Әлі де сапалы дүниелер жасау керек…

Еркин НуржановЕркін Нұржанов есімі елге «Жігіттер» квартеті құрылған кезден таныс. Кейін топтан бөлініп шыққан әншіге тыңдармандар тарапынан алаңдаушылық болғаны да жасырын емес. Алайда, жеке әнші ретінде де Еркін Нұржанов өз талантын мойындата білді. Көптің көңілінен шығып жүрген әнші жайлы «Көркемдік кеңес» не дейді? Оқып көріңіздер…

Роза АлкожаРоза ӘЛҚОЖА, әнші:
– Еркін – сөз бен саздың қадірі мен құдіретін қатар түсінетін, қоңыр үні бар ерекше әнші. Оның басқа әншілерден артықшылығы – сөздің астарына үңіле біледі, әннің иіріміне бойлай біледі. Және жүрегіне салып жеткізеді. Ән деген отансүйгіштікке, адамға деген сүйіспеншілікке жетелеуі тиіс, ән ғибраттылыққа бағдар беруі тиіс дегеннің тұрғысынан қарасақ,  Еркіннің елге ұсынып жүрген ерен еңбегі елеулі дер едім. Мағынасы терең әндер айтады. Меніңше, Еркінді тыңдайтын аудиторияда шектеу жоқ сияқты. Үлкеннің де, жастың да көңілінен шығып жүрген әнші.

Алия Кудайбергенова2Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, журналист:
– Еркін Нұржанов деген есім қазақ эстрадасындағы ең жарық жұлдыздардың қатарында деп білемін. Оның әнін тебіренбей, мұңданбай тыңдамау мүмкін емес. Оны той әншісі болып кетті деп жазғыратындар бар. Мен оны жазғыра алмас едім. Тойға арналған әндерді мен де тыңдай алмаймын. Бірақ, Еркіннің билететін әндерінің өзінде сыр, мұң жатады. Ешкімге айта алмайтын құпия жатады. Ол кәсібіне адал азамат. Осы кәсібінен бақ тапқаны, халықтың сүйіспеншілігіне бөленгені, жұрт оның әрбір әнін тебіренбей тыңдамайтындығы – Еркіннің әншілік жолды дұрыс таңдауында. Ол анасынан әнші болып туған азамат. Тағы бір қасиеті – сөздің қадірін білетіндігі. Өнер адамдарының арасында ондайлар аз, жаттап алған сөздерін айтатындар бар. Майлықожаның «Ана қадірі» деген термесін шығарды ғой. Жақында «Айтуға оңайда» Еркін қонақта болған, сөз сөйледі, термесін орындады. Сол кезде Жанарбек Әшімжан орнынан тұрды да: «Ей, азаматым-ай» деп Еркінді ерекше ілтипатпен  құшақтап, біраз құшағына алып тұрды. Сөздің қадірі, әннің жүрекке жетуі ол. Ондай ақын-жазушылардың көңілінен әншілердің шыға беруі екіталай. Ата-анасын төрге шығарған, қарындасына қамқор азамат. Қарап отырып сүйсінесің.  Жалғыз ұл болса да, он балаға татитын перзент. Роза Әлқожамен шығармашылық байланысы сәтті дер едім. Екеуінің дуэтін көп сұрайды. Ол – талғампаз әнші. Ол кіммен ән айтуды білетін әнші дер едім. Өзін танытудан ада жүретін Шынберген Сүлейменовтей азаматпен шығармашылық үндестік таба білді.  «Жаным», «Қырғыз қызы», «Беу, дүние» деген әндер –  рахаттанып отырып тыңдайтын әндер. Өмірінде де, өнерінде де қақтығыстар, сағын сындыратын жағдайлар, еңсесін түсіретін уақиғалар көп болмаса да, бір өмірге жететіндей болды. Ол азамат қой. Жауырынын төсеп батырлар сияқты қарсы алды. Тек әнімен сырласа білді. Ешкімге мұң шаққан жоқ. Досқа адал. Оның тамырында қазақы отбасының, текті отбасының қаны ағып жатыр.  Жақында концертін бергелі жатыр. Сәттілік тілеймін.

АНАР-01Анар ШАМШАДИНОВА, ақын:
– Қазіргі қазақ эстрадасындағы мен үшін орны ерекше, даусы бөлек әншілердің алдыңғы қатарында Еркін Нұржанов тұрады. Еркін маған тек даусымен ғана емес, ақындығымен, ойлылығымен ұнайды. Қара сөздің қасиетін түсінетін қазақтың нағыз өкілі. Ол жас та болса, әндердің мәтінін түсініп орындайды. Өйткені, көптеген жас әншілер өздерінің не айтып тұрғандарын түсінбейді. Еркін әнін түсініп, Мейрамбек ағасындай сезініп, жүрекпен шырқайды. Оның репертуарындағы әндердің барлығы дерлік маған ұнайды десем де болады. Майлықожаның «Ана қадірі» термесін Еркін керемет орындайды. Мен ақын ретінде әннің мәтінін жаза беруге құмар емеспін, бірақ, Еркінге арналған әннің сөзін жазар ем. Өйткені, Еркін әннің әрбір буынын түсініп, ұйқасын сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, қазақ эстрадасында Еркін Нұржановтай әншінің барына қуанамын!

Жарылкасын ДаулетовЖарылқасын ДӘУЛЕТ, сазгер:
– Еркін Нұржановта құдай берген талант бар. Дауысы да көп ешкімге ұқсай бермейді. Қырылмен айтады, мұндай дауыстар сирек кездеседі.  Өзіне не керек екенін білетін, сезінетін әнші. Әндерінде мұң бар, зар бар. Сол болмысымен қымбат. «Жігіттер» тобынан бөлініп шыққан кезде, ән іздеп маған келгені бар. Кейде әншілер топтан шыққан кезде не істерін білмей дал болып, далада қалып қояды. Ол тоқтаған жоқ және тоқтамау керек те. «Жалғыз ұлға», «Қайтер едің?», «Шашыңнан иіскейін», «Кеш мені», «Лебізім», «Ана туралы жыр»  секілді ол орындаған әндер тыңдармандардың көңілінен шыққан. Бұл тізім жалғасуы тиіс. Сапалы дүниелер жасау керек әлі де… Оның ән өнеріндегі шығар шыңы биік.

Дайындаған Эльенора Әмір

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 пікір

  1. Kamagra Regime online pharmacy Atarax 25 Mg For Anxiety

  2. payday loans roanoke va
    payday loans online
    which loan

  3. online gambling websites nj
    casino real money
    online gambling real cash

  4. buy levitra no prescription canada
    generic levitra
    buy levitra cialis viagra

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


2 + 5 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>