үйіндегі Хатима жеңгей «әттең Раушан оқымаған, оқыса профессор болатын адам» деп отыратын. Бізге әкеміз екеуі көкем Жамалханды өмірлерінің соңына дейін идеал ретінде үлгі қылып өсірді. Біз кішкентаймыз. Көкем ауылға жазда келетін, сонда бәрімізден емтихан алатын. Көкем келе жатыр дегеннен біз ауылға инспектор келе жатқандай сабағымызды қайталап, сұраққа мүдіріп қалмайық деп дайындалып жүретінбіз. Көкемнің емтиханынан бәріміз дұрыс өтетінбіз. Оған мамам жыл бойғы сабағымызды қайталатып, мектеп бағдарламасын меңгеруімізді қатты қадағалайтын.
Анам мен көкем Жамалхан (қайнысы) екеуінің сыйластығы ол жеке әңгіме. Көкем Жамалхан тұла бойы ізгіліктен жаратылған жан. «Жанам деген жүрекке от беретін», өзіне де, өзге де талап қоя білетін, біздің идеалымыз, біздің әулеттің көшбасшысы. Көкем бірде институтты жақсы оқығаны үшін Чехословакияға барыпты. Сонда өзіне зат алмай, өзі студент болса да анама (жеңгесіне) аяқ киім, кофта әкеліп беріпті. «Маған төрем әкеп берді» деп көршілердің бәріне көрсетіп қатты қуанып, қуаныштан жыладым деп айтып отыратын. Анам көкемнің үйге жазған хаттарын көпке дейін сақтап келді. Ол хаттарында анамыздың біздің сабағымызға көңіл бөлуін қадағалап отыруын сұрайтын.
«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деп Абай атамыз айтқандай, анам еңбек десе құлшынып тұратын еді. Бар жағынан жұмысқа үлгеретін, таудан сасыр жұлатын, малға да қарайтын, бізге де қарайтын, папамның алаңсыз мектепке жұмыс істеуіне де жағдай жасайтын.
Резервная_копия_Raushan_9_20_01_13.cdrОқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, сасыр дегеніміз тауда өсетін құнарлығы жоғары өсімдік. Оны жеген малдың сүті қою, еті дәмді болады екен. Сосын ащысайлықтар таудан жаз бойы сасыр жұлып, оны жинап қысқа дайындалады. Анам айтып отыратын, жұрт бәрі жиналып бір машина сасыр жұлса, менікі екі машина болатын дейді. Талғат ағама аяғы ауыр кезінде тауда сасыр жұлып жүріп ордалы жылан көріпті. Анам Талғатым тегін емес деп отыратын. Айтса айтқандай, Талғат үлкен-кіші бәріміздің қамқоршымыз. Әке орнына әкеміз, шеше орнына шешеміз. «Ата-ананың алғысын алу – тәңірінің мейіріне бөленумен бір» дейді. Әкем де, анам да Талғатқа сенім білдіретін.
Анамның еңбекқорлығын абысындары аңыз қылып айтатын, тіпті анама «автомат келін» деп ат та қойған екен. Өзі айтып отыратын: «Ағзан көке түн ішінде шахтадан келсе, (ол кезде жылы су жоқ) түнде тұрып самаурын қойып жылы суын дайындап, тамағын, шайын дайындап талай батасын алып едім» деп айтып отыратын. Анам 1997 жылы Мәскеуге операцияға кеткенде, Ағзан көке: «апырай, басқа ауырса да Раушан келін ауырмау керек еді ғой» деп қатты уайымдапты. Ағзан көке, атамыз Демеудің ағасы Кнаттың үлкен баласы.
1980 жылдар ауылда Бөген совхозында тұрамыз, ауылда үш атадан қосылатын Нұрбек ата мен Айша әжеміз тұратын. Ата ауырып төсек тартып, Айша әжеме жалғыз өзіне қарауға қиын болыпты. Нұрбек ата әкемді шақырып: «Мына кемпір мені төркініме алып кетем деп отыр. Мен қайын жұртыма не деп барам» деп айтқан екен. Папам сөзге келместен үйге қолымызға көшіріп алды. Біздің үйде үш жыл тұрғаннан кейін Нұрбек ата қайтыс болды. Нұрбек атаны ақ жауып арулап, қолдан шығарып салып, бүкіл Қоңырлар елінің алғысын арқалаған осы анам болатын. Анам айтады: «Ол кезде дүниенің қат кезі. Бір айлыққа қарап отырған кез, балалардың ересектері студент, кішкентайлары мектеп оқушысы. Сатушыға айлыққа дейін азық-түлікті қарызға бер деп өтінген екен. Сол жерде тұрған Ергеш ата: басқаға бермесең де Нұрмаханның үйіндегі келінге бер, бұл келін үлкен азамат, Нұрбекті күткен келін деп, көпшіліктің алдында мерейімді өсірді» деп айтып отыратын.
7Ал Ащысайда тұрған кезде Құлтан және Ұлшын апалармен көрші тұрыпты. Сонда анам екі үйдің тірлігін қатар істейді екен. Екі үйге нан жабады, кірін жуады екен. Ол үйдегі ата киімін таппай қалса, «Раушан келінді шақыр, сол біледі» деп отырады екен.
Алла тағала күндерден Рамазан айты, Құрбан айты, Арафа күні, Ашура күнін, ал олардан Арафа күнін, түндерден Барат түні, Қадір түні, Жұма түні, Айт түнін, ал олардан Қадір түнін таңдаған. Айлардан Режеп, Шағбан және Мухаррам айын, ал олардан Шағбан айын таңдаған дейді.
