Асылхан ТӨЛЕПОВ, жас актер: Әзірше ұшып жүрмін…

Асылхан Төлепов– Асылхан, «жерге түстің бе», әлде әлі де «ұшып жүрсің» бе?

Өзіңіз қалай ойлайсыз, бұрын толықметражды тарихи экшн түгілі, он секундтық жарнамаға түсіп көрмеген жас актердің дебюттық жұмысы анау-мынау емес, «Мыңбала» сынды жоба болса және оны Ақан Сатай мырза түсірсе, ұшпау мүмкін бе? Әзірше ұшып жүрмін…(күлді)

Танымалдылықтың дәмі қандай екен?

– Жаман емес.Танымалдылықтың «тәтті дәмін» сезіп жүрмін… Қалжың ғой. Бұрынғы қалпымнан өзгеріп кеткен түгім жоқ. Қоғамдық көліктермен жүремін. Жақында бір журналға сұхбат бердім, сонда қызық болды. «Көлігің қандай?» деген анкеталық сұрақтары бар екен. Басқалары «тойота», «джип» деп жазғанда, мен «автобус» деп үлкен етіп жазып қойдым… Ата-анам «ұлық болсаң, кішік бол» деп құлағымызға құйып өсірді. Сол нақылдан аттап кетемін деп ойламаймын.

Қыздар көп мазалап жүрген жоқ па?

– Жоқ, қазақтың қыздарынан ақылды қыз жоқ қой… Олар барлығын орнымен жасайды. Құлақтарына алтын сырға, басым бос… (күлді)

Қандай қыздар ұнайды?

– Қазақша таза сөйлейтін, ұлттық салт-дәстүрді білетін қарапайым қыздарды ұнатамын. Бір қызығы, мені танымайтындар«қазақша білмейді» деп ойлайды екен. Сондықтан да болар, барлығы орысша сөйлеп бастайды. Ал мен ерегесіп таза қазақша жауап беремін, сонда «сені қазақша түсінбейді екен деп ойласақ…» деп таңқалып жатады.

Асылхан Төлепов«Жаужүрек мың бала» фильмінен қанша гонорар алғаныңды білуге бола ма?

– Ол жағы құпия. Бір айтарым, өзіме жетеді. Ұсақ-түйекке құртпай, банкке депозитке салып қойғаным жөн деп шештім…

– Жарайсың! Өзің жап-жас болып, пысық екенсің…

– Қайдағы жас? Жиырмаға келдік қой. «Болар бала он бесінде баспын дер, болмас бала жиырмасында жаспын дер» демей ме Төле би атамыз?

– Иә, «үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған жігіттен без» демекші, нағыз болашақты ойлайтын азамат екенсің…

– Азамат деген атқа лайық болуа тырысамыз…

– Туып-өскен ортаң жайлы әңгімелеп берші…

1992 жылы мамыр айының 21-жұлдызында Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келдім.Ата-анамқарапайым адамдар. 8-сыныпты аяқтаған Айдана атты қарындасым, өнерді менен ертерек бастаған Артур деген ағам  бар. Ең қызығы, қарындасым екеуіміз бір күнде туылғанбыз. 1996 жылы отбасымызбен Алматы қаласына көшіп келіп, 2008 жылы М.Дулатов атындағы қазақ орта мектебінде 9-сыныпты  бітірдім. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжіне «актер мамандығы» бойынша Есім Сегізбаевтың шеберханасына қабылдандым. 2011 жылы колледж дипломы қолыма тиген соң, Өнер академиясына оқуға түстім, Дариға Тұранқұлова апайдың шеберханасында оқып жүрмін. Мектеп кезінен ағам екеумізді де өнерге баулығын Гүлшарат Есетқызы атты ұстазымызға алғысымыз шексіз.

Білуімізше, бұрында мықты спортшы болған көрінесің…

– Мектеп кезінде 7 жыл бойы таэквон-домен шұғылданып, қара белбеу иегері атандым. Корея елінде болған жарыста жүлдемен оралдым, 2006-2007 жылдары жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атандым.

