Бағлан Әбдірайымов: Тез ашуланып, тез басыламын…

0rqoflu_wj0 Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» квартетінің әншісі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты :  Тез ашуланып, тез басыламын…

Бағлан, балғын балалық шаққа барып қайтсақ…

– 1983 жылы 17 қазанда ОҚО, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылында дүниеге келгенмін. Менен үлкен Бейбіт деген ағам шетінеп кеткен. Өзімнен кейін төрт қарындасым бар. Балалық шағым өте қызықты өтті. Ақ көйлек, қара шалбар киіп, қолыма гүл алып алғашқы қоңырауға барғанымды білемін. Кершетаста 5 сыныпқа дейін оқыдым.  Әкемнің қызметіне байланысты Абай ауылына көштік. Кейіннен Ақсу-Жабағылыға қоныс аудардық. Сол жерде Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепті бітірдім. Талонмен дүкенге баратынымыз әлі есімде. Ауламызда алма өседі ғой, соны теріп алып Түлкібаста перронда сатқанбыз. Асық ойнағанды жақсы көрдім. Тентектігім де болды. Балабақшада жүрген кезімде үйден сіріңке ұрлап, балабақша артындағы сарғайған шөптерді өртеп жібергенім бар. Қаңғыбас болыппын сосын. Үйге тұрмай, тентіреп кетіп қала береді екенмін де, үйдегілер таппай қалады екен. Абай ауылында тұрған кезімде жоғалып кеткенмін. Көкпар болып, Орлик деген атымыз бәйгеге қатысып үшінші орын алды. Сол жүлдені мәшинеге тиеп жатқанда, әкеме осы көлікпен кете берейін дедім. Менімен қайтасың деді. Сол екі ортада мәшине кетіп қалған. Көкпар бітеді, әкем мені көлікпен үйге кетіп қалды деп ойлайды. Ал, мен қасымда Арлан деген итім бар, сыртымнан киетін күпәйкем бар, соны оранып айдалада әкемді күтіп қалып кеткенмін. Қас қарайып келе жатқан кезде дауыс шығарып, қатты жыладым. Ешкім жоқ. Бір кезде кітаптарда суреттелетіндей 4-5 атты кісі келе жатты.

– Әй, кімнің баласысың?y4tde5qsg1s

– Рашидтің баласымын.

– Қай Рашид? Жаңа аты бәйгеден келген бе?

– Иә.

– Әкең сені жүлдеге айырбастап кеткен бе?

Олар қарқылдап күлді де, мені мінгестіріп алып, ауылдарына алып келді. Бір кісінің үйіне тоқтадық. Бәйбішісіне таныстырды. Сол үйдің балаларымен бірге борщ ішкенім әлі есімде (күліп). Сол үйде түнедім. Әкем үйге келген де, мені шақырған. Алдынан атып шығып, аттың тізгінін ұстап, әкемді түсіріп, ер-тоқымды шешіп, атты қораға байлау – менің міндетім. Анам шыққан да бала сенімен кеткен жоқ па?, – деген. Мәшинемен келмеді ме деп, көлікпен көкпар болған жерге барса, күпәйкені күзетіп Арлан отырған. Әкем сасқаннан: «Арлан, Арлан, Бағлан қайда?» деген ғой (күліп). Ол жаққа көлікпен баратын жол бөлек, атпен баратын жол бөлек. Атпен баратын жолмен төтесінен тартты ма екен деп жолмен жаяу қайтқан. Түнімен ауылдан іздеп таппаған. Таң атқаннан кейін ел-жұрттан сұрастырып, Жыланды деген ауылда деген хабар алады. Түс кезінде марқұм Әзиз деген ағам алып кетті. Аттың артынан мінгесіп алдым. «Неғып адасып жүрсің? Үйге барған соң шешең өлтіреді»,  – дейді. «Өздерің ғой кетпе деген, қимылдамай отырдым» деп алып, үйге жеткенше анамнан қорқып отырдым. Қатты қорқасың ғой кішкентай кезде.  Ауылға келдік. Бүкіл ауыл қуанды. «Аманбысың? Балам, қайда жүрсің?» деп жатты жан-жағымнан.  Анамды көріп қорқып тұрсам, «балам» деп егіліп жылап, сүйіп қызық болған.

Мектептегі Бағлан қандай болды?