Анамыз Раушан осы қасиетті Режеп айында дүниеден өтті. Ал анамның қырқы ораза айтының бірінші күніне сәйкес келді. Бәлкім бұл да тегін емес шығар. Бұл да анамыздың Алла тағаланың сүйікті құлы болғандығын көрсетеді деп ойлаймын, солай болғай да. Ағылшын тарихшысы, философ Генри Томас Бокль: «Бәрімізді таңдандыратын бір нәрсе – тарих білетін ұлы адамдардың көбісінің тамаша аналары болған» дейді, өмірге алтындай он бала әкеліп адам қылған, соның ішінде республикаға аты танымал Мараттай, Талғат, Жанаттай азаматтарды әкелген анамыз, шынында да, тамаша жан еді.
Абай атамыз айтпақшы, «сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» дегендей, ағамыз Талғат анамыз ауырғанда қолынан келгенше қарлығаштың қанатымен су сепкендей барлық мүмкіндікті, қолынан келгенінің бәрін аямады, басқа балалары да атсалыстық, дегенмен, Талғаттың еңбегі ерекше. Талғатқа Алланың нұры жаусын деймін. 2010 жылдың ақпан айынан бастап шілденің аяғына дейін үй мен аурухананың арасын жол қылдық. Екі күннің бірінде үйге жедел жәрдем келіп тұратын. Кейде анам таңертең ауруханадан шығып, кешке жедел жәрдем қайтадан алып кетіп бара жататын. Анам он жеті мәрте ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. Талғаттың арқасында қай аурухана болса да, өз үйіміздей емін-еркін кіретінбіз, Анамызға барлық жағдай жасалды. Сол кезде жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз. Ал қызы Гүлсім анамның өмірінің ен қиын сәттерінде қасынан табылып, түнде бес оянса, бес тұрып, мазасыз түндерде, күлкісіз күндерде қасында болып, жанына жалау болды. Біз өмір заңдылығымен жан-жаққа кеткенде сіңлім Гүлсім анамның жағдайын жасады. Алла риза болсын.
Сонымен бірге қара шаңырақтың иесі болып отырған баласы Бағдат және келіні Роза да он жыл анаммен бірге тұрып, келіні енесінің көңілін тауып, енесінің батасын, халықтың алғысын алды. Басқа келіндер Меруерт, Сарғұландар мереке сайын сыйлықтарын әкеп, анамның көңілін сұрап тұратын.
«Тал бесікке тиген денең жер бесікке тиеді»  демекші, анамыз ажалдың құрығына ілініп кете барды. Соңғы демі біткенше, бала-шағасына ақ батасы мен ризашылығын қайта-қайта айта отырып, батагөй анамыз фәни жалғаннан өтті. Өзі ажалдың аузында жатса да артындағы бала-шағасының жарқын өміріне жақсылық тілеп, көзінен жас домалап жатқан ананың құдіреттілігіне қалай табынбассың! Аманжол Шамкеновтың өлең шумағында айтылатындай:
1«…О, аналар, осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет –
Сыйынар ем ана деген тәңірге!..» — демекші, Ана деген асылдың құдіретіне не жеткен?!.
Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали ақын да:
«…Аспанға жазам сенің есіміңді,
Тәңірім, кеше көрсін кесірімді…» – деп анасына жыр арнаған ғой. Бұл дүниеде теңеуі жоқ ана құдіреттілігіне табынарымыз даусыз. Шынында да, жер бетіндегі ана атаулының аялы алақанына, ыстық құшағына, ана құдіретіне тең келер не бар дейсің. Сондықтан отбасының берекесі, тіршіліктің бастауы болған аналар, сіздерге мың тағзым!
Анашым, мен сізді шынымен де сағынып жүрмін. Сізге деген сағыныш бұл дүниеде басылмайтын, өзіммен бірге кететін мәңгілік сағыныш. Ана, сіздің шуақты күлкіңізді, мейірімді жүзіңізді шынымен де сағындық. Сондықтан өзіңізге арналған естелік кітаптың атын «Сағындым, Ана, өзіңді» деп атадық. Анам менің аңсаған, ақ жаулығы басынан түспеген аузынан Алласы түспеген. Мынау жалған дүниеде өзіңдей жанашыр адам қайда маған?!. Міне, өзіңді аңсап, сағынып саған хат арнадым. Өзіңді ойласам өзегім өртенеді. Орның бөлек анашым, бізді тастап кете бардың. Алатауға шықсам – алдымнан шығар ма екенсің, Қаратауға мың барсам – алдымнан шығар ма екенсің?!.
Резервная_копия_Raushan_9_20_01_13.cdrСенің «айналайын» деген сөзіңе зар болып артыңда біз қала бердік…
Қазақтың шешендік сөзде-рінде: «Өлмесе қайда кетті – бұрынғының кәрісі, пайғамбардың бәрісі, жер жүзін жалмаса да тоймайды қара жердің талысы. Өткенге өкінбе, келмеске кейіме, өлім деген ұзақ жолдың алысы» деген екен. Алыс сапарға аттанған өмірдегі қимас жандарым әкем Нұрмаханға, анам Раушанға, бауырым Маратқа Алладан рақым, пайғамбардан шапағат тілейміз. Ақын, драматург Дэвенант: «Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші деген екен. Болашаққа сапар шегетін осы шағын естелік кітап арқылы әкеміз Нұрмаханға, анамыз Раушанға деген перзенттік парызымыздың мыңнан бір бөлігін өтегендей болдық. Бізден кейінгі келер ұрпаққа Нұрмахан әкеміз бен Раушан анамыздың жарқын бейнесін, тіршілік болмысын қолымыздан келгенше жеткізуге тырыстық…

