Гүлбахрам Байбосынова: Мәдидің кемшілігіне көз жұмуға болады…

picхххххҒ. Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының актрисасы Гүлбахрам Байбосынованы «Қара шаңырақ» теле-сериалындағы Алтынай бейнесінде көп адамның жақсы көріп кеткен рас. Театрдағы рөлдерінің өзі бір төбе. Қазір «Ай-Қарагөзде» Қарагөз бейнесін Гүлбахрам сомдап жүр. «Әке серті», «Ұзақ жол», «Шал» секілді картиналарға түскен.

– Халық сізді «Қара шаңырақтағы» Алтынай деп танып қалды. Көрермендерден «образды аша алған актриса» деген пікірлерді естідім. Әңгімемізді осы рөлге келуіңізден бастасақ…
– Театрдың жаңа жылдық мерекесі өтіп жатқан кезде маған түсіру тобынан хабарласты. Мерекелік кештен кім кеткісі келеді?.. Қиып бардым. Дәурен Серғазинмен және тағы бір-екі актермен проба жасап көрді. 3-4 күннен кейін Алтынайдың рөліне бекітілгенімді айтты. Қуанышымда шек болған жоқ. Келіннің бейнесін сомдау қиын да, оңай да болған жоқ. Иә, мен әлі тұрмыс құрмағанмын. Бірақ, табиғатымыз бір ғой… Анамның тәрбиесі бар. Тұрмыс құрған әпкелерім, құрбыларым бар. Көргендерім көмектесті. Өзім үй жинағанды жақсы көремін. Балаға қарау маған түк емес. Себебі, алдымдағы әпкелерімнің балаларын баққанмын.  Құдайға шүкір, бес әпкем бар. Мені тамақ істей алмайды деп ойлайтындар бар екен. Тамақты да қатырамын (күліп).
– Алтынайға қандай сипаттама берер едіңіз?
– Ибалы, сабырлы дер едім. Алтынайдың мінезіне, төзімділігіне  таң қаламын.  Құдай сақтасын, әрине, Гүлбахрам болса (өзін айтады – Э.Ә.) Мәдиге сұрақты еке есе қоятын еді. Алтынаймен ұқсас жеріміз – қарапайымдылығымыз.
11111211_1563156500610183_7808072369395635090_n– Сериалдағы Мәдидің айтатын сөздері Гүлбахрамның жүрегіне тимей ме?
– Ойнап жатқан Гүлбахрам ғой. Оның бәрін, әрине, жүрегімнен өткіземін. Өзім іштей қорытамын, кино екенін білемін. Ол, яғни Дәурен Серғазин екеуміз текстпен дайындалып жатамыз ғой, сол кезде өзі сөздерді қосып алатын. Естір құлаққа ұят «оттамашы» деген сияқты сценарийде жоқ сөздерді айтатын. Ондай жоқ қой деп тұрып қаламын. Артынан оған да үйрендік.
– Сьемка кезіндегі қиын-дықтар мен қызықтар жайлы айтсаңыз…
– Таңғы бесте тұрып, алтыда сьемка бастап жүрдік. Ұйқым қанбай жүрді (күліп). Күніне 8-10 сахнадан түсірдік.  Барлық актерлер басымыз қосылса, күлкінің астында қаламыз. Біреу айтып жатып, қалғанымыз үндемей қалсақ бітті. Күлкі қысады.  Жарты сағат бастай алмай тұрамыз. Арасында олар мазақтайды. Көзің түсіп кетсе, жиналуың қиын. Менікі көбінесе «всегда без настроениеде» жүрген образ. Тек соңғы серияларда әйтеуір Мәдимен жақсы болып кеттік  (күліп).
– Өзіңіз тұрмыс құрмаған сұлу да ақылды, талантты да табысты бойжеткенсіз. Мәди сияқты жігітке тұрмысқа шығуыңыз мүмкін бе?
– Негізінде Мәди жаман жігіт емес. Орта жолда сәл-пәл адасқаны болмаса… Өкінішке қарай, өмірде Мәди секілді адасатындар көп,. Адаспаңыздар дегім келеді.  Отбасын сақтап, аялағысы келген әйел адам бәріне көнеді екен.  Мысалға, Алтынай Мәдидің қаладағы басқа қызбен сөйлесіп жүргенін білмейді. Ондай жағдайды әйелдің білмегені де дұрыс па деймін?.. Бірақ, әйел адам бәрін сезеді дейді ғой! Сезгенмен, анық білгенде шыдамас па еді… Яғни, жалғасы болса.  Ол – кешірілмейтін күнә!  Әйел адам бәріне болмаса да, 80 пайыз көну керек. «Қыздың қырық жаны бар» дейді. Алтынай Мәди үшін, отбасы үшін, үкілеп, «айналайын» деп отырған енесі үшін де бәріне көнді. Көз жұмуға болады деп ойлаймын. Бұл ой жайында тұрмыс құрғаннан кейін басқаша жауап берермін бәлкім?..