 – Мектепті жақсы оқыдым. Химиядан нашар болып едім, әкем түсіндіріп бергеннен кейін түсініп кеттім де, семіз үш пен толық төртке оқыдым. Есеп сабақтарынан қиналдым. Белсенді оқушы болдым. Волейбол да, баскетбол да ойнадым. Қойылымдарда қыз да болдым. Ән де айттым, «Жігіт сұлтаны» да болдым. Ең алғашқы әнді Берік деген кластасымнан үйреніп алдым. «Кеш қалыппын» деген ән еді. Оның орындауында естіп, менің жан дүниеме жақын екен деп қолқа салып, үйреніп алдым. Көрші кластағы бір қызға ғашық болдым. Балалық махаббат қой. Анкеталарға да атын жазатынмын, хат арқылы сезім білдірдім. Алайда, кеш қалыппын ғой (күліп). Бізден бір жас үлкен жігітпен көңіл қосып жүр екен. «Қап, әттеген-ай, неғып ертерек сөз салмадым екен?» деп жүрген кезім ғой. Сондағы мақсатым – әнді айтып беру. Бір «бешірде» айттым, ол да әннің өзіне арналғанын білді. Ештеңе өзгерген жоқ. 9 класта «Жігіт сұлтанына» қатысып, екінші орын алдым. Бірінші орынды кластасым Жандос алды, оның ұтқан жері – таныстыруды домбырамен айтты. Сосын мен домбыраны үйреніп, термелер жаттадым да, 11 класта қатысып, бас жүлде алдым. Одан 4-5 мектеп қатысатын аймақтыққа қатысып, одан да бас жүлде алып ауданға бардым. Түлкібас ауданының да бас жүлдесін алдым. Облыстық байқауға дайындалғанмын, болмай қалды ғой, себебін білмедім. Сол кездері журналист болғым келді. Кейіннен спорт саласына да барғым келді. Дәл мектеп бітірген жылы әкем жол апатына түсіп, біраз уақыт ауруханада жатты. Қасында болдым. Әкемнің біраз әңгімелерін тыңдадым. Әкеме қарасам, мені оқуға түсіретін жағдайы жоқ. «Жігіт сұлтаны» болған кезде аудан әкімшілігі маған оқуға барарда көмек болады деді, бірақ ешқандай көмек болған жоқ. Сол сөзбен М. Әуезов атындағы университетке тапсырдым. Грантқа оқуға түсіп кеттім өз күшіммен. Мамандығым – музыкалық білім беру.

Боксқа қызығушылығыңыз жайлы не айтасыз?

         – Бокстың жанкүйермін. Боксқа әуестігім 2000 жылы марқұм Бекзат Саттарханов чемпион болған кезден басталды. Сол кезде көкейімде арман ұялап қалған. Алматыдағы Ерғали, Мұса деген ағаларым бокстасатын қолғап беріп жіберді, бокстасып жүрдім.  Студент кезімде 2-3 ай спортзалға бардым. 2006 жылы Алматыға келген кезде де «Елюхан» Муай-тай спортзалына барып, өзім үшін 2-3 жыл жаттыққанмын. Кейіннен Бахтияр Артаевпен таныстым, жақсы дос болып кеттік. «Чемпион» бағдарламасының әншілер арасындағы жеңімпазы атандым.  Қазір де жаттығуға барып жүрмін. «Қалай жаттығу жасайды? Қалай ойлану керек? Тағы қандай тәсілдер бар, қанша күш кетеді?» деген сұрақтарға жауап іздеп жүрмін. Ақыры боксшы деп жүр ғой, содан толық меңгергім келді.

Бахтияр Артаев екеуіңіздің достықтарыңызға көп адам қызығады…

k5wyzb2ymoa– Бізді таныстырған – екеуміздің ұқсастығымыз.  Бір тойда көрдім, амандастық да, номер алмастық. Тез тіл табысып кеттік. Бір адаммен мың рет таныссаң да, бір рет шәй іше алмайсың. Ол мықты жігіт, екенің бірі чемпион болып, биік дәрежеге жете алмайды. Адамгершілігі қандай, көзқарасы қалай?  деген оймен онымен достасу маған қызық болды. Түріміз ғана емес, мінезіміз де ұқсайды екен, кейіннен тағы ортақ тұстарымыз шықты. Сырымды айта аламын. Ортақ әңгімеміз көп, ол адамдарды жақындатады.

Сіз бокстың жанкүйерісіз. Ол досыңыз ән тыңдай ма екен?

– Әнге өте құмар. Әндерімізді тыңдайды. Караокеге барсақ, микрофон бермейді. «Азия» тобының «Ғажайып күй» әнін керемет орындайды. Мен спортшыларды  құрметтесем, ол өнер адамдарын құрметтейді.

–  Сіз «Бағала» деген ән орындап жүрсіз. Сол ән жайлы айтыңызшы.