Асылхан Төлепов– «Жаужүрек мыңбаланың» кастингіне қатысқаның жөнінде көп жерден оқып, біліп жүрміз. Ал ағаң Артурдың «киноға інім арқылы түстім» дегенін қалай түсінсек болады?

Көбіне қалжыңмен жауап беріп үйреніп қалған ғой. Расында, Ақан ағаға Ілияс рөліне актер таңдап жатқан тұста:«Ақан аға, менің ағам жақсы актер еді, қарап көріңізші» деп бір ауыз айтқаным бар еді. Артур соны негізге алып айтқаны ғой. Арықарай қатысым болған жоқ, кастингтен өз күшімен өтті.

Түсірілім кезінде Ақан ағаның қатты ұрысқан кезі есіңде ме?

– Жоқ, Ақан аға бұл тұрғыдан алғанда өте сабырлы адам. Тіпті, түсірілім

болған төрт айдың ішінде ұрыспақ түгіл, дауыс көтеріп сөйлегенін де көрмеппін. Одан бөлек, кастинг директоры Жанар Әбдиева, продюсеріміз Әлия Уәлжанова апайлардың да адамгершілігіне таңқалдым. Барлығы актерларды алақандарында ұстады. Ақан аға түсірілім біткен соң күнде кешкісін қайырлы түн тілеп, тіпті таңертең қалай ұйықтап тұрғанымызға дейін сұрап,денсаулығымызға көңіл бөліп, ылғи да көңілімізді аулады.

Бірнеше дубль түсіріп, қатты шаршап, қиналған эпизодың болды ма?

– Ең көп дубль, ары кетсе, жетеу болған екен. Негізінен, шайқастарды түсіру қиын болды. Ол негізінен, техниканың мүмкіншіліктеріне байланысты орын алды. Мысалы, «Алаш» деп айқайлап, барлығымыз жауға қарай шабатын сахна бар. Соны түсіру 15 дубльге дейін барды. Себебі, қателіктің барлығы көпшілік сахнасындағы актерлардың кесірінен болды. Сценарий бойынша мен ең алдында шабуым керек қой, ал көпшілік сахнасындағы ауылда атқа мініп үйреніп қалған жігіттер менен озып кете берді. Шамасы, бәйгеде шауып келе жатырмыз деп ойласа керек(күлді). Одан бөлек, мысалы, мен «Алаш!» деп айқайласам, бірі «Давай!» деп, енді бірі  «Аттан!» деп шапқандар болды. Ең соңғы дубль керемет түсіріліп басталған. Артыма қарап, қуанып, «Алаш!» деп шауып келе жатырмын, ешкім озып кетпеді. Осымен біткен шығар деп қуансам, бір кезде біреуі «Асылха-а-а-ан!» деп айқайламасы бар ма?! Басында дұрыс естімей қалдым ба деп шаба бердім. Сөйтсем, төрт рет қайталады. Артыма дұрыстап қарасам, ағам Артур екен.  Рөлге берілгені сонша, тамағының тамырлары шығып кеткен,  «Сарта-а-а-ай, ананы қара» дейтін сөзін ұмытып,  «Асылха-а-ан ананы қара!» деп күлдірді.

Актер ретінде ауыр тиген сахна – Таймасты байлап қойып, «Қорлан мерт болды» деп айтатын тұсым. Себебі, Қорланға бауыр басып қалғаным сонша, расында да мерт болған сияқты сезініп, қатты қиналдым, сол сөзді айту ауыр соқты.

Ал оңай әрі тез түсірілген эпизод ше?

– Айүрмен жекпе-жегім оңай түсірілді. Негізінен, жекпе-жектерді түсіру қиын ғой…

Туындының  экранға жол тартқанына да біразуақыт болып қалды. Көрермен өзіндік пікірін де қалыптастырып үлгерді. Ішінде сен келіспейтін тұстары бар ма?

