Татулығы таусылғандар

Бақыттың кілтіЕстеріңізде болса, «Ақжүніс-Астана» журналының 1-санында «Ажырасуға асықпа» деген мақала жазғанбыз. Дегенмен, пенделердің пешенесіне ажырасу жазылған болса, Алланың бұйрығынан асып қайда барасың?!
Өзгені қайдам, өз өмірімде ажырасудың азабы аз рөл атқарған жоқ. Менің ең аяулы адамдарым – ата-анам мен туылмай тұрып-ақ іргелерін ажыратып алыпты. Бір ғана ру тұратын біздің ауылда менен елі бөлек адам болған жоқ. Оны да сәл ес жия бастағанда білдім. Сондықтан да орыстар айтатындай, өңшең кәдімгі қара қарғалардың арасындағы ақ қарға сияқты едім. Бір сыныпта 30 бала болсақ та, солардың бірде біреуінің де ата-анасы ажыраспаған, бүтін отбасылары болды. Менің ғана әке-шешем өзімшілдіктерінің жолына мына мені құрбан етіп кеткендей көрінетін. Осыны білгенде, өмірге деген ең алғашқы өкпем өз әке-шешеме өкпелеуден басталғандай болған. Алайда, оларды ұғуға, жаратылысы бөлек екі жандарды түсінуге жылдар қажет болды. Олар мені дүниеге әкелгенімен, менің тағдырымды жаратпағанын қайдан білейін?!.
Ажырасқаннан кейін жағаға толқын шығарып тастап, аузымен ауа қармаған балықтай болған анама деген ренішім көл-көсір еді. Шешемді жұтып тынып, шерменде жылдар қасіретімді көмескілендіре бастағандай болғанда әкемді тапқандай болдым. Ол да адамгершіліктен аттап кеткен адамның қоры емес екен… Бірақ,  өз ортасында тумай, өгей тақсірет кешіп жүрген әкемнің – маған, менің – әкеме деген мейірімім мен ықыласым мәңгілік көмкерулі қала бермек. Демек, әке мен баланың ортасында болатын өлшеусіз жылулыққа жылдар салқынын салған, күндер тот бастырып, айлар алыстатқан адамдар болып қала бермекпіз. Ал мұндай тағдырлар тарихтың бетінде мыңдап, әрі қазсаң миллиондап табылады.
Бақыттың кілтіАнам да ақымақ емес-ті, әкем де жаман адам болмаған сықылды… Сонда сүйіп қосылған екі адам неге түсіністік таппады екен? Өмірдің өз ақиқатына жүгінсеңіз, жақсы менен жақсының, жаман менен жаманның, тіпті бір жақсы мен бір жаманның да түтіндерін түтетіп, бір отбасында күн кешіп жатқанын көз көреді. Олар бақытты ма? Бәлкім, мүлде бақытсыз болар?! Бірақ, ажыраспаған. Осыны көргенде, аз ғана айлардың аясында құштарлықпен қосылып, көп ұзамай-ақ ажыраса салған өз ата-анама деген өкпем қайтадан қара қазандай болып шыға келеді. Сосын бала көңілімде өз әке-шешеме «Өмірдегі ең өзімшіл адамдар!» деген диагноз қойып алып, менің бақытымды ойламағаны үшін әбден назаланатын күндер де есте.
«Егер олар бірге болғанда…» деп басталатын тәтті қиялдарымның шет-шегі жоқ болатын. Менің, бірақ, оларды сөгуге қақым бар ма? Әркім өз тағдырының қожайыны. Алла тағаланың әрбір жаратқан пендесі өзінің қате қадамдары мен жасаған күнәлары үшін Жаратқан иеміздің алдында жеке жауап бермек.
Мына қызықты қараңыз, әйелі әрі сұлу әрі ақылды менің бір досым өзінің жарымен ажырасуға мәжбүр болды. Тағы бір жігіт біткеннің сұлтаны сияқты көрінетін байырғы бір досым бар еді. Оның да келіншегі қыз біткеннің ішінен таңдап алған керімі-тін. Биязы мінезді, көп сөйлемейтін, сұңғақ бойлы, терең ойлы арудың дәп өзі. Болашақ заңгерге ата-анасы үнемі дәрігер келіншек ал деп ақыл айтады екен. Сондықтан да біздің жігіт бойдақ күндерін мединституттың айналасын торуылдаумен өткізіп, өзі армандағандай аруды тапқан.
