Мен сені сүйемін, Өмір!

М.СулейменоваОсынау ерекше тағдыр иесін, сергек жанды бірінші рет телевизияға барғанда жолықтырған болатынмын. Әлеуметтік мәселелерге арналған телебағдарламаға шақырылған қонақтарды телевизия визажистері беттерін әрлеп, түсірілімге дайындап жатқан беті екен. Солардың ішінде кескіні келісті қызға қарап, тележүргізуші болар деп пайымдап отырғанымда, ол тұруға ыңғайланып еді, бір кісі балдақтарын әкеліп бере қойды…
Телебағдарлама барысында бұл қыздың «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының төрайымы Меруерт Сүлейменова екенін білдім.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды шын мәнінде қолдау мәселелері  мен   құқықтары көтерілген ток-шоу барысында талай жәйт айтылды. Сол жолы Меруерт санасының сергектігімен, әрбір мәселеде қызуқандылыққа бармай, нақты жағдаяттарға қатысты пайымды пікірлер айтып отырды.
Түсірілім аяқталғаннан кейін де аздаған юморы бар, көзі оттай жайнаған жанның қасынан кете алмай, аз-кем шүйіркелесіп, әлеуметтік желіде дос болып, реті келсе араласып, бір-бірімізге қолдау жасап тұруға уәделесіп кеткенбіз.
Уақыт өте келе, кейіпкерімнен сыралғы бола бастаған тұста, оның сан қырлы қабілет иесі екендігіне тағы да көзім жете түсті. Түйсігім алдамаған екен, Меруерттің өмірге құштарлығын көрдім, сырт көзге бірден байқала бермейтін жігерін, өзге де талант қырларын таныдым.
Айтқандай, арманы көп ару қыз бұл жазмышқа қалай тап болды?  Содан кейін де төсекке таңылып жата бермей, көзінің жасын құрғатып, қолына келгенше кісіге тәуелді болмауға, керісінше қоғамның ісіне белсене кірісіп, елдіктің ісіне араласуға күш берген нендей құдірет?
Осынау қайсар қыз енді, керісінше, тағдыр сынына ұшыраған талай жандарға қолдау көрсетіп, көптің сауабына бөленіп жүр.
Отбасының тұңғышы Меруерт Хадышқызы  Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Өзінен кейін де бауырлары бар. Мәтібұлақ ауылында орта  мектепті  бітіріп, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі.
Өкінішке орай, 23 жасында оқыс оқиға салдарынан, ауыр омыртқа жарақатын алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына кездейсоқ қосылады.
meru– Өмір болған соң, оның шуақты күндері мен бейнетті кезеңдері де болады екен… Осыдан 14 жыл бұрын, ауыр омыртқа жарақатын алып, 9 ай қимыл-қозғалыссыз жатқан сәттерде де жарқын күндерден еш үмітімді үзбедім. Болашаққа үлкен сеніммен қарадым, мені қиындықтан алып  шыққан Сезім мен Сенім! Алла салды, мен көндім деп қарап отырмай, жоғары оқу орнын аяқтап, журналист мамандығын алып шықтым. Елбасының тікелей тапсырмасымен бірнеше мәрте шетелде емделіп, осы күнде  ел қатарлы еңбек етіп жүрмін, – дейді Меруерт.
Оқырманға түсінікті болуы үшін Меруерттің Елбасының тікелей қамқорлығымен қалай емделгені жайлы сұрағанымызда, 2006 жылы «Литер» газетіне біздің кейіпкеріміздің тағдыры жайлы «Последний шанс» атты мақала шығады да, сол мақаланы Елбасы оқып, «Меруертке көмектесіңдер» деп тапсырма береді. Осыдан кейін ол Германияның Мюнхен, Ганновер қалаларында емделіп қайтады.
Бүгінгі Меруерттің бірінші байлығы, өмірінің мәні – отбасы, атқарып отырған қызметі десек те:
– Ең басты қуанышым – қызым Сардананың дүниеге келуі. Перзентім туылған сәттен бастап, өзім тағдырлас ата-аналардың қоғамда кездескен кедергілері мен қиындықтары, осы санаттағы ата-аналардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық қор құруға негіз болды. Осы күнде «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының төрайымымын. 2009-2011 жылдар аралығында Алматы телеарнасынан эфирге шыққан «Мен өмірді сүйемін» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болып қызмет атқардым, – дейді біздің сүйкімді кейіпкеріміз.
– Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2013 жылдың қараша айында осы атаумен  республикалық қоғамдық қор құрдым. «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорымыздың ең алғашқы жобасы, былтыр Республика бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауы. Қазіргі таңда  кішкентай балалары бар мүгедек ата-аналардың балабақша ақысын төмендету мәселесін көтеріп келеміз, әзірше нәтижесіз, алайда, бұл мәселе  келешекте оң шешімін табады деген үміттеміз, – дейді Меруерт.
Осы арада Меруерттің қорға жетекшілік етумен қатар, 2011 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, қоғамдық саяси бөлімінде кеңесші қызметін атқарып келе жатқанын да айту қажет. Бастаған істері баянсыз емес, жұмыстары нәтижелі.