– Халықтың «Көшпенділер» мен «Мыңбаланы» салыстырғанымен келіспеймін. Себебі, бұл кинодағы Ақан ағаның мақсатында «Көшпенділерден» асып түсеміз деген ойы болған жоқ. Тіпті, бөлінген қаржысын да салыстыруға келмейді. Біздің киноға әлдеқайда аз ақша кетті. Ол кинода шетелден келген үлкен актерлер ойнады. Ал бізде 99 пайыз қазақтар, басты рөлді жас актерлер ойнады. Ең қуантарлығы, интернеттегі мәліметтерге қарағанда, кейбір қазақ отбасылары жаңа туылған сәбилеріне Сартай деп ат қойыпты.

Осындай үлкен тарихи кинода басты рөлді ойнап шықтың… Ал, жалпы, тарихтан білімің қалай? Мектепте қандай оқушы болып едің?

Мектепте сабағым нашар болды. Себебі, сабақтарға көп қатыса алмай, түрлі қалалардағы жарыстарға жиі барып жүрдім. Мұғалімдер «Төлепов сабақ оқымайды…» деп ренжитін. Алайда, сабаққа көп көңіл бөлмегеніммен, мектебімнің атын спорттағы, өнердегі жетістіктеріммен танытуды мақсат еттім. Жарыстардың барлығына арнайы мектебімнің атынан шықтым. Алайда, ұстаздарым мені бәрібір мүлдем жақтырмады…

Асылхан ТөлеповНеге?

– Сабақтан көп қалғандықтан болар. Тек бір мұғалім ғана сөзімді сөйлеп, «сені неге мұғалімдер жек көреді?!» деп, жаны ашып, қорғаштап жүретін.

Мүмкін спортқа жақын болғасын бұзық болып, өзіңнен кейінгі сыныптарға көп әлімжеттік жасаған шығарсың…

– Жоқ, мен ешқашан өзімнен кішілерге тиісіп көрген емеспін. Үлкендерге болмаса… (күлді)

Сені ұнатпаған апайларың енді мақтанып жүрген болар, «Асылхан менің шәкіртім» деп…

– Мүмкін… Бірақ ол жағы енді мені қызықтырмайды. Себебі, ол кісілерге деген өкпем қарақазандай…

Сабақ оқымасаң кінә өзіңнен де бар ғой… Неге сонша ренжисің?

– Ол кісілер 9-сыныптан кейін тек өздерінің ғана қамын ойлап, мені мектептен қуғандай болды. Бұл жағдайлар өз алдына… Одан бөлек,сыныптастарымның қоштасу кешіне оларды қуантайыншы деп, Жүргеновтегі достарымменарнайы концерттік бағдарлама дайындап барғанымда, тіпті мектепке кіргізбей де қойған… Енді ол мектепке арнайы шақырса да бармаймын деп отырмын…

Түсірілім алаңында болған қызықты оқиға…

– Таймастың өлетін сахнасын түсіріп жатқанбыз. Таймастың басын қолыммен демеп көтеріп тұрып, оны «Таймас, Таймас!» деп жұлқылайтын сахна бар. Ал ол «алдым кегіңді» деп айту керек. Мен оны жұлқылап жатырмын, ол өзінің сөзін айтты. Қарасам, аузының ішінде шыбын ұшып жүр. Қанша қайғылы сахна болса да, шыдамай күліп жібердім. Ол ғана емес, жалпы, түсірілім кезінде масаға әбден «тойдым». Мысалы, «Қазақтар, мына жеңіс біздікі!» деп айғайлайтын тұста кемінде 3-4 маса жұттым. Артынша тездетіп су ішіп жібердім. Қазір де ішімде жүр ғой деймін… (күлді)

– Құдай бетін ары қылсын дейік, егер ел басына күн туа қалған жағдай болса,Сартай батырдың ерлігін қайталай алар ма едің?

