Байлар мен МАИлар, кедейлер мен өгейлер…

…Соңғы кезде қайда жүрмейін, бойымды бір белгісіз үрей билеп алатын болды. Қалай құтыларымды білмей далмын…
Бұл – біздің Оралдағы Лұқпан Ахмедияров пен Бауыржан Халиоллаға атылған резеңке оқ пен сілтенген суық пышақтан сескену емес. Мүлдем басқа: тұла бойымды жаулап алып, жанымның түбіне, жүрегімнің тереңіне сіңіп алған үрей…
…Басты қорқынышым қазіргі күндеріме қатысты. Билік толы ұры-қарылар: қорғаныш көріп, полицияға айтсаң – қалтаңдағыны қағып, қалпағыңды теріс кигізеді; құқық қуып, прокурорға барсаң – өзіңмен қосып, заңыңды белінен бір-ақ басады; әділдік іздеп, сотқа сүйенсең – сотқарға жығып беріп, бала-шағаңмен бірге қоңыз тергізіп жіберуі кәдік…
кедейлерКөшелердегі қылмыскерлерден аяқ алып жүру қиын: оң жағыңда – жемқорлар, сол тұсыңда – нашақорлар; ортасында – қор болғандар, яғни, қарапайым халық…
Неге бұлай? Себебі, қоғамдағы әділеттілік, әлеуметтік тепе-теңдік бұзылды. Бұл – ешбір заңда жазылмаған табиғи заңдылық болатын…
Кедей – нанға тоймады, бай-бағлан – байлыққа тоймады. Кедей қинала берді, бағлан ұрлана берді…
Қазір сағат сайын Қазақ Елінде қымбатшылық кеңірдекті қысып барады. Қалың жұрт тісін-тісіне басып, шыдап бағуда. Бірақ, бұл шыдамдылықтың шексіз мерзімге созыла беретіндігіне, халықтың мәңгілік мәңгіріп жүретіндігіне біреу кепілдік бере ала ма?..
…Бүгінгі қазақтың шонжары мен кедейінің арасындағы кіріс 30 еседен асты. Мысалы, қарапайым кісінің айлық кірісі 40 000 теңге болса, шонжардікі кемінде 1 млн 200 мың теңгені құрайды. Мұның өзі менің ойдан шығарған ертегім емес, Білім және ғылым министрлігіне қатысты Экономика институтының Әлеуметтік бағыттау теориясы орталығының меңгерушісі Аманжол Қошановтың мәлімдемесі. Осындай қоғам мүшелерінің аражігі мейлінше алшақтап, кірістеріндегі айырмашылық жер мен көктей болған елде «әлеуметтік әділдік» қана емес, жалпы, қарапайым адами қатынас туралы айтудың өзі артық…
қайыршыБанкілерге ақша сақтаған депозиттердің 50 пайызы қоғам мүшелерінің 0,1 пайызына ғана тиесілі екен, яки, байлар ғана банкіге ақша салады. Кедей байғұстың тапқан-таянғаны нан-шәйіне жетер-жетпес болып жатса, банкіде несін сақтайды?..
Ресми ақпарат 2011 жылғы инфляция 8,3 пайыз болды дегенімен, іс жүзінде бұл көрсеткіш бірнеше есеге көп. Шикізат сатып қана күн көріп, ұрлап-жырлаған елде басқаша болуы мүмкін де емес…
Әлемнің барлық елдерінде кедейшіліктің ұлттық шегі болады. Мәселен, қазір Қазақстанда оның шегі 13 487 теңгені құрайды, көршілеріміз Ресейде, шамаман, қазақтың 30 мың теңгесінің деңгейінде, Қырғызстанда 11 мың теңгенің төңірегінде. Сонда жері мен елі шектеулі, бары мен байлығы есептеулі, қайта-қайта қырғын көрген қырғыздан алшақтап кете алмағанымыз қалай?..
Бірақ, біздің арсыз шенеуніктеріміз «өтірікті – шындай» етіп, жалған сөйлеудeн жаңылмауда. Біздің төлеген салықтарымыздан семіріп алған Статистика агенттігінің басшылығы беттері былш етпей: «Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, елдегі ең бай 10 адам мен ең кедей 10 адамның кірістерін салыстыратын қор коэффициенті» көрсеткіштері соңғы он жылда Қазақстанда бұл айырмашылық 1,5 есеге төмендеп, халықтың әл-ауқаты анағұрлым жақсарған…» – деген мәлімет таратты.
Шын мәнісінде, біздегі ауыл адамдарының кедейшілігі қала кедейлерінен бес-он есеге өсіп кетті. Ең кедей адамдар оңтүстік өңірлерде, сосын, Солтүстік пен Батыс аймақтарында (мұнайлы өлкеде!) тұрып жатыр. Танауларына есекқұрт кірген бай-жонжарлардың дені – Астанада…
…Қайтіп күн көреміз, қазақ бауырларым?!. Қашан ел қатарына қосыламыз? Әлде, жаппай Астанаға көшеміз бе?..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

15 комментариев

  1. талғат :

    Дәніккеннен құныққан жаман. Үкімет қара халықты өзіне карсы қойып алғаны, түбін де жақсылыққа апармайды. Жаңаөзеннен сабақ алғаны дұрыс. Халыққа күш қолдану арқылы, ұстап тұру мүмкін емес. Елге тыныштық керек.Тыныштықтың құралы еліне адал қызмет ету. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын десек, ел басқарған азаматтар тәубасына келсін.

  2. Әбеке :

    Бүгінгі күннің ащы да болса шындығы осы…»Ауруын жасырған өледі» деген. Қазір жемқорлықпен күрес деп ұрандатып,сол күресті жемқорлардың өздеріне тапсырып қойды.Бұрын я Құдайдан,я Өкіметтен қорқатын еді. Қазір екеуінен де қорықпайтын болды.»Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуші еді бұрынғылар.Болашағы бұлыңғыр тұңғиыққа батып бара жатқандаймыз…

  3. cialis cheap usa
    viagra without prescription
    cialis generique discount

  4. eu casino signup bonus code
    casino real money
    blackjack games

  5. price autocad 2013
    autocad 2018
    autocad for download

  6. cialis and sleeping pills
    buy viagra online
    can cialis pills be split in half

  7. cialis china cheap
    viagra without a prescription
    generic cialis cheapest price

  8. cheap generic cialis uk
    viagra generic
    cialis buy cheap

  9. cialis cheap online pharmacy
    viagra no prescription
    cheap indian cialis

  10. lloyds pharmacy online uk
    canadian pharmacies online prescriptions
    Canadian Online Pharmacy

  11. buy cheap cialis line
    cheap cialis
    buy cialis in india

  12. windows 10 pe 64 bit download
    windows 10 download
    ventajas de windows 10 sobre windows 10

  13. viagra cheap online uk
    viagra tablets
    where can i buy viagra yahoo

  14. Seismic Loop Keflex Drug Medicine online pharmacy Viagra preisvergleich rezeptfrei Cialis Sin Receta Foro

  15. microsoft updates not installing windows 10
    office 2013
    buy oem windows 10

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 + 6 =