АНАМДАЙ ЖАН БАР МА ЕКЕН, БҰЛ ФӘНИДЕ!

 

3Ағайынның алдынан
Қия өтпеген анашым,
Әулетінің алғысын
Арқалаған анашым.
Нұрбектейін атаны
Ақ жуып, қолдан арулап,
Аттандырған анашым.
Ерте тұрып, кеш жатқан,
Еңбек десе құлшынып,
Бейнеттен көз ашпаған,
Тірлігі жылдам болғасын,
«Автомат келін» атанып,
Абысын мен ажынға
Үлгі болған анашым.
Тұмсықтыға шоқтырмай,
Қанаттыға қақтырмай,
Он баланы өсіріп,
Батыр ана атанып,
Медаль таққан анашым!
«Айналайын, төре» деп,
Алақанға қайнысын,
Салып өткен анашым.
«Айналайын апам» деп,
Жас балаша мәпелеп,
Енесінің көңілін,
Таба білген анашым.
Түтінім түзу шықсын деп,
Отбасымның басы деп,
Күйеуінің алдынан
Қия өтпеген анашым.
Дастарқаны жиылмай,
Пейілі  еш тарылмай,
Қонағы төрден кетпеген,
Қазаны оттан түспеген,
Қонақжай болған анашым.
Зейнет көрер шағында,
Ауруға тап болса да,
Сыр бермеген анашым.
Көрсе де қанша қиындық,
Тағдырға еш налымай
Алладан күдер үзбеген,
Тәспісі қолдан түспеген,
Дініне берік анашым!
Су сұраса, сүт берген,
Құлағанда демеген,
Ауырғанда емдеген,
Анамдай жан бар ма екен?!.
«Таспен ұрғанды аспен ұр»
Дей жүріп жауын кешірген,
Қарсы тұрып дауылға
Мерейін әркез өсірген.
Ауыр жүгін тағдырдың,
Арқаладың, анашым!
Балаңды қимай өлімге,
Морт сындың-ау, анашым!..

