Жұмбақтар

image description

image description

1. Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.

***   ***   ***
2. Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады.

***   ***   ***
3. Іші аумаған жүгері,
Түрі-түсі алмадай.
Ойымның жоқ бүгері,
Жесең бал деп қалмағай.

***   ***   ***
4. Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?

***   ***   ***
5. Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.

***   ***   ***
6. Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.

***   ***   ***
7. Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым.

***   ***   ***
8. Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.

***   ***   ***
9. Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі.

***   ***   ***
10. Асты тас, үсті тас,
Шағып жесең, піскен ас.

***   ***   ***
11. Аспай піскен,
Қайнамай түскен.

***   ***   ***
12. Сары қапта бір қап ұн,
Ұн ішінде бір ұстын.

***   ***   ***
13. Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың.

***   ***   ***
14. Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.

***   ***   ***
15. Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар.

***   ***   ***
16. Желілері жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.

***   ***   ***
17. Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып,
Тілменен,
Дәмін татқан ел білер.

***   ***   ***
18. Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.

***   ***   ***
19. Жерде жатып желіндейді,
Күзге дейін желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су бермесең шөлдеп жатыр.

* * *   * * *   * * *

20. Көлді жердің,
Үкілі аруы.
Өткір желдің
Саз тартар қаруы.

***   ***   ***
21. Бала-бала, балалар,
Мүйізінен су ішіп,
Таяғынан балалар.
***   ***   ***
22. Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.

***   ***   ***
23. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр

***   ***   ***
24. Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.

***   ***   ***
25. Кең алқап ақ түске,
Бейне бір малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.

***   ***   ***
26. Маржанын түзген,
Сатылап тізген.

***   ***   ***
27. Қос құлағы қалқайып,
Су ішкен сайын марқайып.
Күн ысыса тон жинайды,
Доп болғанда ел жинайды.

***   ***   ***
28. Мәуе ішінде тас,
Тас ішінде ас.

***   ***   ***
29. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.

***   ***   ***
30. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.

***   ***   ***
31. Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды,
Кезіп кетті сай-сайды.

***   ***   ***
32. Қызыл күрең түрі бар,
Тебіндеген бүрі бар.
Піскен кезде қаулайды,
Алтыннан бір аумайды,
Бал татыған нәрі бар,
Онда емнің бәрі бар.

fon_06_7

* * *

ҰЙҚАСЫН ТАП

Беріліп отырған жұмбақтардың бір ерекшелігі, бала бірінші жолға қарап отырып, екінші жолдың ұйқасын табуы керек. Бұл өте қарапайым тапсырма болғанымен, сәбиді өз бетінше ұйқас құрастырып, жеңіл тақпақтар шығаруға баулиды. Халықтық тәжірибеде қарттар немерелерін ырғақты, сазды сөйлеуге үйретуде осындай келте жұмбақтарды пайдаланған.

1. Түлік қой бұл киелі,
Кім білмейді …

2. Алға асығар ынтыға,
Жел жеткен бе …

3. Көлден тапқан ол тұрағын,
Алып шұбар …

4. Инедей ғой түрпісі,
Иен дала …

5. Қалса үнемі аш құр,
Тынбай ұлыр …

6. Тұрағы – мол қамыс,
Тарғыл аң – …

7. Ұзын мойнын керіп,
Қарап тұрар …

8. Серік болған аңшыға,
Қырағы құс …

9. Тентексің-ау, еркесің!
Ай мүйізді …

10. Жайылып келіп қиыр,
Күйсеп тұр ала …

11. Пайғамбардан бата алған,
Пайда көп-ақ …

12. «Асқар таудан алыс өт,
Былқысқа хат табыс ет», —
деп Сүлеймен жұмсаған
Хабаршы құс – …

13. Көркем ғажап түр-түсі,
Қырдың қызыл …
Терісімен қапталып,
Тымағымның тұр тысы.

14. Таспадай мың бұралған,
Қорқар бәрі …
Қабыршағы жылтылдар
Теңгелерден құралған.

15. Мұхит пен көл, арықта,
Мекен етер …
Аллам өзі бұйыртқан
«Адал ас», – деп халыққа.

16. Айбат қылар алыстан,
Аң патшасы – …
Ертегіден мен оның
Ерлігімен танысқам.

17. Сүп-сүйкімді, құртымдай,
Ұя салар …
Шипа шөптер жинайды
Ұясына бір тынбай.

«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан алынды

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 5 = 12

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>