Біздің кітапхана

IMG_7707Қойнауына құт- береке дарыған Ақтөбе өңірі тәуелсіздікке қол жеткен жиырма жылдан астам уақыттың ішінде экономикалық-әлеуметтік даму барысында елеулі игі қадамдар жасап, ірі-ірі табыстарға қол жеткізіп отыр. Жерасты байлықтарын игерудің қалыптасқан жүйесін жетілдіруді ұштай түсу өз алдына, дамудың жаңа тұғырлы негіздері соншалықты ынта-жігермен жасалуда. Әлемдік технологияға сай келетін жүйелі жобасы жасалып, олар қарқынды түрде іске асырылуда. Жыл  сайын жаңа өңдіріс орындары тұрғын үй кешендері, білім, медицина, мәдени орталықтар салуға мейлінше көңіл бөлінуде. Қол жетімді баспана салу мәселесі жүйелі түрде жүргізіле бастады. Облыс тұрғындары осындай көлемдегі игі қадамдарға, атқарылған жұмыстарға қуаныш білдіріп, қолдау көрсетіп отырғанын да баса айта кеткен жөн. Жақында Ақтөбе IMG_7721қаласы тұрғындары жан сүйсінерлік тағы бір іске куә болды. Дәлірек айтсақ, бір мәдени ошақтың қоныс тойы болып өтті. Ол той – отыз бес жылдық тарихы бар, 15 жылдан бері қазақтың дарынды да сыршыл ақыны Сағи Жиенбаевтың есімімен аталған облыстық жасөспірімдер кітапханасына дербес ғимарат берілу тойы еді. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының ризалық сезімдері тым бөлек еді. Айта кеткен жөн, жасөспірімдер кітапханасы біреудің бұрышында, тар бөлмелерде жайғаса жүріп те халыққа тым тәуір қызмет көрсетіп жүрген болатын. Кітапхана ұжымы сол «азаптан» құтылып, өз алдына жаңа шаңырақ көтергеніне жүрекжарды қуаныш білдіру де орынды. Жаңа ғимараттың орны бөлек.
Облыс әкімдігі тарапынан, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен дербес ғимарат халықтың  игілігіне берілді. Елбасының тапсырмасымен  «Жұмыспен қамту жөніндегі 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елдімекендерді дамыту шеңберінде обьектілерді жөңдеу» бағдарламасы аясында халыққа келтірілген бұл ғимарат 1150 шаршы метр алаңға жайғасқан, екі қабатты ғимараттың бөлмелері, акт залы кең. Осы заманғы жабдықтар IMG_7751орнатуға аса қолайлы. Іргетасы 1956 жылы қаланған осы ғимаратты сақадай сай етіп жөңдеуге республикалық бюджеттен 47 млн. теңге қаржы бөлінген.
Айтса айтқандай, кітапхана ұжымы кітапхана қорының ұлғаюымен байланысты бір мекенжайдан екіншісіне көшіп, көп қиыншылықтарды көріп жүрді. Осы салтанатты жағдайда айтылғандай, кітапхана қызметкерлері қиындықтарға қарамастан талап деңгейінен көріне білді. Мектептерді, жоғары және арнаулы оқу орындары арасында патриоттық тәрбие сағаттары мен апталықтар өткізіп оқырмандар алдында үлкен беделге ие болды. Сондықтан да  бұл кітапханада оқырмандар саны жылдан-жылға арта түсуде. Кітапхана қорында барлық білім салалары бойынша 80 мыңға жуық кітап қоры  бар екен. Осы рухани байлықты жыл сайын сегіз мыңнан астам тұрақты оқырман пайдаланатын көрінеді. Кітапхана жұмысының бар ерекшелігі, жастарға арналған әртүрлі тақырыптарда атаулы қызықты кештер, кездесулер өткізіп тұрады. Бір ерекше байқалғаны, кітапхана ұжымы қазақ әдебиеті мен өнер қайраткерлері туралы оқырмандармен  жиі бас қосулар өткізіп, тәрбиелік мәні бар мазмұнды әңгімелерді жиі өткізіп тұрады.  Кітапхана қызметі мен IMG_7754жұмысының мазмұны бұдан былай арта түспек. Кітапхана заманауи  техникалық құралдармен жабдықталған. Кітап оқып, өз білімімді толықтырамын, мәдени-демалыс ошағынан рухани нәр аламын деушілерге жас ерекшеліктері талғанбайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарға пандус орнатылып, ерекше жағдай жасалған. Қазіргі кезеңде мәдениет саласы халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың талабын қанағаттандыруға, рухани  байлығын, жалпы қабілетін дамытуға  жоғары эстетикалық  талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді жүзеге асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Біз осы деңгейден көрінуге күш жұмсамақпыз. Қазіргі атқарылып жатырған жұмыстарымызда олқы емес, – дейді С.Жиенбаев атындағы  облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Марат Төлебайұлы.

Қадірбай БЕКМАҒАНБЕТОВ,
Қазақстанның құрметті журналисі    
АҚТӨБЕ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 + = 12

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>