– Өз басым, құрғақ, ұранды сөзді ұнатпаймын. Құр ұрандатып жүргендер біздің қоғамда жетіп-артылады. Меніңше, әркім қазақты сүйетінін сөзімен емес, ісімен көрсетуі керек деп ойлаймын. Біріншіден, ел тыныштығы бұзылмасын деп тілеймін. Екіншіден, қиын-қыстау заман туа қалса, әрине,қазақ үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын.

Арманың не?

– Ағылшын тілін үйрену…

Сұхбаттасқан

Айдана  АЛАМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

24 комментария

  1. Айнаш Алдибекова :

    Асылхан өте қарапайым, жаны жайсаң, жомарт жігіт. Достыққа адал,бойына қазақтың бар болмысын жинаған, қазақтың жанған сәулесі. Жұлдызың жоғары болсын, Асылхан досым!

  2. Жансая :

    Калжындаганды жаксы коресин ау озин)Жарайсын актер болып Айнурмен журе бастапсын)не дейин бакытты болындар)

  3. Гаухар Дәулетияр :

    Асылхан, жарайсың!өте әзілқой екенсің(мен сияқты)ағылшын тілін үйретейін бе?

  4. Айжан :

    Мын баланы Кошпендилермен салыстыруы шынында кате себеби Мын балада аз акша болса да сапа,казактын жас актерлери болсада улттык рух бар!!!!

  5. Ардак :

    Асылхан жарайсын, осы қалпынды сақта ұлттық рухың биік болсын! Алла Тағала тіл көзден сақтасын! отініш күнде ұйыктар алдында құраннан сурелер окып жатшы уакыт тауып! Турлі тіл көздерден сақ боласын инша алла! Жетістіктерге жете бер аумин!

  6. Зарина :

    Мен кашанда сизди колдаймын Себеби сиз маган катты унайсыз мен мын баланы коргенде ак сиз,Корлан екеуинизди нагыз актер екендеринизди билгенмим Ширкин менде сиздер сиякты актер болсам деп армандаймын Кудай каласа болармын!

  7. Гулнар :

    Асылхан өте карапаиым,жараисын бүкүл казак журтын жалт караттын,осы калпыннан таима,сонда әлемди озине карататын боласыз Асылхан ага!

  8. Жұмбақ жан :

    Айтарға сөзім жоқ. Тамаша жігіт екенсің!!

  9. Нуржайна :

    Асылхан ага жарайсыз! Мен сизге оте оте ризамын казак жигиттерининин бари осындай пикирде болса гой ширкин! Ал мен сиздин осы карапайайымдылыгынызды катты жаксы коремин! Казак жигитине карай азилинизде жарасымды екен.Мен сизди оз агам ретинде сизди катты силаймын. Ал енди сизге тилер ак тилегим аркашан биринши байлык денсаулык демекши ден саулыгыныз мыкты болып бакытты болыныз! Соз сонындагы тилер тилегим аркашан сиздей журеги Алаш деп соккан азаматтарымыз коп болгай!!!

  10. Strep B Treatment With Amoxicillin Louer Levitra Sans Ordonnance Viagra Amazon cialis American Online Pharmacy Buying Viagra Online

  11. buy daily cialis
    buy generic cialis
    generic cialis soft online
    =http://buywcialisnrx.com/#»>cheap cialis

  12. viagra luxembourg cialis generic
    buy cheap cialis coupon
    cialis pills online
    =http://cialissknrx.com/#»>cialis online

  13. buy tadalafil india
    buy cialis online
    how much is cialis pills shop
    =http://cialisdenrx.com/#»>buy cialis online

  14. viagra panama cialis generic
    buy cialis
    buy cialis
    =http://cialisdenrx.com/#»>cialis

  15. cialis soft online
    buy generic cialis online
    cialis 5mg price prescript
    =http://buycialisgennrx.com/#»>buy generic cialis