– Ғалия Өзбекбайқызы бізге, яғни «Жігіттерге» 2-3 әнін беріп кеткен. Біраз уақыт өткеннен кейін осы әнді өзім орындағым келетінін айттым, жігіттер рұқсат берді. «Махаббатыңды бағала» деген тақырыпта болатын. Ол әнді Бағланға сөз керек деп Серік Сейтманға берген екен. Серік үйленіп, ауылында беташар болады. Келіншегінің сәлем салып жатқанын көрген кезде  «Қыз деген – ана, ана деп қара, бағала оны, бағала» деген өлең шумақтары келіпті. Бірден көңілімнен шықты. Тақырып ашылған. Кез-келген жерде сұрайды. Қанша уақыт өтсе де тыңдалатын ән деп ойлаймын. Себебі, бәрімізде ана, қарындас, қыз бар. Бозбала ержетіп бір арудың жары атанады. Сондықтан, бағалай білу керек!

Төрт қарындастың ағасысыз. Айтыңызшы, қазақ қыздарына ағалық қамқорлық жетісіп жүр ме?

–Кез-келген қазақтың баласы анасының сөзін жерге тастамайды, әпкелерін тыңдайды, қарындастарын аялайды деп ойлаймын. Ал, сыйламайтындар болса, олар – түпкі тамырдан дұрыс тәрбие алмаған, болмаса жаттанып кеткен, ұлттық салт-дәстүрден алыстау жандар. Нағыз қазақы жігіттер қазақ қыздарына зиян келтіре қоймас!fwm5-orcimk

Жеке репертуарыңызда не жаңалық?

– Біршама әндерім, дуэттерім бар. Жаза берсең ән көп. Арман Бердалиннің «Өкініш» деген өлеңін терменің әуеніне салып айтып жүрмін.

«Менен де  гөрі мықтырақ

Өзге бар сені ұнатқан, өкпелемеші» деген жолдары бар Табылды Досымовтың «Өкпелемеші» әнін ұнатып, репертуарыма қостым. Қарағандыда бір жігіт орындап жүр екен, дегенмен ән деген ортақ дүние ғой. Тақырыбы өзгешелеу екен, сол қызықтырды.  Жақында Тоқтар Серіков ағамыз: «Көптен бері ән тыңдай алмай жүр едім. Астанаға барып келгенше әніңді тыңдап қайттым», – деп жылы лебізін білдірді. Жеке басыма айтылған демеу сөз болған соң қуандым. Өзім тыңдап өскен ағалардан лебіз естудің өзі бір ғанибет! Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Ербол Спаналиевтің «Қызым менің» әні ән қоржыныма қосылды. Қызым Айқарагөздің 14642481_998441240277852_3201905240060284180_nқұрметіне жазылған ән.  Марқұм Есенқұл Жақыпбеков ағамыздың «Біздің елдің жігіттерін» сүйсініп орындаймын. Рух тақырыбына келгенде арқам қозатыны бар. Олимпиада чемпиондары бар, Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Мұхит Тұрсынов секілді барыстарымыз бар, бәрінің басын қосып, осы әнге бейнеклип түсіргім келіп жүр. Өсіп келе жатқан ұрпаққа рух беретіндей, жігерлендіретіндей дүние болса деген ойым бар. «Әр қазақ – менің жалғызым» деп Сабыр Адай айтпақшы, бұл іске келгенде мені қолдайтындар табылады деп есептеймін. Арманымды айтпаймын деп жүр едім… Және Қуандық, Аслан деген жігіттерге ағалық қамқорлық көрсетіп, сахнаға шығуларына, репертуарларына  көмектессем деген ниеттемін. Олардың талпыныстарын көргеннен кейін туған ой. Екеуінің басын қосып ән айтқызсаң, баяғы «Нұр-Мұқасан» шығады. «Аманат» деп ат қойдық. Қазақтың жаны әдемі әндерге шөлдеп жүр. Тыңдармен қос домбырамен екі дауыста орындалатын әндерді сағынған шығар деп кірісіп кеттік.  «Қапездің қоштасуын» жазып шықтық.  Ары қарай өздері алып кетеді деген үміттемін. Уақыт көрсетеді. Продюсер емеспін, сондықтан ауыз толтырып айта да алмай отырмын.p1l4zeqalgy ruz63bupznk

Сіздің мінезіңіз қандай? Сақ жігітсіз бе?

– Тез ашуланып, тез басыламын. Әкем де, анам да сөзшіл емес. Сақ емеспін, аңқаулығым бар. Өткенде бір бағдарламада алданып қалдым. Кейіннен қайталап көрдім, сәтсіз алдау болыпты. «Розыгрыш» деген нәрсенің басы қатты, аяғы тәтті болушы еді. Қайталап көріп едім, керісінше болып кетіпті.

Әдемі әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен: Эльенора ӘМІР

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Tadalafil Cialis 20 Mg viagra Levitra Effets Secondaires

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 − 1 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>