11084301_1563157490610084_4470514186915417075_n– Ауылға келін болудан қашпайсыз ба?
– Шынымды айтсам, білмеймін. Үлкен шаңыраққа келін болып түсіп, бір жылдай келіндік міндетімді атқаруға қарсы емеспін. Сиыр сауудан да қашпаймын. Негізінде, істейін десе, бәрі де істей алады. Өмір бойы ауылда тұра алмаймын. Себебі, өнерімді тастағым келмейді. Менің жанымды түсінер жігіт «екінің бірі!» деп таңдау жасауға мәжбүрлемейді деп ойлаймын.
–  Сериалдағы енеңіз бен күйеуіңізден не үйрендіңіз?
– Ғайникамал апайдан сабырлылықты үйрендім. Кешке дейін сьемкада боламыз, кешке театр. Асығып жүрсем: «Асықпа, асыққан – шайтанның ісі. Қазір тез-ақ өтіп кетеді» дейді. Расымен солай болады. Ол кісінің де спектаклі болады, біз сияқты асықпайтын. Көп нәрсені үйрендім, жасырмаймын. Дәурен Серғазиннен де алған нәрселерім көп. Мықты режиссер. Текстпен жақсы жұмыс істейді. Керегін екшеп, керек емесін алып тастап отырады. Сценарийшілер де қателеседі дегендей…
– Өзіңіз жайлы толығырақ айтсаңыз…
– Жезқазған қаласының тумасымын. Өнерлі отбасының шаңырағында дүниеге келдім. Отбасымызда жеті баламыз. Мен егіздің сыңарымын, сыңарымның есімі – Гүлбарам. Жезқазғанда №13 қазақ-орыс орта мектебін тәмамдадым. Мектепте жүргенімде «Шашу», кейіннен «Мақпал» би ансамбльдерінің құрамында билегенмін. Сосын Алматыға  келіп Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясына оқуға түстім. Ұстазым – Рашида Хаджиева. Оқу бітірген соң  Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа тұрдым. Сөйтіп бастап кеттік. «Көгілдір такси», «Бөлтірік бөрік астында», «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» секілді қойылымдарда алғашқы қадамдарымды бастағанмын.
20909_1563157580610075_3767163351454036305_n– Жаныңызға қандай рөлдер жақын?
– Актриса бар рөлді алып шығуы керек. Өзімнің жүрегіме драма мен трагедиялық рөлдер жақын. «Қара шекпенде» Сылаң бикеш түлкінің образын сомдаймын. Сол үшін «Қара шаңырақтағы» Алтынай деп мені көруге келгендер бар екен. Басқа екенсіз ғой деген пікірлер айтып жатты. Негізінде кішкентай рөл болмайды дейді ғой. Рөлді актер не актриса қалай алып шықса, оны көрермен солай қабылдайды. Жаман рөлдерден, жағымсыз бейнелерден қашпаймын. Себебі, актер кереғар рөлден ашылады. Тахауи Ахтановтың «Ант» қойылымын дайындап жатырмыз, ол жерде басқа қырымнан таныламын.
–  Достарыңыз кімдер?
– Достарым көп. Дегенмен, жан құрбыларым – Жанель Мақажанова, Салтанат Бақаева, Зарина Кәрмен. Барлығы өнердегі арулар. Өнерде достық болмайды деп жатады, мен оған келіспеймін. Ол адамға байланысты. Бізді табыстырған – оқу ордасы, өнер.
– Арманыңыздағы рөлдеріңіз?
– Қазақы, классикалық рөлдерді армандаймын. Және тарихи рөлдерді. Әлия мен Мәншүк секілді батыр қыздардың рөлін сомдағым келеді.
– Арманыңызға жетіңіз!..

Сұхбаттасқан
Эльенора ӘМІР

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + 6 =