Meruert SuleimeovaЗамандасымыз мүмкіндігі шектеулі жан үшін ел қатарлы еңбек ету, оның еңсесін көтерумен қатар, қоғамға өз пайдасын қосатынын жақсы біледі.
Алайда,  Меруерттің айтуынша, оларды жұмыспен қамту – ең өзекті әрі шешімін күтіп тұрған мәселе болып тұр. Мүгедектерді еңбекпен қамту мәселесі біздің елде ғана емес, көптеген дамыған мемлекеттердің өзінде де шешімін күтіп тұрған өзекті мәселе. Ал 2008 жылы Қазақстан мүгедектердің құқықтарына байланысты Конвенцияға қол қойды. Сол Конвенция негізінде «Ұлттық жоспар» жобасы қолға алынып, қазір қаралып жатыр. Бұл жоба 2014- 2018 жылдар арасында жүзеге асады деп сенеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартудың бірден бір жолы — оларды мүмкіндігінше еңбекке тарту. Еңбек ету арқылы адам басты үш нәрседен, яғни зерігуден, ауру-сырқаудан, мұқтаждықтан арылады.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген. Өкінішке орай,  Алматы қаласы бойынша мүгедек жандардың  тек 5 пайызы  жұмыспен қамтамасыз етілген. Оның басым көпшілігі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар, — дейді Меруерт Хамышқызы.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін бес саусағындай білетін Меруерт осынау түйткілді жәйттерге қатысты төмендегідей пайымдарымен бөлісті.
– Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді Әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, мүгедек адамдарды үш пайыздық жұмыспен қамту міндеттелген, алайда бұл заң  қағаз жүзінде бар да,  іс жүзінде межеге жете алмай отыр. Кез келген мекеме, кәсіпорын басшылары мүгедектерді, түрлі сылтауларды желеу етіп, жұмысқа алуға құлықсыз. Себебі Заңға сәйкес, жұмыс беруші мүгедек адамның еш кедергісіз қозғалуына жағдай жасау керек, яғни ғимараттардың қолжетімділігі болу керек. Мысалы, қоларбадағы адам үшін пандус, әжетхана, зағип жандарға түйсіну сілтегіштері, есту қабілетінен айырылғандарға жүгіртпе жолдары, жарық сілтегіштері қарастырылу керек.
Қоғамда  өмір сүріп жатқан осы санаттағы жандардың жұмысқа орналасудағы басты кедергісі – инфрақұрылымның жоқтығы, көлікпен қамтамасыз етілуінің аздығы, мүгедектердің біліктілігінің төмендігі сынды қиындықтар көлденең тұрып келеді. Алайда, Елбасының 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауынан кейін, бұл мәселеде сең қозғалғандай болды. Бүгінде мен өзімді, кемелденіп келе жатқан елдің және Елбасының аялы қамқорлығын көріп келе жатқан жандардың бірімін деп санаймын. Қай заманда да өркені өскен елдің, қарттары да, жастары да, тағдыры ауырлыққа тап болған жандары да, мемлекеттік қамқорлықтың арқасында емделуге, оқып, білім алуға, жауапты қызметтер істеуге мүмкіндік алған. Мен өз басым сондай жанның бірімін. Партияда еңбек етуімнің өзі сол қамқорлықтың белгісі деп қабылдадым. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істеймін, – дейді өмірге құштар ару.

 Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. KenntupeTror :

    Amoxicillin Insomnia Children viagra Allpills Shop

  2. Kelchoolo :

    Amoxicillin With Metamucil cialis buy online Comprar Cialis En Miami

  3. Kelchoolo :

    Finasteride 1mg Generic Propecia viagra online prescription Cialis Spezzato

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 − 7 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>