  16. order cialis online without a prescription
    cheap cialis
    cialis pills online buy
    =http://buycialisgennrx.com/#»>cialis online

  17. safe cialis pills
    generic cialis online
    what company makes viagra cialis 20mg
    =http://buycialisgennrx.com/#»>cheap cialis

  18. order cialis online canada
    generic cialis online
    cialis online canadian pharmacy
    =http://buycialisgennrx.com/#»>buy generic cialis online

  19. buy tadalafil india cipla
    buy cialis online
    what colour are cialis tablets
    =http://buyhcialisrx.com/#»>buy generic cialis

  20. Domenicviaph :

    You Have Problems in getting the required scores in Ielts,Toefl, Pte, Esol, Toiec, Oet, Gmat, Gre, Nebosh, SAT, ACT, GED, Usmle, Psat, lsat, Celban, FCE, CAE,CPE, BEC, Fle, Tesol,???
    Call for Ielts certificate urgently in Australia, Saudi Arabia, Oman, Lebanon, Qatar, Canada, India, Dubai, Iran, Pakistan, Belarus, Kuwait, Germany, France, Egypt, Russia, Malaysia, UAE, Jordan, Yemen, Iraq, China, Canada, UK, USA, Unripe Zealand,cours bitcoin en temps réel Anywhere… From British ministry or IDP licensed without attractive the test?

  21. Domenicviaph :

    You Suffer with Problems in getting the required scores in Ielts,Toefl, Pte, Esol, Toiec, Oet, Gmat, Gre, Nebosh, SAT, ACT, GED, Usmle, Psat, lsat, Celban, FCE, CAE,CPE, BEC, Fle, Tesol,???
    Call for Ielts certificate urgently in Australia, Saudi Arabia, Oman, Lebanon, Qatar, Canada, India, Dubai, Iran, Pakistan, Belarus, Kuwait, Germany, France, Egypt, Russia, Malaysia, UAE, Jordan, Yemen, Iraq, China, Canada, UK, USA, Uncharted Zealand,cours bitcoin en temps réel Anywhere… From British ministry or IDP licensed without bewitching the test?

  22. MichaelCob :

    Our organisation is expressively connected with many invigilators, British directors materials
    worthless managers and analysis centers, which enables us to register your scores in any ielts
    center here the earth . All our certificates are ingenious and British Body
    certified. If you call for to cours bitcoin btc euros make an interrogation delight press into service here details to contact us.

  23. Domenicviaph :

    You Contain Problems in getting the required scores in Ielts,Toefl, Pte, Esol, Toiec, Oet, Gmat, Gre, Nebosh, SAT, OPERATE, GED, Usmle, Psat, lsat, Celban, FCE, CAE,CPE, BEC, Fle, Tesol,???
    Beggary Ielts certificate urgently in Australia, Saudi Arabia, Oman, Lebanon, Qatar, Canada, India, Dubai, Iran, Pakistan, Belarus, Kuwait, Germany, France, Egypt, Russia, Malaysia, UAE, Jordan, Yemen, Iraq, China, Canada, UK, USA, Further Zealand,cours bitcoin en temps réel Anywhere… From British council or IDP certified without taking the test?

  24. HI one, this is Beau here. We did not scheme on announcing this so primeval, but unfortunately having a town forum on our webpage has opened us up to staunch spamming during the recent two days and week. Without a fulltime team of moderators we were just impotent to stopping-place the knout of spamming and we would to some extent tang it in the bud now. All forums corpse yield to read, but organize been closed to any new posts. Out of commission drop by drop injure to deleting all the spam posts during the coming week.

    Our reasoning since moving to Reddit is we pinch a deliberation built forum where a lot of the quel est le cours du bitcoin Cryptocurrency community already resides, in addition to a slew of anti-spamming tools and features. There is ethical so many benefits to it, that had I be subjected to known in the foremost mortify then I would be struck by able started the forum there.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 + 4 =