Шығыс ғазалдарындағы хас сұлулардың келбеті қалай суреттелетіндігін  әдебиеттен хабары барлар біледі. Біздің Жәния да сондай жан болды. Мерекелерде көрісе қалсақ, жаңағы досымыздың әйеліне талай адамдар түріне тәнті болып, байыпты мінезіне риза екендіктерін жасырмайтын. Алайда, кермаралдай келіншек те күйеуінің толық бақыты бола алмады дегенге кім сенеді? Қияқ қасты, бұйра шашты, түрі келіскен жігіт осындай арудың жанында байыз таппай, отқа ұрынған көбелектей, көлденең жүрісін көбейте берді…
Сонда еркекке қандай әйел керек немесе әйелге қандай күйеу қажет? Әйелі бет біткеннің сұлуы дейтін танысым сондай қосағынан неге ажырады?
Әдетте, кейде көп адамды жоқтық ажырастырады, кедейлік кетіреді. Керісінше, бұл екеуі өз ортасының дәулеттілері болатын. Құрбымыз да қонақ күтуді білетін, керек болса, дастарханын жайнатып, қазанын дер кезінде қайнатып, қызметкер де, азпаз да, келін де, дос та бола алатын адам-ды.  Екеуі әр жаз сайын әлемнің жұмақ іспеттес қиырларын шарлап, мерекелерде бір-біріне алтын мен жақұттың жақсысын сыйлауға жағдайлары әбден жететін жұбайлар еді. Перзентсіздіктен де бетперделері ашылып, көңілі содан қалыпты деуге келмейтіндей, орталарында ұл да бар, қыз да туылған. Күндердің күнінде жарасымды дейтін осы жұп та екі жолға айырылып, балалары осы бөлек соқпақтардың арасындағы кездейсоқ сүрбелеңі көбейген жолаушылар сияқты күн кешеді деп кім ойлаған? Басқалар туралы әңгіме тіпті бөлек!
Сонда мәңгілік бірге болуға серттесіп, неке суын ішіп анттасқан адамдардың айырылуына бала да  себеп емес, сұлулық пен ақыл да септеспейтін сияқты ғой? Татулығы таусылғандарды байлық та бір шаңырақта ұстай алмайды екен.
Кейде қиындық пен жоқтықтың өзі де екі жұпты бір отбасының бақытына жұмылдырып, биік мақсаттарға жетелеп,   намыстарын  жани түсетінін көресің. Жуырда мен 17 жыл бұрын жоғалтып алған құрбымды кездейсоқ кездестірдім. Соңғы рет көргенде ол да өз тағдырымен алысып, жазмыштан жеңілгендей арпалысып жүрген-ді. Достығымызды бекемдеуге әрі-сәрі тіршілігіміз мұрша бермеді. Өмірдің бұралаң жолдары бізді адастырды. Қысқасы, Ақзер мектепті үздік бітірген, жеңіл атлетикадан спорт шебері болатын. Бұлғақтап тұрған бойжеткен балалықпен от басты, ішке шоқ түсті. Өзіндей етең-жеңі жиналып үлгермеген бозбала жігіттен  нәрестелі болды.
Маған сол жылдары Ақзердің некесіз баладан басталған бақытсыздығының бас-аяғы бітпейтіндей көрінетін.  Айта берсең, жақсы құрбының бастан кешкен қиындықтары жеткілікті. Баспанасыздық, жұмыссыздық… Режиссер Владимир Меньшовтың  «Мәскеу көз жасына сенбейді» деген әйгілі фильмін кім білмейді?! Сенсеіңіз де, сенбесеңіз де, менің байырғы құрбым қазір қоластында 200-ге жуық еркек қызмет істейтін бетон құятын зауыттың Бас директоры болып шықты.