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

20 комментариев

  1. Lashawnda :

    high rollers slot machines
    online casino real money
    top 10 online casinos in canada

  2. generic cialis work
    buy generic cialis
    how can i get cialis pharmacy
    =http://buywcialisnrx.com/#»>cialis coupon

  3. generic cialis reviews
    cialis online
    lowest viagra prices cialis levitra
    =http://cialisdenrx.com/#»>buy cialis

  4. buy cialis online without a otc
    cheap cialis online
    cialis soft tablets
    =http://cialisdenrx.com/#»>buy generic cialis

  5. cialis coupon
    cialis online
    viagra dejstvo cialis pills cialis
    =http://cialisdenrx.com/#»>cialis online

  6. generic cialis without prescription
    buy cialis
    buy tadalafil india no prescription buy
    =http://cialissknrx.com/#»>buy cialis online

  7. rolling stone ambien buy cialis online
    cialis online
    cialis
    =http://cialisdenrx.com/#»>cialis online

  8. buy cialis doctor online
    generic cialis online
    canada cialis generic sudden hearing loss
    =http://cialissknrx.com/#»>cialis online

  9. generic cialis from canada
    buy cialis online
    generic cialis online without prescription
    =http://buycialisgennrx.com/#»>cialis online

  10. cialis pill online
    buy cialis online
    cheap liquid cialis
    =http://buyhcialisrx.com/#»>cheap cialis

  11. non generic cialis
    buy generic cialis
    cheap cialis from canada
    =http://buyhcialisrx.com/#»>buy cheap cialis online

  12. buy online cialis cialis
    cialis
    generic cialis online canada
    =http://buyhcialisrx.com/#»>generic cialis online

  13. MichaelCob :

    Our organisation is expressively connected with a variety of invigilators, British congress data
    worthless managers and analysis centers, which enables us to make an impression on your scores in any ielts
    center about the humanity . All our certificates are ingenious and British Council
    certified. If you demand to cours bitcoin btc euros flatter an interrogation like press into service beneath details to contact us.

  14. Domenicviaph :

    You Keep Problems in getting the required scores in Ielts,Toefl, Pte, Esol, Toiec, Oet, Gmat, Gre, Nebosh, SAT, OPERATE, GED, Usmle, Psat, lsat, Celban, FCE, CAE,CPE, BEC, Fle, Tesol,???
    Call for Ielts certificate urgently in Australia, Saudi Arabia, Oman, Lebanon, Qatar, Canada, India, Dubai, Iran, Pakistan, Belarus, Kuwait, Germany, France, Egypt, Russia, Malaysia, UAE, Jordan, Yemen, Iraq, China, Canada, UK, USA, Uncharted Zealand,cours bitcoin en temps réel Anywhere… From British council or IDP licensed without bewitching the test?

  15. HI everyone, this is Beau here. We did not scheme on announcing this so primeval, but unfortunately having a local forum on our webpage has opened us up to persevering spamming during the past scattering days and week. Without a fulltime line-up of moderators we were just impotent to stopping-place the bull-whip of spamming and we would rather tang it in the bud now. All forums residue yield to scan, but get been closed to any modish posts. Disastrous little by little injure to deleting all the spam posts over the coming week.

    Our principle recompense moving to Reddit is we pull down a deliberation built forum where a lot of the quel est le cours du bitcoin Cryptocurrency community already resides, in extension to a slew of anti-spamming tools and features. There is ethical so many benefits to it, that had I be subjected to known in the word go purpose then I would take qualified started the forum there.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 + = 10