Екеуміз қуана қауышқаннан кейін өзіміз білетін ортақ таныстырды түгендеуге көштік. Оның Арухан дейтін араларынан қыл өтпейтін досы бар еді.
– Арухан қалай? – деймін.
– Мен де оны 9 жылдан бері көрген жоқпын. Тек телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Қазір шетелде тұрады. Тұрмысқа шыққан…
Осыдан кейін Ақзер ортақ достың өмірін баяндауға көшті. Оның да көрмеген тәлкегі, жемеген таяғы жоқ. Осылай қиналып жүргенде Қазақстанға бір топ шетелдік делегация келеді. Ол кезде Арухан Алматыдағы Орталық Мемлекеттік мұражайда қызмет атқарып жүреді. Осылайша алыстан келген қонақтарға біздің қызымыз музейдегі экспонаттарды, халқымыздың тарихын нәшіне келтіріп таныстырса керек… Сол жолы оған Еуропа азаматы ұзақ бажайлап қарап, көзін алмаса керек… Бірнеше айдан кейін әлгі адам Қазақстанға қайта оралып, Алматыда ай жатып, қазақ қызына көңілін білдіреді. Уақыт өте келе, ол екеуі бас құрайды.
– Арухан жуырда елге қонаққа келмекші.
– Бақытты ма екен?
– Жолдасы екеуі өте тату тұратын көрінеді. Арухан оны керемет сыйлап, күтеді екен. Роберт те қалыспау үшін қолынан келген жақсылығын аямайтын көрінеді. Екеуі де мейірім мен сыйластыққа, қамқорлыққа зәру болып жүргенде бірін бірі тапқан ғой. Арухан: «Бақытты екендігім соншалықты, күйеуімнің аяғын жуып, сол жуындысын ішіп қоюға әзірмін» деді.
– Мұндай сөз айтқан әйел шынында да бақытты шығар?!
– Еуропа әйелдері ерлерін сыйлаудан қалғаны қашан?! Аруханның күйеуін сыйлап, аялайтындығы тіпті Роберттің достарының қызғанышын тудыратын көрінеді…
Ақзер әлі де Аруханның жұмақтағыдай өмірі жайлы баяндап отыр. Бірі естілсе, бірі естілмейді. Ал менің санамда досымның досы айтқан: «Бақытты екендігім соншалықты, оның аяғын жуып, сол суды ішіп қоюға әзірмін» деген сөз жаңғырып тұрып алды.
Әйел мұндай сөзді қай кезде айтады? Төсекте басы қосылған адамынан көңілі қалмағанда, жүрегіне қаяу түспей, сезімі суынбағанда ғана айтса керек.
Осы жолдарды оқып отырған оқырман мені қазақ қыздарының бақытын өзге ұлттан тапқанын неге ұлықтай береді деп күстаналайтын да болар?! Алайда, әңгіме бұл жерде шетелдікке шыққан қазақ қызы туралы емес, түсіністігі мен татулығын жоғалтпаған жандар туралы.
Ендеше бақытты болудың сыры да – ауызбіршілік пен сыйластықта!

Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

104 комментария

  1. Ерлан :

    Аллах разы болсын апке, не айтпак болганынызды тусиндим. Конилиме ыждахаттылыкпен туйдим. Осы жайлы менин де айтарым бар еди. Алла жазса сатин салып жазармын апке. Курметпен ининиз Ерлан.

  2. Aaronswemy :

    wh0cd381765 levitra

  3. CharlesGoppy :

    wh0cd72688 benicar

  4. CharlesGoppy :

    wh0cd72688 site

  5. CharlesGoppy :

    wh0cd143449 augmentin

  6. Aaronswemy :

    wh0cd103590 vigra

  7. CharlesGoppy :

    wh0cd143449 propecia

  8. Aaronswemy :

    wh0cd103590 lexapro

  9. CharlesGoppy :

    wh0cd143449 valtrex

  10. Aaronswemy :

    wh0cd103590 lexapro

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 9 = 12